Болмай қалған миллионер

2000-шы жылдардың басы еді.

— Апиратыр зәрідите!— Қайсар екі мың теңгелік купюраны екі саусағымен маңғаздана белінде сөмкесі бар жас қызға ұсынды. Оның даусынан өз өмірінің қожайыны екені сезілді.
Біраз уақыт өткен соң, Қайсардың даусы тағы да шықты.
— Апиратыр зәрідите! — Бұл жолы да екі мың теңгенің көк қағазы. Көзі алаудай лаулап, азартқа шопағынан малынған Қайсар бір қолында көпіршіген «Жигули», бір қолында будақтаған «Парламент».
Өстіп күн, кеш, түндер өтіп жататын. Кейде ұтып алған ақшасына Саинаға барып, бел босататыны болмаса, көбіне күннің аяғы былай бітетін. Read more of this post

Өсек тумалардан басталад…

Алдыңғы жазбадағы айлық сұрау жайлы жазып отырып, төмендегі оқиға есіме түсіп кетті. Өсекшілік өзіміздің туған туысқан, тумалардан басталады.

Қайбір жылдары асығым алшысынан түсіп, әжептәуір айлық сыйақым қомақты шығып қарқ боп жүрдім. Бірақ ешкімге тіс жармадым, әке-шешемнен басқа. Сөйтсем, өзімнің әке-шешем бір туысқа айтқан, ол жүрген жерде бәріне мақтаныпты, біздің бала осындай деп.

Бір күні базарда бір ұсақ түйек іздеп жүріп саудаласып жатсам, бір таныс қатын «Е-е-е, сен пәленшенің баласы екі жүз мың айлық аласың ғой, неге саудаласып тұрсың?» – дейді. Қазақ қосып айтады, қосып айтпаса несін айтады дегендей, жыным келсе де, үлкен болған соң, ізеттік білдіріп, «жә-ә айта салған ғой біреу» – деп өте бердім. Арасына он минут түспей, соталы телефон алмақшы боп бір дүкенге келсем, бір қыз : «Ағай, вахтаға қашан?» -дейд. Әй, сен менің атымды қайдан білесің? Жұмысымды ше?- десем. «Ой, Ағай мен сіз туралы бәрін білем дейд» – ішімнен өһ шешессс, ауылда звезда боп кетіппін ғо деп қуана беріп едім, «Бірақ үш шүз мың табатын адамға тым қарапайым киінеді екенсіз» -дейд әлгі ұрғашы мал атаңана.
Ипааать, нақ деп басымды бір қасыдым. Одан құрысын, базары құрысын деп таксиге отырып таяйын деп жатсам, таксист кері бұрылып,»Айына төрт жүз мың табасың, бір айлығыңа мәшине ала салмайсың ба?» -дегенде ық-ық деп күлкіге тұншықтым да қалдым. Әжеңң, шопыр бала, көп бұтақты жеме, мә 200 теңге өз нәпақаңды сана да алға бас…

Уақыт жоқ (қазақша демотивация)

uakytjok

Сержаның бастаған үрдісімен, қазақша демотивациялық посттар жасайық…

Мына пост, ерекше әсер етті. Сондықтан да аударуға тырыстым. Бұл Сержаның бастамасына қостама болсын.

Аса мәнді, мазмұнды деп тапқан шетелдік демотиваторларды локализациялауға ат салысайық.

%d bloggers like this: