Оппозиция және профессионализм жайлы

Төмендегінің барлығы автордың жеке өз пікірі. Ұйқыдан тұра сала жазылғандықтан, сандыраққа ұқсауы да мүмкін.

Қазақ тілді тілшілер арасында көбіне мәңгі тақырыптарды қозғайтындары басым. Әсіресе парақтық басылымдарда нақты ақпараттан көрі, мыжыма демагогияға берілгіш. Оппозициялық газеттер тіпті қаралаудан басқаны білмейді. Көбінің шешкен мәселесінен бұрын, тудырған кикілжіңі мен араздығы көп сияқты көрінеді.

Оппозиция – деген сөздің өзі әлденеге қарсы дегенді білдіреді. Сөйте тұра соны беріліп оқитындарды, және оған иманындай иланатындарды түсінбеймін. Оппозиция -қарсы. Яғни ол өздігінен халыққа ешнәрсе беруді мақсат қылмайды, бар мақсаты тек билікке қарсылық, билік басындағыларды қалайда қаралау. Былайша айтқанда біреудің қолымен от қармау.

Оппозиция – деп өздерінің бар болмысын халыққа бір сөзбен мойындап тұрса да, яғни оның ішіне халыққа пайдалы ақпарат емес, тіпті біреуге көмек көрсету, жасампаздыққа ұмтылу емес, әлденені жоюға, яғни режимді бұзуға арналғанын біле тұра ол газеттерді оқып, өліп өшіп жатады.

Оппозиция ол тіпті билік альтернативасы да емес. Альтернатива деген сөз бөлек дегенді білдіреді. Ал оппозиция міндетті түрде қарсы. Сырттан келген ірітушілер оппозиция ұғымына сұмдық бір құрбаншылдық, шындықты шырылдататын, халық үшін жанпида етіп көрсеткісі келеді. Өйткені қарны тоқ, көйлегі көк, сүйікті кәсібімен айналысып жатқан адамға “Сенің өмірің бейшара, сен ана американдық демократтарға қарашы, қандай ғажап өмір!” – деп миына оның осы уақытқа дейін бақытсыз өмір сүргендігіне иландырады.

Оппозицияның елге ықпал ету құралдары, өздері жамандап жүрген биліктің әдіс-айласынан қалыспайды.  Оппозиция елдің досы емес, ешқашан болған да емес. Оппозицияның бар ойы— Біз де халықтың құлағынан әдемілеп тебе аламыз, неге біз билік басында отырмасқа? деген идея. Кез келген оппозицияның артында логикалық тұрғыда, билікке қол жеткізуді, немесе ықпал етуді ниеттенген топ не адам болады. Және ол адамның пиғылы жақсы болуы екіталай, алайда, кішкентайынан шындық сүйіп өскен, және шындық міндетті түрде ащы болуы керек деп ойлайтындар оппозицияның қармағына тез түседі.

Қоғамдағы барлық жақсы өзгерістер ол адамның қабылдау фильтрінен өтпейді. Өйткені тым жақсы нәрсе шындық болуы мүмкін емес деп ойлайды.

Кейде орыс-қазақтар жиналған жиындарда, қазақ тілді оппозиционер-сымақ адамдар елдегі ахуалды жалпылама, бұлыңғыр әрбір базардағы шайпау қатыны айта алатын деңгейде баяндайтынына қынжыласың.  Бір жағынан біреудің мамасы ғой ашынып отырған деп аяйсың, бір жағынан надандығына жының келеді.
Неге қазақ тілді баяндаушы азаматтар сондай жиынның нақты мақсатын біліп, нақты мақсаттар мен мәселелерге, және оны шешу жолдары мен ұсыныстарды сараптап дайындалып келмейді? деген сұрақ туындайды. Неге қазақтілді баяндаушылар, үнемі көшеде келе жатып дөңгелек үстелге кездейсоқ келе салғандай болады?
Надандық. Сараптамалық ойлау қабілетінің дамымағандығы.
Бізге ондай еңбек ету үшін, жай аузымызды қаттырақ ашып, “ойбай орман жоқ, тал жоқ, мұнайды сатып құртып жатыр, пенсияны қырқып жатыр, өлдік құрыдық, болашақ жоқ, барлығы пара алып жатыр, барлығы өтірікші, жемқорлық жайлаған” деп бір де бір нақты сан, немесе пара алушының жеке деректері, дәйектеме, мекен жай, уақыт, мөлшер сияқты статистикалық деректер мен жасырын видеодерек алып келмей, тереңіне бойламай, ешбір зерттеу жүргізбей нәтижесіз сөге беру оңай шығар. Ал ол дәлелсіз айқайдан ел ішінде не өзгереді?

Әрине, арқасы қозып, қара қылды қақ жарып, шындықты сойып-сойып жатқан- сымақ болған тілші-сымақ пен мұңайған баяндаушы “маладец, мықты сөйледің! Жалынды сөз жаздың!”  деп арқасынан қақса, ол байғұстарға одан артықтың қажеті де жоқ. Қазақстан жағдайы төңкеріле берсін, мейлің ол трибунада халықтың бір сағат уақытын босқа жіберсін, жаңа ешнәрсе айтпасын, бірақ ол типі шындықты айтты, қорықпады. Сондықтан, оның арқасынан қағу керек.

Әрине, достарыңмен пікірталаста, немесе асханадағы ұрыс-керісте компромат айтып шабуылдағанда немесе жиын-тойда жалынды тілек айтып жатқанда рационалдылықтың әдіре қалып, эмоцияға ерік берілуі заңды нәрсе.
Бірақ ондай әрекет журналисттің от ауызды, орақ тілділігін емес, өзінің не істеп, не қойып жүргенін білмейтін бейпрофессионал жарымжандығын, аспандағы торғайды осырықпен атып құлатуға ниетті жарымес клоун екендігін білдіреді.

Оппозиция бізге президенттің ұзақ отырып қалғаны жайлы айта береді. Ал елді дұрыс басқарған, дамыған елдер қатарына қоспаса да, елдегі салыстырмалы тұрақтылықты сақтап, жұмыс жасаймын деген жасампаз еңбекқор адамға жағдай жасап отырған адамды тек срок бітті деп ауыстырудың мәні неде?

Ал Америкадағыдай еркіндік тек кинода ғана. Әс жүзінде ол жерде ақнәсілділер ең қалталылар. АҚШ-та бір де бір ақ нәсілді таксист көрмейсіз. Түрмесінің басым бөлігінде қара нәсілдер, қара жұмыс, күзетшілік сияқты жұмыстарда қара нәсілділер.

Біз батысқа бет бұрсақ, олар бәрібір бізді жұнін қырқып жөніне жіберетін қой санайды.

Тағы да айтарым бар…

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

10 Responses to Оппозиция және профессионализм жайлы

  1. Serzha says:

    джыынды жазыпсыз. ал енді қазіргі билік туралы постты күтеміз. сыншылығыңдысс

    >> Ал Америкадағыдай еркіндік тек кинода ғана. Әс жүзінде ол жерде ақнәсілділер ең қалталылар. АҚШ-та бір де бір ақ нәсілді таксист көрмейсіз. Түрмесінің басым бөлігінде қара нәсілдер, қара жұмыс, күзетшілік сияқты жұмыстарда қара нәсілділер.
    Біз батысқа бет бұрсақ, олар бәрібір бізді жұнін қырқып жөніне жіберетін қой санайды.

    Батыс дегенге Еуропада кіреді.

    Ұнады

  2. Gastarbaiter says:

    Серж, мен континенттік мағынада емес, нәсілдік мағынада айтып отырмын. Англо-саксондық топ қазіргі бұрыңғыдан да күшті. Батысқа бұл тұрғыда Еуропа түгіл, Австралия да кіреді.

    Ұнады

  3. Rusha says:

    Суперски сказано братишка прямо точку!

    Ұнады

  4. e_zhalgas says:

    жақсы жазылыпты, түсінбегенім – сен жалпы оппозиция ұғымын айтасың ба, жоқ қазақ оппозиционерлерін айтасың ба? ) егер алғашқысы болса, өзің оппозицияға оппозиция болып отырсың ғой (терістеуді терістеу деген бар ғой философияда, хыхы!), ал екіншісі болса, айтқаныңмен келісемін, біздің оппозициялық басылымдарға объективтілік жетіспейді, бірақ оқыған сондай қызық, жатқан интрига және детектив пен экшн жанрындағы мақалалар)))

    Ұнады

  5. Саян says:

    Гастар оқып-оқып алып, арқаға пышақ сұғатын адамсың ғой, қайтейін аман бол

    Ұнады

  6. Қотуқ says:

    Аршат екеуің мәңгі тақырыпты қозғайтын журналистерді айтудың өзін мәңгі тақырыпқа айналдырып алдыңдар. Оны байқамайсыңдар. Адам алдымен өзіне қараса екен.

    Ұнады

  7. Abilakim says:

    Келісемін. Халық қазіргі оппозицияны ғайыптан тайып билікке әкелсе, оппозицияның да оппозициясы болатынын біледі ме екен?
    Бейбіт өмір,саяси тұрақтылық үшін орнында отыра беруге болады деп кім айтты. Бізде қазір жасанды патриотизм ғана бар.ТД-дан бір шенеунік “биыл патриотизм былтырғыға қарағанда 20 пайызға өсті” депті? Оны қалай есептеген?
    Айтсам “көтриоттық”дерсің. Тіл мәселесі , ұлт мәселесі ушығып тұрғаны жасырын емес. Қазақтар (таза қазақтар) мен орыстар арасында көрінбейтін жеккөрушілік бар екенін жасыра аласың ба?

    Ұнады

  8. Gastarbaiter says:

    Әбіләкім, Патриотизм туа бітті шартсыз рефлекс деп кім айтты саған? Патриотизм жасанды болуы заңды, өйткені патриотизмді тәрбиелейді. Сол БАҚ-арқылы, мектептер, оқулықтар, кино, мультфильм, өлең кештері, акциялар арқылы адам бойына патриотизм ұялатады.
    Орыс пен таза қазақтар арасындағы азды-көпті жеккөрушілік бар оны жасыруға тырыспаймын. Алайда, халықтар достастығы ол Құдай аспаннан жаудыра салатын дүние емес, біз көбіміз ұлтаралық ашық қанды-кескінді ұрыс-жанжалға куәгер боп өспегендіктен, ұлтаралық достықты өзінен өзі пайда болатын нәрсе деп түсініп үйренгенбіз.

    Ең нәзік те қиын саясат бір ел ішіндегі нәсіл аралық, дінаралық, және ұлтаралық саясат. Және аздап бет тыржитушылық болғанымен, масштабты түрде орекеңдермен (Қазақстандық орыстар Ресейліктермен салыстыруға келмейтін, мүлде бөлек адамдар) достастығымыз өзінен өзі пайда болған жоқ. Кез келген бейбітшілік дұрыс басқару мен, жеткілікті ұлтаралық саясаттың нәтижесі.

    Патша заманынан қалған орыстардың тірі қалғаны жоқ. Қазақстанда мекен еткен өзге ұлттардың көбі Қазақстанның қиын-қыстау кезіне кінәсі жоқ, еліңе қайт деп те айта алмаймыз. Өйткені ол осы елдің азаматтары. Олардың құқығы тап мына сен мен менің құқығыммен бірдей, санаспауға болмайды. Біз баяғы жабайы заманда емеспіз.
    Мен өз басым адамға құрмет көрсету ұлтына, қазақпын деп төске ұрғанында, немесе қазақша киноларды үзбеу көруіне, немесе тіліне қарап емес, бүкіл Қазақстан халқына сіңірген еңбегіне қарап көрсетілуі тиіс. Және бұл тұрғыда, қазіргі Қазақстан басшысының саясаты жалғыз дұрыс саясат деп ойлаймын.

    Егер халық арасындағы достық пен бірлікті үнемі насихаттамаса, күн сайын бейбітшілікті қорғамаса, қырық-пышақ болып қырылу тек орыс пен қазақ емес, басқа ұлттар, тіпті рулар арасында өршіп, Қазақстан жұлым -жұлым болып, ел бірлігі түбегейлі жойылады.
    Оппозицияға керегі де сол.

    Ұнады

    • Abilakim says:

      Бәрі дұрыс қой, бірақ сол кездерде немесе қазір Нұрекең басқармағанда бізде де соғыс, қантөгіс болатын еді дейтіндердің қатарынан емессің бе? Орыстарда “незаменимых не бывает” деген сөз тіркесі бар емес пе?Осы кісінің осы түзу саясатын дұрыс жалғап кететін бір адам жоқ дегенге мен сенбеймін.
      Қазақстанда тұратын барлық ұлттың құқығы бірдей екенін мен де білемін. Бірақ соны қазақтар білгенмен қалған ұлттар сезе алмайды ау деп ойлап қалдым.Патриотизмді тәрбиелегендей тілді де солай енгізіп жіберуге қазір не кедергі? Көрші өзбектер мемлекеттік тіл туралы заңын 1989 жылы қабылдап үлгерген,қырғыздарда бізден озды ол жағынан.аталған мемлекеттерде “Мемлекеттік тіл туралы заң” болса , бізде “Тіл туралы заң”.
      Мынаны оқып көрші :
      ” Хатта: «Қазақстандағы 3 миллион орыстарды (бұл диаспораның жартысы ғана дейдi. Д.М) қоныстандыруға, жұмыспен қамтамасыз етуге 150 млрд. АҚШ доллары қажет, әрине бұл қаржы Ресейде жоқ. Сондықтан бұдан 100 есе кем, яғни, 1,5 млрд. АҚШ долларын берсеңiз, бiз Қазақстанда жүрiп Ресейдiң үстемдiгiн көтерiп, билiгiн күшейтемiз» – дейдi. Сонда олар Қазақстаннан бiр айлық алып, Қазақстан халықтарының Ассамблеясына мүше бола тұрып, есiргенi ме?! Ары қарай, «әр 1,5 млрд. долларыңыздың рублiне дейiн үгiт-насихат жүргiзуге дайынбыз» – дейдi. Конституция бойынша Қазақстандағы ұйымдар мен қозғалыстарға шетелдiң ақшасына жұмыс iстеп, насихат жүргiзуге тыйым салынған. Бұл тағы да Заңға қайшылық тудырады.”
      http://www.turkystan.kz/page.php?page_id=37&id=690
      міне тағы бір мысал http://qazaq.kz/?p=685
      Осылар Сіз бен Біз секілді ойлайды дегенге сенесіз бе? Қарағандыдағы Ленин ескерткішінің орнын ауыстырғанда да қойдай шулаған орыс коммунисттер.”Тарт қолыңды Лениннен!”деген плакаттарды ұстап шыққан да осы орыстар.Кешегі күнін аңсамайды деп айта аласың ба осыларды?!

      /Патша заманынан қалған орыстардың тірі қалғаны жоқ./
      Иә,тірі қалғаны жоқ. Бірақ СҚО мен Қарағанды облысы аймағындағы орыстар нағыз сол шовинист орыстардың тікелей ұрпағы. Құлдан құл туатыны қандай анық болса бұл да сондай анық мәселе.

      Ұнады

  9. Amandyk says:

    мен озимше бир сандырактап корейнши мына таны кургырдын атпай койган сатинде…

    алдымен Гаста дурыс айтасын патриоттык сезим туа биткен (бузаудын емшекке жугиретининдей) рефлекс емес.Алайда туа биткен болмаса да журе биткен рефлекске айналдыруга ешким тырысып жаткан жоккой.Тырысып жаткандардын да оздеринше есептери озиндик жоспарлары бар.

    айтарым бул емес еди.Мен мысалга 9-сыныптан кейн туркияда билим алып бастадым.иа туркия дамыган немесе сапалы бир мемлекет емес.алемдеги ен тураксыз елдин алдынга катарында типтен.булардын 1920 жылдардагы Кемал Ататуркти жаксы коретини,дин душманы дейтиндери де бар.Бирак туркшилдикке,ултшылдыкка келгенде сол болингендердин ози бари бир жудырык болып касая карсы тура алады.Айтайын дегеним идиялогиясы мыкты басшы келетин болса патриоттык козкарасты 5 жылда да жаксартуга болады.Ал казиргидей жалгасатын болса 50 жылдан кейнде тукте озгермес…

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: