Блоггердің әнұраны: Жаз, жаз, жаз, жа-а-аз!

блогер

***
Ішетұғын “виноңды” жаз,
Көретұғын киноңд жаз,
Мысығыңд жаз, итіңд жаз.
Дамбалдағы битіңд жаз.
Елде жағдай дағдарса,
Жылап өксіп соныңд жаз.

Баспана алдың, оныңд жаз,
Костюм, көйлек, тоныңд жаз,
Жазарға түк таппасаң,
Құсығыңд жаз, боғыңд жаз

Жаз, жаз, жаз, жаз, жа-а-аз!

Долларыңд жаз, теңгеңд жаз
Бажаңды жаз, жеңгеңд жаз,
“Жалқаусың” деп кейитін,
Шешеңді жаз, енеңд жаз.

Алтын толған кеніңд жаз,
Айдын шалқар көліңд жаз,
Дамымаған еліңд жаз.
Қой жаятын жеріңд жаз,

Қаймағыңд жаз, сүтің жаз.
“Пиар ғой” деп бұтыңды жаз,
Жаз, жаз, жаз, жа-а-аз!

Тұқым болар малың жаз.
Жағып қалса біреуге,
Ұйқыда көрген түсіңд жаз,
Түні бойы көз ілмей,
Әрбір атқан күніңд жаз

Тайпаңды жаз, руыңды жаз
Мазақ болған туыңд жаз.
Шампун, сабын, ол қалса,
Қолтыққа себер суыңды жаз,
Жаз, жаз, жаз, жаз, жа-а-аз!

Жаз, жарасса, жаза бер,
Бар қызыққа бата бер.
Нәски-шұлық кепкенше
Ық-ық күліп қата бер.

Мониторға қадалып
Креслоңда бұралып,
Көт көтермей жаза бер,
Отырған жерде омалып.

Ұрпақ үшін керек деп,
Гуглды алып қаза бер.
Жапон жақты су алса,
Блогыңд аш та жаза бер.

Жаз, жаз, жаз, жаз, жа-а-аз!

Картошкаң жаз, наныңд жаз,
Ауылдағы шаңыңды жаз,
Журнал сенен ұрласа,
Цензураны бұзып жаз,
Газет сенің күндесің,
Алдын орап, озып жаз!

Секретардың санын жаз,
Ұятсыздың арын жаз,
Рейтингім деп бәрін жаз,
Барын жазып біткен соң-е-е-е-й, қазағым,
Қолтығыңның жүнін жаз!
Жаз, жаз, жаз, жаз, жа-а-аз!

сурет: 1.bp.blogspot.com

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

4 Responses to Блоггердің әнұраны: Жаз, жаз, жаз, жа-а-аз!

  1. Өркен says:

    Мықты! Дау жоқ!

    Ұнады

  2. Garfield says:

    шынында жақсы ұйқас!

    Ұнады

  3. Тәржіман says:

    мынауыңыз ХИТ болайын деп тұр! мұның музыкасын да Джаз стилінде жасау қажет енді ))

    Ұнады

  4. balzhan says:

    жоқ джаз емес реп

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: