Блогың танымал болсын десең немесе СЕО-ның да шегі бар

Рейтинг жинаудың төмендегіден бөлек түрлі әдісі бар. Бірақ рейтинг сыйлы болуды білдірмейтіні жаман да.
Кейбіреулер рейтинг үшін «Джеки Чанды қаза таптырып» жіберуден тайынбайды, ал кейбіреулерінің қолынан ол да келмейді. Сол кезде көмекке не келеді?
Дұрыс. СЕО-оптимизация. Оның қулықтарымен орташа қазақ блогері, гуглға «Как раскрутить свой блог» деген сияқты сұрақтарды теру арқылы танысады.
Әдетте, алғаш шыққан мақалалар «тақырыптарды қою қылып жаз, пәленшені ирек қылып жаз, неғұрлым көп ілмек қос» деген сияқты бір қарағанда орынды кеңестер береді.
Бірақ оған қазекең қанағаттана ма?
Арманындағы рейтингті уқалап, мықты эррекция жағдайына жеткізу мақсатында қазекем танымалдандыруға қатысты бүкіл керекті, керексіз, қажетті, қажетсіз ақпараттың барлығын сіңіріп алады.
Сөйтеді де мазмұны әлсіз жазбаларын «светофор» қылады. Бір-екі кілтсөзді қарайтып, негізгі сөздердің астын сызып, аса маңызды нәрселерді “қызартып” қойса бір жөн ғой.
Жоқ біздің қазекең бас ал десе шаш алып, контентті қызықты, қажетті, пайдалы не тым болмаса күлкілі қылудың орнына, “Әбілдің” деген бір сөздің “Ә”-сін қызылмен, «Б» -сын қоңырмен жазып, бастауыш сынып оқушысының сурет дәптеріндей қызыл-ала қан қылады.
Кейбір блоқшылардың «ойбай қызық» деген (өзіне өзі берген бағасы) айдармен белгілеген жазбаларын көзім шалып, оқи қояйын десем, астапыралла СЕО-сідігі бетіне шыққан жазбалар. Қызыл-жасыл жазбаларды оқып отырып, реалда хоббиіңді сұраған біреуге «блогер едім» деуге ұялып кетеді екенсің.

Ия оптимизациялық қулықтарды қолданған әбден дұрыс. Бірақ айнайлайындар-ау, сіздер бес жасар балаларға жазып отырған жоқсыңдар ғой, неге оқырмандарыңды ақымақ көресіңдер? Тігісін шошайтпай жазсаңдар нетті?
Блогты танымал қылудың ең сыйлы жолы, өз ойыңмен қоса, көрген білгеніңмен шынайы бөлісу, оқырманды алдап соғуға тырыспау, Ерлан Оспанның аудиториясын алдамақ болған мұғалім туралы жазбасын оқып алыңыз, нақа болмаса рейтингтің әкесін аузы, өзіңіздің сүйкті тақырыбыңызды жазыңыз. Оқырмандар аз болса да, сізге адал болады.

cурет: nlradio.net

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

3 Responses to Блогың танымал болсын десең немесе СЕО-ның да шегі бар

  1. Өркен says:

    Дұрыс рекомендация болды

    Ұнады

  2. zhazular says:

    мықты айттың! Ескерейік….

    Ұнады

  3. zhazular says:

    дұрысы “ескереміз”

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: