Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?

сурет: http://ashimin.ru

Нарықтық заманда, әлденені біреуге ақша беріп жасатып, адамдарға потребляттық көзқарас қалыптастырып алған жоқпыз ба осы? Біреуге өтініш айтып отырып, ол құдды маған қарыз сияқты, дікеңдеп «Менің пәленшемді келіп жөндеп бер» деп айтуға қанша жерден дөрекі болсам да,  тәрбием жібермейді. Мүмкін оңтүстіктің лыпылдақ варианты дерсіңдер. Өзім де біреудің «әй» жоқ, «шәй» жоқ түн ішінде амандық сұрамастан қара басының шаруасын айта жөнелгенін жақтырмаймын.  Тіпті басынан сөз асырмайтын, намысқой жапон халқының өзі де қонаққа иіліп, кішіпейілдігін көрсетеді емес пе? Жапондардың бұл тірлігі батыс әлемі үшін таңсық, экзотика іспеттес болса да, өздері үшін қанына сіңген мәдениет. Read more of this post

Тұмар қалай көмектеседі?!

тұмар

Бойтұмардың (Талисман, амулет, апотропей, оберег) қай дін, сенім-наным болмасын, бәле жәледен, сәтсіздіктен, көз бен тілден сақтайтын, қуат беретін күші бар деп сенеміз. Алайда, шын мәнінде бір қағаз, біртүйір мал сиіп тастаған топырақ, не тасбақаның боғы ешқандай күшке ие емес. Read more of this post

Балуан Шолақ 816 кг-ды көтерді дегенге сенесіз бе?

Бұл күнде 35-те менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Залог сап жетпіс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын…

Депті палуанның өзі, бірақ Read more of this post

Блогың танымал болсын десең немесе СЕО-ның да шегі бар

Рейтинг жинаудың төмендегіден бөлек түрлі әдісі бар. Бірақ рейтинг сыйлы болуды білдірмейтіні жаман да.
Кейбіреулер рейтинг үшін «Джеки Чанды қаза таптырып» жіберуден тайынбайды, ал кейбіреулерінің қолынан ол да келмейді. Сол кезде көмекке не келеді? Read more of this post

Наурыз көженің құрамы; Қала мен дала

Sheshesse (c) Қисық

Қала:

— Зоя, блин я даже незнаю как это делается, а соль за ингредиент считается?
— Ғоспади, посмотри в интернете, там точно рецепт должен быть!
— Вот дура я, че-то не подумала даже.
Read more of this post

Четвергандрей фон-Марковик : «Ақтөс» феномені

(Болмаған оқиға желісімен)

Жексенбі күні. Ескі мәдениет үйінің залында ине шаншар орын жоқ. Кент әкімі Антуан Шәріп кенттегі барлық мекемелердің бастықтарына бүгін өткізілетін ашық кездесуге түр-түс, ұлт-дініне қарамай белсенді азаматтарды осында жинап әкелуді тапсырған болатын.

Ресми жиналыстан шаршаған халыққа бұл іс-шараның алдағы ешбір сайлауға, партия саясатына қатысы жоқ, ешқандай үгіт-насихат акциясы емес екендігін жеткізуді бұйырды.

Read more of this post

Советтік балғын шақтан қалған комплекстер…

школа

Мен сабақты 6 сыныпқа дейін орташа оқыдым. Қазақтар бас ал десе шаш алады. Баяғы Сәбет Өкіметі орыстардың билігінде болса да, қазақтар орыстардан бетер асырып тұрып бағынатын соның ережелеріне.
Орыс мектебінде ең басты назар білімге бөлініп жатқанда, бізде ең басты назар балаларды «авторитарлы Сталиндік режиммен басып» ұстауға бағытталған болатын.
Бәрімізді үшінші сыныпқа дейін тақырбас қып қоятын. Әкем хат жазып, «баламның басындағы биттерге дәрігер ретінде өзім жауап берем» — деп индивидуалдығыма сәл де болса үлес қосты.  Бесінші сыныпқа дейін шеренгамен шагайттап, жақсы оқитындарды алдына отырғызып, үшке оқитындарды кемсітіп, қатты алалайтын. Read more of this post

Асқар Жұмаділдаев

Асқар Жұмаділдаевтің бір сұхбатының жарияланған датасын көріп, көзіме жас келді. Әкемнің қайтқан күні жарияланған екен. Әкем атымды қолжетімсіз биіктерге ұмтылсын деп, қойса керек.
Асқар аға, өзіңіздің есіміңізді арқалап жүргенімді ырым тұтамын. Менің ғана емес ау, талай көпшілікте пікір айтамын деп «жексұрын» болған қазақтың ойындағысын сіз айтыпсыз. Жерлесіңізбін, бас көшелеріміздегі жымиыңқы суреттеріңіз жүрек жылытады, сенімділік оятады.

Сіз сол сұхбатыңызда қазақтың дамуына, қазақтың әлемде мойындалуына кедергі болар қасиеттерді жақсы суреттедіңіз. Read more of this post

Оппозиция және профессионализм жайлы

Төмендегінің барлығы автордың жеке өз пікірі. Ұйқыдан тұра сала жазылғандықтан, сандыраққа ұқсауы да мүмкін.

Қазақ тілді тілшілер арасында көбіне мәңгі тақырыптарды қозғайтындары басым. Әсіресе парақтық басылымдарда нақты ақпараттан көрі, мыжыма демагогияға берілгіш. Оппозициялық газеттер тіпті қаралаудан басқаны білмейді. Көбінің шешкен мәселесінен бұрын, тудырған кикілжіңі мен араздығы көп сияқты көрінеді. Read more of this post

Әткеншекті қай жағынан итерсең де шайқалады немесе кейбір боққа тұрғысыз мәселелердің қоғамда резонанс тудыруы

Нақты білмеймін қазір қанша,

Пайызы санасыздардың,

Бірақ құлақ пен көзге сенсек,

Көп екен ғой бұларың… (Виктор Цой)

 

Бұл мәселенің, тіпті атын атауға жиіркеніп отырмын. Қалай болғанда да ол дүниені «қазаққа тән емес!» деп даттаушылар да,» қазақтың төл дүниесі» деп жақтаушылар да қалай адасқандарын білмейді. Бәлкім басқа ұлт алдында әлемге мардымды ешнәрсе алып келмеді деп қынжылғанынан кез келген қазақи бренд дегенге қуанатын адамдардың мұқтаждығы шығар, бәлкім халық қабағын түйіп, қасқайып жүруден шаршаған шығар, бірақ осы дүниені құп көретіндер көп. Құп көрмейтіндер де аз емес. Read more of this post

%d bloggers like this: