Беу, жігіттер!

beu.kz, ерлер порталы, еркектерге арналған

Ия, соңғы кездері блогшылауды сиретуімнің себебі, толып жатқан ермектеріме жаңа ермек қосылғаны. Жігіттердің заманауи әлемде өмір сүру барысында соқтығатын қоғамдық, әлеуметтік, және жалпы жеке сұрақтарының барлығына жауап бермесе де, ерлердің сырласатын, мазалаған сұрақтарын өзге лақап атпен кіріп ұялмай талқылайтын жолсерігі болатындай бейресми сайт ашу менің ғана ойымда болған жоқ. Талай жерде айтылып, жобасы талқыланып, ойымыз сөз күйінде қалып жатты. Сондықтан идея авторы өздерің танитын жігіттердің ұжымдасқан коллективі. Біреу бастады, екіншісі қоштады, сөйтіп екі ай бұрын жас Беу.КЗ – қазақ тілінде сөйлеген бейресми сайттар қатарына қосылды.

Техникалық жағынан Zhastar.Biz сайтының админы Ербол Ахметов қолдаса, сайттың бар екенін көпке жеткізуде, яғни раскруткасына Аршат Оразов бастаған жігіттер тобы біршама үлес қосты. Сайттың мақалаларының толысуына Қазнетке Қилызаман, Гиена деген лақап атпен таныс жігіт ағаларымен қатар,  Қуат, Патик, Жаяу Мұса, атымен тіркелген амиголар келешек қазақ жігіттерінің білім қорына өз үлесін қосып жатыр.

Біз әдеттегідей тәй-тәй-тәй басқан баламыз деп сылтауратқымыз келмейді. Мақтанарымыз көп болмағанымен, шағымданарымыз жоқ, ешқандай ақпараттық қаржылай қолдаусыз кішігірім ғана сайтымызға Қараша, Желтоқсан айында ғана 80 тұрақты қолданушы тіркеліп, 50 мақала 7 мыңға жуық рет оқылған. Қолданушылар әлі де тіркелуде.

Алдағы уақытта жігіттерді қызықтырып жүрген бодибилдинг тақырыбында көбірек ақпаратпен бөліссем деймін. Сонымен қатар, арамызда жас әкелер бар болғандықтан және өзім әке болғандықтан “Арнайы” бөлімдегі “Әкелерге” арналған айдарды жандандырып, таңдаулы мақалалар жарияламақ ойым бар. Қосылам деушілерге есік әрқашан ашық.

Сонымен қатар, бұл сайттың пайда болуына, мазмұнынына, авторлардың сөз саптау мақамының дамуына әсер етіп, алғышарт болып, барынша шабыттандырған бұрыңғы massagan.com, solai.de, kerekinfo.kz, arular.kz, daruisholgen.com сайттарының қауымы мен қазақша wordpress блогерлер қауымдастығының да үлкенді-кішілі жетістігі деп білемін.

Beu.Kz – жігіттердің жалаңқол энтузиазмы мен қызмет-жанұя жеке өмірден артылған бос уақытты мен еріктілер әрекетінің туындысы болса да, сайт өз қолданушысын табатынына сенімім таудай.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

6 Responses to Беу, жігіттер!

  1. aijannur says:

    men de tirkelip koidym😀
    kutty bolsyn! Bauy berik bolsyn🙂

    Ұнады

  2. Жұмыстарыңыз табысты болсын. Мен тұрақты оқырманмын.

    Ұнады

  3. Қуааат says:

    Әке туралы жазатын болғаның жақсы болды. Бірақ Аршат пен Нұрберген Мұқұм айтқандандай сөз жүзінде ғана болмасын. Іске сәт!

    Дизайны жағынан көзге дұрыс көрінетін шаблон таңдасаңдар екен. Ашық, оқуға жеңіл болса.

    Ұнады

  4. qisyq says:

    Ана әкелер деген айдары жақсы екен…

    Ұнады

  5. altygradus says:

    құтты болсын

    Ұнады

  6. Gastarbaiter says:

    қайта ашылды

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: