Құпия білім

52000 жыл бұрын.

—Ойбай, ау, сиқыршы Иңуа, мен билікке талассам, қара қариялар кеңесі не дейд? Көсемге қастандық жасасам , бүкіл Змубду халқы мені тас атқылап, Айхуаға батырады ғой!!

— Сен қара қариялар кеңесінің бар айтқанын жасайтын боласың, бой десе бойың, ой десе ойың бар. Сөзге де шешенсің. Пуңаңганың тағдырын да біз шешіп береміз! Биік жартасқа үлкен суреттерді қашап салудың құпиясын халыққа өзіміз ашпасақ масқара боламыз. Қатын мен құлға тоймас Пуңаңга шалдың билігіне тірек болып тұрған басты нәрсе әлгі сурет емес пе!

— Иңуа қария, бұқараның көтерілісіне қалай төтеп берем, олар Пуңаңганы жақсы көреді ғой. Пуңаңганың 30 жыл билеуіне үйреніп те қалған шығар.

—Буйела баурым, бұқара деген не? Бұқара біздің оған берген білімімізбен қоректенеді емес пе?

Басқасына басыңды ауыртпай, ертең Тибуйя ағашының көлеңкесі Айхуа көліне құлаған кезде, көптің алдына шығып, былай айтасың:

—Уа қасиетті Змубдудың киелі тұрғындары! Жаралы өгіз бен алтын түкті ақ суырдың ұрпақтары, уа Айхуадан су ішпеген, Тибуйядан жеміс жемеген адал қауым! Кеше Ымбо Пуңаңга Ирек Таудың баласы емес екені анықталды, оның жартаста салынған мыңжылдық суретін құдіретті әруақтар емес, түнде тығылып кеп, жұбайы Әндбабуенің және он екі баласының көмегімен өзі қашап салғанына көз жеткіздік, Зубахор заманынан бері ондай масқара жерімізді ластамаған, қалай ойлайсыңдар Пуңаңга көсем болуға тұрарлық па? – деп айтасың.

Буйелла бауырым, сонда біз қариялар кеңесі, оны таңертеңгісін Айхуа көлінен су ішіп, жағасында жыныстық қатынас құрған бес қылмыскермен қосып от жазасына ұшыратып, азық қыламыз да, жиналған қауымға биік жартасқа үлкен сурет салуды көрсетеміз! Ал саған Айхуадан су кешпей-ақ ақ ет аулауды үйретеміз!

Арада бір апта өтті.

Змубду халқы қылмыскерлердің және Ымбо Пуңаңга шырылдаған балаларын байлап, тау рухына құрбандыққа шалғалы жатыр…. Айхуа өзені қанға боялып, Тибуйя ағашының көлеңкесі бұрыңғыдан қоюлана түсті. Жарық кезде сурет қашап жаттықан жасөспірімдер қараңғы түскен соң үңгірден шығып, Ирек Тауының етегінде жиналып, от жақты.

Жеті баланың жан тапсырар алдындағы шыңғырығын жамыраған киелі Змубду халқының даусы басып кетіп жатты: —Жасасын Буйела! Арам судан адал ет сұрай алатын Буйела жасасын!

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

8 Responses to Құпия білім

  1. Өркен says:

    Астары до того терең екен, сүңгіп түбіне жете алмадым… ҰҚК ның сарапшылары да шашын жұлып отырған шығар

    Ұнады

  2. Kaldykyz says:

    Мынадай жер, су, адам атаулары тіліңді сындырады екен :)))

    Ұнады

  3. Мағынасы – миға, сөзі, егер дауыстап оқысаң – мұрынның кеңсірігіне күш түсіретін әңгіме екен )))
    Менен кейін оқитындарға кеңес: жақсылап сіңбіріп келіңіздер )))

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Бұл негізі үлкен әңгіме еді, қорқа қорқа соңғы жағын ғана жазғам. Басынан оқысаң, миға да күш түспес, мұрын да тазарып қалар еді.

      Ұнады

  4. qisyq says:

    Браво, Гасеке, бравоссимо!!!

    Ұнады

  5. qisyq says:

    Браво, Гасеке, брависсимо!!!

    Ұнады

  6. MEYIRBEK says:

    Гасеке! Мен де браво деймін! Оқып шықтым да, аяғына келгенде адам аттарына тіліп күрмелгені до того не жайлы екеніне шатасып қалғаным бар…

    Ұнады

  7. e_zhalgas says:

    түсінгенім – ұлы өнердің бастауы да қанмен сорғалаған екен, ал түсінбегенім одан да көп. Контекстен үзіліп алғын жұлма-әңгімені сіңіре алмадым… :))

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: