Асқар Жұмаділдаев

Асқар Жұмаділдаевтің бір сұхбатының жарияланған датасын көріп, көзіме жас келді. Әкемнің қайтқан күні жарияланған екен. Әкем атымды қолжетімсіз биіктерге ұмтылсын деп, қойса керек.
Асқар аға, өзіңіздің есіміңізді арқалап жүргенімді ырым тұтамын. Менің ғана емес ау, талай көпшілікте пікір айтамын деп “жексұрын” болған қазақтың ойындағысын сіз айтыпсыз. Жерлесіңізбін, бас көшелеріміздегі жымиыңқы суреттеріңіз жүрек жылытады, сенімділік оятады.

Сіз сол сұхбатыңызда қазақтың дамуына, қазақтың әлемде мойындалуына кедергі болар қасиеттерді жақсы суреттедіңіз.

Расында да, көпшілігіміз қазақты кемсітетін сөз естісек бауырымыз езіліп кетеді, кейінгі ой, мен Қазақтың абыройы үшін не істесем болады деген емес, әлгі сын-келемеж айтқан адамның сазайын тарттыруды туралы болады.  Сіз әлбетте мұның себебін білесіз, әрине, бірінші себебі сол көпшіліктің Абай замынан бергі жалқаулығы мен жалған мақтаныш пен көзбояушылыққа құмарлық. Жалқаулық, себебі, Қазақтың абыройын көтеру қазіргі бақталастық заманында, адамнан көп күш-жігерді талап етеді. Онымен қоса, біз көш басындағы елдермен жарысқымыз келеді. Жаяу аттымен жарысып, бұты айрылыптының көкесін де жиі тартып налимыз. Сондай кезде, айымыз оңымыздан тумай, бір арнаны толтырмай жатып, екінші арнаға секіріп, ақыры ешбір саланы толық жарыта алмай қалған жайымыз бар.
Біреу мазақ қылса, наразылық білдіріп, жұдырық шошайту үшін, әрине қажырлы еңбек пен біліктілік түгілі 3 кластық білімнің де қажеті жоқ.  Қарсы сөйлегенді қамшыға сал! – деген примитив менталитет. “Шұлығың шуаш сасиды” – десе, жуынудың орнына, қонақтың басын жаратын қазақпыз.

Адамзат қанша дегенмен танымалдылық алдында сескенеді. Тап өзіңіздің айтқан пікірлеріңіз үшін түрлі айыптар тағылып, түрлі қарғыстар естідім. Тапжылмадым. Әркімнің шындығы өзіне шындық. Менің шындығым сол, қазақтар намыс сөзін әр жерде пайдаланатын кезекші сөз қылмауы керек. Намыс боқ сияқты әр шайқалған судың бетіне шыға бермей, тереңде және нық бекіп жатса, қалған қулық, білім, айла, амалдарымыздың барлығына іргетас болып, негіз болса, су бетіне тек істеген ісіміздің нәтижелері шықса, мынау жахандануда тамырсызданып кетпей,  есемізді қайтармас едік.

Жөйттердің бүгінгі жағдайына себеп болған даңғаза дақпырт намыс туралы жалынды сөздер емес,  олардың кез келген елге сіңіп кете тұра, өз қасиеті жерін ұмытпайтындығы мен заманға икемделіп, тіпті ағымнан бас тартпай, үйреніп алып, басып озып, бағдар бере білушілігі себеп болды деп ойлаймын.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

One Response to Асқар Жұмаділдаев

  1. qisyq says:

    Намыс боқ сияқты әр шайқалған судың бетіне шыға бермей, тереңде және нық бекіп жатса, қалған қулық, білім, айла, амалдарымыздың барлығына іргетас болып, негіз болса, су бетіне тек істеген ісіміздің нәтижелері шықса, мынау жахандануда тамырсызданып кетпей, есемізді қайтармас едік. – ұлттық стратегияға енгізетін сөйлем екен.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: