Кірпіштер 1.1 немесе "Шоколад алып берші")

Уәде еткенімдей аударманың алғашқы беттерін жария етіп отырмын.

маған шоколад алып бер

Данияр Сүгірәлинов

Кірпіштер

(орысшадан аударған: Асқар Базарбай)

1 бөлім

– Дүкенге кеттің бе-ей, Резвей? Маған шоколад алып берші, – деп сұрады Лида. –Қарын болса ашып барад, түске дейін әлі қанша уақыт бар!

Қараш өзін, бәле неме! Мені орға жығып алып, енді бірдеңе деп өтініш айтады тағы! Немістің әйелдерінің кескіні келіспейді деуші еді, ал Лида Фрайбергер керісінше «жынданған» сұлулықтың иесі еді. Оны өзі де білетін, бірақ ең сорақысы, сонысын барынша пайдаланатын. Read more of this post

%d bloggers like this: