Мақтанудың ашық және жасырын тәсілдері

мақтаншақ

Шейх Абу-Али Ибн Молла өзіне күміс жалатылған Боинг -747 сатып алыпты.

А зато менікі 36 см… Ол тек жуандығы ғана.

Жалпы мақтану деген не? Және ол сүйкімсіз қасиет пе?

Мақтаншақтық түр-түс, тәрбиесіне қатысссыз барлық бүлдіршіндерге тән қасиет. Демек әр ересек адам уақыт өте оны жасырудың, сыпайылап жеткізудің амалын жүре келе үйренеді немесе ондай амалдарды қажетсінбей, турасынан мақтанады.

Мақтана білу өнерінің мықтылығы өзгелерді өзіңнің тамаша қасиеттерің мен сұмдық адамгершілігің туралы ойландырып қойып, өзіңе тағылатын “мақтаншақ” деген айдардан аман қалу қасиетімен өлшенеді… Өзіңіз ойлап қараңызшы, тумысынан эгоисттау келетін пендені өзінің болмысы жайлы бір сәт ұмытып, өзіңнің керемет екендігің туралы ойландырып қою оңай шаруа емес, бірақ тырыссаңыз, әлбұтта бағынбайтын белес жоқ.

Өзін өзгелерден бақыттырақ екенін көрсету, немесе керісінше, қаншалықты бақытсыз болса да, қиындыққа мойымайтындығын көрсету, біреуден күштірек, біреуден ақылдырақ, біреуден пысығырақ екендігін көрсетуге тырысу біреуді өрге, біреуді көрге жетелейтін қасиеттердің бірі…
Бұл кәдімгі қасиет. Жақсы да емес, жаман да емес. Тек сөз жүзінде қала беретін және шексіз мақтаныштың ғана ешкімге пайдасы жоқ.

  • Ал адамның таланты мен оның басқа жағымды қасиеттері көп болса, мақтаншақтықты көбіне еркелікке балап, қоғам кешіріммен қарайды.
    Мысалға дейік, Мухаммед Али Бокс ғана емес, жалпы кәсіпқой спорт тарихында әлемге аңыз болған адам. Ол ешуақытта кішіпейіл, момын болмаған… Алайда кезінде оның осы қасиетін харизмаға балаған қауым, қартайған шалдың “Менсіз Бокс, бокс емес” деген сыңайлы сөздерін “алжыған шалдың сандырағы” деп есептейді.
  • Мақтанудың жасырын түрлері де бар. Мәселен:
  • * Чак Паланик деген жазушы бір жазбасында мынадай мысал келтіреді: Бір қыз “болашақты көре білем” дейді міс. Және сол қасиетінен қанша зардап шексе де, құтыла алмай, сәуегейлігі маңдайына сор боп жүр-міс. Әрине әлемдегі адам саны 7- миллиардқа жақындап жығылатын заманда өзіңе назар аударта білу қиын. Сол кезде осындай елден еректің “сорлы” күйін танытатын әдістер де іске жарап қалады.
    * Тағы бір ағамыз “Үйімде әруақ бар” дейді. Ақкөңіл қарт Патриктің елмен араласқысы келетіні соншалық, қарым-қатынасты аңсаған кезде, досына телефон соғып, төменде айғай шу естігенін баяндайтын. Сол айғай шыққан жақа мылтығын алып түсетінін, егер сол кеткеннен мол кетсе, 10 минуттан кейін полиция шақыра берсе болатынын бейнебір өлімге бас тіккен батырлар үнімен айтатын.
  • * Бұдан басқа көптеген жасырын, мақтану әдістері бар.
    Мәселен кейбір қыздар “Осы жігіттердің менің декольтеме үңіліп қарайтыны жыныма тиеді! — дейді. Бұдан сіз ол қыздың өзінің декольтесіне қаратқысы келетінін, оның омырауының үлкен, әрі әдемі екеніне назарыңызды аудартқысы келгенін байқасаңыз болады. Дереу комплимент айтыңыз. Әйтпесе, сіздің “Әрине, бәрібір салбырап қалатын емшек қой, соған неге қызыға береді екен ей” деген аса фәлсафалық мәні бар коментіңізді кешірмеуі де мүмкін.
  • * Қыздар қауымының тағы бір сүйікті мақтану әдісі ол, өзін өзі жамандау. «Негізі менің мінезім жаман! Мен сондай эгоистпін бар ғой! Менің болашақ күйеумнің жолы болмады негізі», — Егер фрейдтік мәнермен қазбалай жөнелсек, бұдан не байқаймыз? Біріншіден, оған жігіттер қарайды, демек назарға тоқпын деп тұр, сонымен қатар жігіттер оның тәлпіштігі мен бетпақтығын жиі көтеретінін айтып тұр, ал ондайды тек өзіне ес-түссіз ғашықтықтан құса болған голодняк аңсарлар ғана көтереді. Ондайлар жиі кездесетіндіктен, ол қыз өзіне көкбет болуға, бетіне анализі шыққан долы мінез көрсетуге ерік беруді әдетке айналдырғандығын көрсетеді, немесе көрсеткісі келеді.

Немесе мінезінен басқа жағы, жекелеп алғанда бет-әлпет сұлулығы жағынан бәрі тамаша екендігін меңзегісі келеді, яғни жігіттерге ұнау үшін оған “ибалы, инабатты қыз” болып көрінуге еш мұқтаждық жоқ. Көзін қысса болды, жігіттер еріп кете беретін сұлулық иесімін-типі.
Осы сәтте сіз ол қызға: Қойшы-ей, мінезің тым жақсы ғой. Тек аяғың сәл түзулеу, мұрның қысқалау, және арықтау болғаныңда тіпті теңдессіз болар едің! – деп айтып көрші.
Әпсәтте, кішкентай долы қыз қалай үлкен жалмауыз қатынға айнала білетіндігіне тәнті боласың. Егер тым тәрбиелі қыз болса: “Комплиментіңізге рахмет!” -деп бұртиып қалады.

Шындығында, бұндай қыз нәп-нәзік қой аузынан шөп алмайтын қыз болуы мүмкін. Тек сенің оны пайдаланып кетуіңнен қорғаншақтанғаны. Жарайды, мен қыздардың психологиясына тереңдеп, әдетімше лағып кетпей тұрғанда жасырын мақтанудың келесі бір нұсқасын келтірейін.

  • * «Мен сондай жалқаумын! -деген сөйлем де тағы бір мақтану әдісі болуы мүмкін. Былай қарасаң, кемшілігін айтып тұр. Рас да шығар. Бірақ жалқаулық жаман қасиет емес. Әлемдегі барлық игі дүниелер — адамның жалқаулығы мен оңай жол іздеуге талыпынысының нәтижесі.
    * Жігерсіздік пен жалқаулық екі түрлі ұғым. Егер жалқаулық мақсатыңа жетуге кедергі болса, бұл жігерсіздік. Ал “жігерсіз омыртқасыз былжырақпын! деп айтқан адамды көрдіңіз бе? Осындай жиіркенішті қасиетін мойындауға әркімнің дәті бара бермейді.
  • * Кеттік әрі қарай, тағы не? А-а, «Мен шыдамсызбын». Демек бұл адам өзіне керектің бәрін тап осы жерде, тап қазір алуға үйренген. Яғни дәрежесі басқалардан жоғары. Жағымсыз кезекте төзімділік танытып, сүмірейіп күтіп тұру сорлының тірлігі емес пе? – деген астар жатқандай…
  • * Қысқасы, пенде болғандықтан, өзі туралы айтылған “кемшілікті” мойындаудың барлығында сәл де болса мақтаныштың қыры білінеді.
  • Себебі тек өзгелер ғана сені бар ынтасымен, шын жүректен сынай алады.
    Жалпы әртүрлі адамдардан : “Мен сондай сұмыраймын”, “Мен сондай өзімшілмін!”, менің бір кемшілігім “өтірік айта алмаймын”, “бәрін бетке айтып тастайтыным жаман осы менің”, “кешіре алмайтыным үшін өзімді жек көремін”, “мен сондай тұрақсызбын, соныма жыным келеді”, “мен сондай тез зеріккішпін”, менің бір жаман қасиетім “ақшаны бетіне қарамай жұмсаймын” …
  • Ал қорқақтық ше? Жарайды… әйелдер “Мен сондай қорқақпын” деп айта алады. Ал өзінің қорқақ, ез, өтірікші екенін мойындаған еркекті елестетіп көріңізші? Қаншалықты жиі көресіз ондайды?
    Керісінше, өзін “мачо” қылып көрсететін “чамолардың” саны қаншама?
  • Немесе қандай қыз жігітпен танысқанда, кемшілігің бар ма деп сұрасаң, “Ия, аздап қолтығым сасиды” деп мойындайды??
  • Қандай жігіт, “Арақ ішсем, малдан жаман боп кететінім бар” деп мойындайды?
  • Өзінің артын өзі ашып, «Мен сондай нас, надан, арамтамақпын, дүниеде екі нәрсені жақсы көрем: кінәсіз жануарларды өлтіргенді, және өзімнің сондай жексұрын екендігімді жақсы көрем!» деп өзін жер қылатын ұятты шындықты айтуға кім мүдделі??
  • * Қай қыз өзінің салақтығы мен талғамсыз киінетіндігін мойындайды?
  • *Қай бойжеткен құрбыларына өлердей қызғанышы бар екендігін, және жабысқақ, зеріктіргіш, үйден шықпай дым көрмеген топас екендігін мойындайды?
  • Еш бір! Ешқашан!
  • Бұндай заттарды тіпті өзіңе сыбырлап мойындаудың өзі қиын. Тіпті мүмкін болғанның өзінде бұндай мойындаулар өткен шақта айтылады.
    * Мысалға, “мен әлжуаз едім, қазір сұмдық боп кеттім”. Немесе, “кезінде үйден шықпайтын сүмелек едім, қазір шындыққа көзім жетіп, пәлендей боп кеттім”. қырт-та-сырт.
  • Тіпті былай дер едім, өзіңнің күнәхар екендігіңді мойындау, кішігірім жиіркенішті әдетіңді мойындаудан оңай.
  • Жалпы, өзіңіз жайлы жақсы нәрсе айтасыз ба, жаман нәрсе айтасыз ба — оны пашта көңіліңіз біледі ғой. Бірақ бұл әрекетіңіздің біріншісі де, екіншісі де сіз туралы басқа кісілердің айтқанындай әсердің жүзден бір бөлігін де тудыра алмайды.
  • * Айтпақшы, ұмытып кете жаздадым. Мақтанудың тағы бір “керемет” үлгісі бар. Өзіңнен басқаның бәрін сынап-мінеу. Былай мақтануға қатысы жоқ сияқты. Бірақ бұл нағыз мақтанудың жасырын үлгісі.
    Ол маған тән. Және кейбір діншілдер мен әсіре атеисттерге тән.
    Кей діншілдер “Барлық мадақ тек Аллаға тән!” дей тұра, өздерінің діндерін мақтан тұтып, барлық өз күнәсін шайып болғандай, басқа яхуди, кришнайыт, индуист, христиан, крестьян, криштиануларды үнемі дұрыс жолға қоюға тырысуынан байқауға болады.
    Ал атеисттерді керісінше, әрбір діншілді тығырыққа тіреп, 18-ғаламды шарлап келген 12 мүшелі гигапенде сияқты ұстағанын ұстаған, көргенін көрген жерде логикалық, бейлогикалық, риторикалық айла-тәсілмен қудалап жүріп жұрт көзінше сынауынан байқауға болады.
  • Бұндай әркімді қаралау ниеті қайдан пайда болады? -деген сұраққа үңілсем, өзіңнің шығармашылыққа/дінге/киіну үрдісіне/т.б-ға деген талғамыңның сұмдық жоғарылығын, талайды көргендігіңді білдірудің, демек асқан интеллект иесі болғандықтан, ненің дұрыс-ненің бұрыстығын анықтаушы альфа және омега екендігіңді меңзеуге бағытталған әдіс екен.
    Сондықтан, жазған дүниеңіз өзіңізге ұнап тұрса, қайдағы бір ауылбайдың сынына мән бермеңіз. Интернет арқылы налыған кезде тұмсықтан бір беретін қызмет әлі жаралған жоқ, ал олай болса қандай қызба сыншы болмасын, коментке тышып кетуден әрі аса алмайтынын біле жүріңіз.
  • Ізгі ниетпен мақтанудың артына үңілген
  • “Кішіпейілдіктің” жер бетіндегі өкілі Гастарбайтер
  • cурет көзі: http://www.jonco48.com

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

6 Responses to Мақтанудың ашық және жасырын тәсілдері

  1. Aza says:

    Ептііі… Осы жігіттің сұмдық кішіпейіл екеніне күмән жоқ, әжесс! ))))Еріксіз езу тартқыздың соңында, Гастар, басынан бастап бір деммен оқып келіп ем, “кәмментке тышатын” жерінде “атылып” кеттім. Күчті кен, мен де мақтаншақпын сондай, шын айтам, жамман мақтаншақпын, әлде даңққұмар, атаққұмармын ба білмеймін, өзімнің артықшылықтарымды айтпасам, немесе қалай екен, қалай екен деп жұрттан сұрамасам жүре алмаймын… Мен дұрыс танымайтын адам “өркөкірек, аспанға қарап қалған сүйкімсіз жігіт” дейді, танитын достарым “мақтаншақ, даңғой, ырбаңдаған ерке, өспеген бұтақбас” дейді… Бләәә, Гастар, мына постты дәл маған арнап жазғандай екенсің, енді емін айт мұның, қалай арыламын осы аурудан?

    Ұнады

  2. Gastarbaiter says:

    Мақтаншақтықтың емі жоқ. Тек ауырып, аяғың аспаннан келіп, боққа жарамай қалғанда ғана мақтануды қоюың мүмкін. Онда да уақытша ғана. Жазылған соң, қалай сұмдық ауруды жеңгеніңді айтып, сұмдық ерік пен рух күшінің иесі екеніңді айтудан жалықпайсың.

    Жалпы мақтаншақтық барлық еркекке тән. Сыпайы адамдар да өзінің мәнерін мақтан тұтады. Діншіл сопылар да өз діншілдігін мақтан тұтып, қандай күнәлардан арылғанын, шайтанды қалай жеңгенін жария етіп жүреді.

    Ол жаман қасиет емес, мақтаншақтық адамға идеал қояды. Адамның мақтанғанына қарап, оның қандай екенін емес, қандай болғысы келетінін байқауға болады.

    Ақшасын айта берсе, онда ол адам үшін ақша жетістік белгісі. Иманын айта берсе, иман. тағысын тағы.

    Ұнады

  3. jansezim says:

    Бұндай әркімді қаралау ниеті қайдан пайда болады? -деген сұраққа үңілсем, өзіңнің шығармашылыққа/дінге/киіну үрдісіне/т.б-ға деген талғамыңның сұмдық жоғарылығын, талайды көргендігіңді білдірудің, демек асқан интеллект иесі болғандықтан, ненің дұрыс-ненің бұрыстығын анықтаушы альфа және омега екендігіңді меңзеуге бағытталған әдіс екен. ————— +5!

    Мақтана білу өнерінің мықтылығы өзгелерді өзіңнің тамаша қасиеттерің мен сұмдық адамгершілігің туралы ойландырып қойып, өзіңе тағылатын “мақтаншақ” деген айдардан аман қалу қасиетімен өлшенеді… ————– +5!

    Ұнады

  4. QaraSaqal says:

    “Мен мақтана алмаймын” десем таза мақтанғаным болып тұрғаны ғой сонда…

    Ұнады

  5. ислам says:

    пайдалы нарсе жазылгандай. психологсын ба бауырым?

    Ұнады

  6. ұялып қалдым,,, мақтаншақ екем,,,көөөбісі менде бар))))))

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: