Киноталдау – Кристофер Ноланның «Бастамасы» /»Начало» /

Ұйқтасам, өңім екен (с) @satibaldi

2010-жылы шыққан «Бастама» /Inception/ фильмін жуырда ғана қарадым.
Спецәсерлері үйлесімді, мықты. Сюжеті бұралаңқы, күмән күдік дәмдеуіштері қосылған, көзі тірі біртуар генийлердің бірі ұлы композитор Ганс Циммердің керемет дыбысты композицияларымен әрленген, былай қарасаң қай жағынан да жан жағы жұмыр сәтті шыққан ғылыми фантастика. Көбіміз Дикаприоның драматикалық диалогтар («Ромео мен Джульета») мен көзіне жас алып сөйлейтін көріністерді қатырып ойнайтынын «Титаник»,»Өзгерістер соқпағы» фильмдерінен хабардармыз, және реті келсе сабырдан аттап айғайлап жіберетін есерсоқ азарттылығын да сол баяғы «Өзгерістер соқпағы» мен «Авиатордан» көрдік.
Бұл жерде де Дикаприо драмматикалық рөлін өз деңгейінде ойнай білді. Сюжеттік қатары шытырман, қызықты, алғашында күрделі көрінгенімен біртіндеп кейіпкерлермен бірге хикаяның қыр сырларына қанып, түстің терең әлеміне бойлағандай әсерде боласың. Read more of this post

Advertisements

Арқаңды қоздыратын кино үзінділер хитпарады

Адам деген нәзік нәрсе ғой, шіркін. Мойыннан алмаспен бір сипасаң қата қалады, хехесс..Жә, қара әзілді қойшы. Қандай мықты болсаң да, сағың сырқырап, сынуға шақ қалған кездер болады. Тұз-Қант-Тұз-Қант -Өлім.
Бірақ қиыншылықта бірден өлім туралы ойлап, өзіңді өзің аяп, мұрныңның боғын жеңіңе жағып сорың қайнап, сормаңдай күйге түсетін кездерде де ішіңде бір жігердің нышаны қалғаны жақсы. Мейлің еркек бол, мейлің әйел бол қайғыдан қажып, берекесіз тірліктен тәлтіректеп қалған кездері кейде біреудің бір ауыз сөзі алға басуға жігер беретіні бар ғой.

Ұзын сөздің қысқасы, арқа қоздыратын фильмдерден үзінділермен бөліскім келеді.
Аудармасы астында. Субтитра қоса алмадым. Айыпқа бұйырмаңыз. Өздеріңізге ұнайтын сондай фильмдер болса бөлісе отырыңыздар. Read more of this post

Қай «Құлынбие пикчерз» ақшасын далаға шашуға құлықты?

(16 Kb, 314x209)

Менің түсінігімше, кино индустрияға біз тым көп мін тағамыз. Сыншыл болған дұрыс, бірақ бәрі бірыңғай жаман бола бермейді. Сондықтан, сынап отырған обьектінің жақсы жақтарын да атап өтсек әділ болар еді.  «Біздің ішкі рыногіміз кішкентай» деген шындықты үлкен-кішілі кәсіпкерлердің көп қайталайтыны соншалық, Read more of this post

Миғұлалар билігі

Адамзат эволюциясы бір топ орташаның ішінен бөлініп шыққан үздіктерді сұрыптау арқылы, қоғамымызды бүгінгі дамыған күйіне жеткізді. Ғалымдар осыған қарап, болашақта адамдар жаңа сатыға өтіп, керемет мүмкіндіктерге қол жеткізеді деген заңды болжам жасаған болатын. Бірақ бәрі соншалықты қарапайым емес екен. Эволюциялық даму үшін кейде адам санасының өсуінің тежелгені дұрыс екен.

Read more of this post

АВАТАР: альтернатив сценарий немесе Нааху тілінің жанашырлары

Pics.kz

Амдора елінің Нааху тайпасы жайлы біразымыз естісек те, олардың тіл мәселесінен хабарымыз аз екен. Жуырда Құлақжеген ауданынан  шыққан Тайсон атты  тақыр кедей журнализге  «SOR-OSY Бұтақтан» Қоғамдық Қоры Амдораға  барып келуге 400 тугрик бөліп, байғұстың Сатурнын терісінен тудырады.

Нахаляву барып қайтуға келіскен Тайсонның сөзіне сенсек, Нааху тайпасының тілінің байлығының сыры мынада екен:

Ежелден киелі саналатын Херамун жазықтығында өсіп жатқан ниибаца үлкен Эйбля ағашының тіндерінде пәлен ғасырлық филологиялық херағат сақталған. Кез келген Нааху жігіті Эйбля ағашының бұтағына отырса, Цзахуйлунг орнатылып (бізше байланыс) бүкіл тіл туралы  шексіз мәліметке қол жеткізеді екен. Read more of this post

Әлемді қазақша «сөйлетеміз» бе?

2ktv

Ахмет Байтұрсыновтар «бисмилласын» бастаған батыстың әдеби сығындысын аударушылардан халқымыз кенде емес. Сөйте тұра, ауыз толтырып, бүкіл әлем әдебиетінің флагманы есептелетін туындылардың тәржімаларын көптеп  таба алмаймыз. Орыс тілінің кеше шыққан шетел газетін бүгін аударып, бастыртып әкелетін аудармашылары мен баспасының қарқынымен салыстыруға келмейді!

Әдеби көрнекі аударма жасау әрі қиын, әрі бізде аса бағалана бермейтін іс. Тіпті кейбіреулер ағылшыннан аударса да, орысшадан аударуға жиренетін секілді. Дегенмен, түпнұсқадан оқитындар орысша, ағылшынша, жапонша оқып алып жүре берсе, қазақ тілін ғана білетіндер шетел классикасына қолы жете бермейді, барына базар, жоққа сот та жоқ. Сондықтан, көпшілік «оқы, оқы және оқы…оқымасаң маған «поқы» деген ұстанымда. Read more of this post

2010-жылдан күтетін фильміңіз қандай?

Фильмдердің пиаршылары екі үш жыл бұрын, типі нақ байқамай жасырын ақпарат бұқараға шығып кеткендей боп, шу шығарады. Меніңше, бұл үлкен пиар науқанның бір бөлігі. Сосын, жүргені халықтың, «Ойбай, пәленше түгеншені түсіргелі жатыр, басты рөлге Мырқымбайды таңдап қойыпты, Read more of this post

«АВАТАР» фильмін талдау немесе Пандора – сұм сұлулық мекені!

«Д*хейлунг!» (с) «Аватар» (2009)


Рецензия жазайын дегем, бірақ бұл фильмге рецензия жазуды субьективті түрде күпірлік деп түйдім. Оның үстіне мәртебелі маэстро Камерон ауызбен айтып, қаламмен жазып жеткізер фильмдерді түсірмейтініне тағы да көзім жетті. Десем де, бір-екі ауыз айтып өтейін. beauty Read more of this post

Алматыны қиратқан дизайнерлер

постер6Біздің дизайнерлерге американ фильмдерінің ізімен постер жасау үрдіске айналған секілді.

Таяуда қазнеттің орыстілді ресурстары designer.kz  сайты ұйымдастырған «Алматы- 2012»  Үздік Постер сайысы Қазақстандық орыстілді ресурстарды бір сілкінткен-ді.

Қараша айында Designer.Kz жариялаған жаңа шығармашылық сайыста аты шулы Р. Эммерихтің – «2012» фильмінен шабыт алған дизайнерлер өз жұмыстарын көп күттіртпеді. Бір ай ішінде төмендегідей постерлердің бірталайы қазылар талқысына берілді (Ең соңында жеңімпаз орналасқан,  бірақ маған 4-ші постер де қатты ұнады). Read more of this post

«Миллиард евролық билет?!» (Киноталдау)

«Жер бедері есесін қайтаруда«

Кеше Целинный кинотеатрында 2012 фильмін армансыз рахаттанып отырып көрдім.
2012-киноталдау
1) – спецэффекттер жағынан «Титаник», «Послезавтра», «Армагеддон», «Матрица», «Терминатор 4», «Дрожь Земли» деген киноларды шырамыттым, бірақ олардың барлығы 2012-фильмінің шаңына да ілесе алмады.
Әрбір эффект егжей тегжейіне шейін ойластырылған, және өте масштабты жасалған.

250 миллионның қайда жұмсалған деген сұрақ туындамайды.
Театрдың жалпақ экранынан көрсеңіз, толық қанағат кепілденген.

2) Сюжет ағымы тым күрделі емес, бірақ оның ішіне «Война Миров» киносындағы ажырасқан екі балалы жанұясы мен өгей әкелерінің Read more of this post

%d bloggers like this: