Спагетти Болонез (Ет соусы)

Керекинфода кіл еркектер СМАК  эстафетасын бастаған болатынбыз. Мынау бөліскен рецептім.

Уақыттарын, граммдарын дәлме дәл білмеймін, біздікі на глаз.
Кастрөлге:

200 грам томат пастасы.
Жарты кило сиырдың фаршы
Екі-үш үлкен қасық кетчуп,
Сосын
4-5 сәбіз
Екі-үш бас пияз
(Төрт-Бес түйір сарымсақ)
Барлығын майдалап турап саламыз.

Сөйтіп үстіне 300 грам суық су құйып қақпағын ашып, төмен отқа қойып қайнатамыз.
Фарш үлкен түйнек боп ұйып қалмас үшін, оны ажыратып, қасықпен ара-тұра араластырып тұрамыз. Су буланған соң, қоймалжың қызыл (томаттан) масса болады. Сол қою қызыл соустың ішінде ет әбден қайнап піскенше араластырып, құрғап, асты жабысып қалуға сәл қалғанда отты өшіріп, қақпағын жауып қоямыз. Тұзды керегіңше саласың.

Ет соустың ішінде пісіп жатқанда, Басқа кастрөлге өзіңе керек мөлшерде вермишель, лапша қайнатып аласың.

Екеу де дайын болғанда, тайпақ тарелкеге вермишель салып, үстіне соусқа піскен етті сала қоясың. Болонез дайын.
Қажет болса үстіне суреттегідей сырды майдалап турап жіберсең болады.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: