Болмай қалған миллионер

2000-шы жылдардың басы еді.

— Апиратыр зәрідите!— Қайсар екі мың теңгелік купюраны екі саусағымен маңғаздана белінде сөмкесі бар жас қызға ұсынды. Оның даусынан өз өмірінің қожайыны екені сезілді.
Біраз уақыт өткен соң, Қайсардың даусы тағы да шықты.
— Апиратыр зәрідите! — Бұл жолы да екі мың теңгенің көк қағазы. Көзі алаудай лаулап, азартқа шопағынан малынған Қайсар бір қолында көпіршіген «Жигули», бір қолында будақтаған «Парламент».
Өстіп күн, кеш, түндер өтіп жататын. Кейде ұтып алған ақшасына Саинаға барып, бел босататыны болмаса, көбіне күннің аяғы былай бітетін. Read more of this post

Advertisements

Қабылдау

Егер «адам» деген мақұлықтың ішкі-сыртқы-психикалық құрылысына қызықпасаңыз төмендегі жазу да сіз үшін қызық бола қоймасы анық. Келесі бір әзіл ме, киноталдау не оқиға жазғанымды күтуіңізге тура келеді.
Жалпы қызық дүние емес. Жай ағымдағы ойлар.
Адамның санасына, кіші-үлкен әлеуметтік топтардың атмосфералық факторларына, динамикасына,  құбылыстарға айдар таға салатын әдетім бар. Адамның ішінде ұйықтап жатқан түрлі қасиеттер мен потенциалдарды байқасам, адамның организмі – жатқан құпия екендігіне тағы да тәнті боламын. Менің қуанышыма ондай адамдар жиі кездесті.

«Организмі» дегенде мен оның тек денесінің ғана мүмкіндігі емес, санасының және бейсанасының да мүмкіндіктерін де айтамын. Read more of this post

Блоггердің әнұраны: Жаз, жаз, жаз, жа-а-аз!

блогер

***
Ішетұғын «виноңды» жаз,
Көретұғын киноңд жаз,
Мысығыңд жаз, итіңд жаз.
Дамбалдағы битіңд жаз.
Елде жағдай дағдарса,
Жылап өксіп соныңд жаз. Read more of this post

Четвергандрей фон-Марковик : «Ақтөс» феномені

(Болмаған оқиға желісімен)

Жексенбі күні. Ескі мәдениет үйінің залында ине шаншар орын жоқ. Кент әкімі Антуан Шәріп кенттегі барлық мекемелердің бастықтарына бүгін өткізілетін ашық кездесуге түр-түс, ұлт-дініне қарамай белсенді азаматтарды осында жинап әкелуді тапсырған болатын.

Ресми жиналыстан шаршаған халыққа бұл іс-шараның алдағы ешбір сайлауға, партия саясатына қатысы жоқ, ешқандай үгіт-насихат акциясы емес екендігін жеткізуді бұйырды.

Read more of this post

Әдіре-налин


Бұл оқиғаны Насрулла ешуақытта ұмытпайды.

Ол бұл кезде небары 20 жасар кеше ғана университет бітірген жас маман еді. Қолында умаж-умаж «Из рук в руки» газеті, әр жерінде маман іздеген мекемелердің көкпен сызып, қоршап қойған телефондары …
Түсініксіз бір колледждің, түсініксіз факультетіне жаңа ғана мұғалім болып, 7 мың теңге айлық жалақыға тұрған кезі. Соның 4000 теңгесіне жаңа жұмысын әріптестеріне жуып жатқан еді. Read more of this post

Құпия білім

52000 жыл бұрын.

—Ойбай, ау, сиқыршы Иңуа, мен билікке талассам, қара қариялар кеңесі не дейд? Көсемге қастандық жасасам , бүкіл Змубду халқы мені тас атқылап, Айхуаға батырады ғой!!

— Сен қара қариялар кеңесінің бар айтқанын жасайтын боласың, бой десе бойың, ой десе ойың бар. Сөзге де шешенсің. Read more of this post

Үміті үзілмейтін Ібіліс


«Вот, Я посылаю вас, как овец среди волков: итак будьте мудры, как змии, и просты, как голуби»

(Евангелие от Матф.10:16).

Қабдыжәлел жезөкшелікті заңдастыруға қарсы еді. Мүлде қарсы еді. Ол не деген сұмдық? Қарындастарымыз! Қаракөздерімізді қалай бүйтіп…! Жоқ! Абылайдың кезінде мұндай сұмдық болмаған! Мұны құртқан Еуропа! Батыс! Қарғыс атқыр батыс!

Осындай ойлар үзілді кесілді қырық қатпар бетін жүйкесі тозған есалаңдарша тыржың тыржың еткіздірді.

Өзі сол көшеден өте бере көзі бір сұлуға түсті…

—Жұмыс жасаймыз ағашка. Read more of this post

Өзіңмен өзің сөйлесу

Саны екеуден кем адамдардың өзді-өзі сыбдырласып сөйлесуіне көптеген себептер мен жағдайлар әсер болуы мүмкін.

КӨШЕДЕ

—»Блютуз» қосып, «хэндз-фри» гарнитурасы арқылы құлағына бір бәлені қыстырып алып, әлдебіреумен сөйлесіп келе жатқан адам, техникадан мақұрым мамбетке өзімен өзі сөйлесіп келе жатқандай көрінуі мүмкін. Read more of this post

Саудагер 2: Қанды кек

Өрімталдың «Саудагер» деп аталатын кейінгі мақаласы есіме басымнан өткен бір жайды түсіріп жіберді.

Алматыда жұмыс істеп жүрген кезім. Жұмыстан өте кеш шығып, тоңазытқышты ашсам дым жоқ. Дүкендердің барлығы жабық болған соң асқазаным ұлып, жақын маңдағы 24 сағаттық дүңгіршекке беттедім.
Барсам, есігі ашық. Қуанып кетіп ішке кірсем, «Есеп айырысып жатырмыз, ештеңе сатпаймыз!» – дейді. Read more of this post

Анаға тілек

Сол баяғы ескі күнделігімен копипасталап отырмын.

***
Қызық екен көз жүгіртсең дүние-фәни,
Кеше ғана іңгәлаған балаң сәби, Read more of this post

%d bloggers like this: