Үміті үзілмейтін Ібіліс


«Вот, Я посылаю вас, как овец среди волков: итак будьте мудры, как змии, и просты, как голуби»

(Евангелие от Матф.10:16).

Қабдыжәлел жезөкшелікті заңдастыруға қарсы еді. Мүлде қарсы еді. Ол не деген сұмдық? Қарындастарымыз! Қаракөздерімізді қалай бүйтіп…! Жоқ! Абылайдың кезінде мұндай сұмдық болмаған! Мұны құртқан Еуропа! Батыс! Қарғыс атқыр батыс!

Осындай ойлар үзілді кесілді қырық қатпар бетін жүйкесі тозған есалаңдарша тыржың тыржың еткіздірді.

Өзі сол көшеден өте бере көзі бір сұлуға түсті…

—Жұмыс жасаймыз ағашка.

—Әй, сен ұялмай қалай тұрсың? Ата-анаң естісе қалай жер басып жүресің? Бұдан өлгенің артық қой!

—Аға мыжымай ақша берші. Бұдан басқа амал айтшы!

— Әй сен дандайсыған жәлеп!

— Аға, жігіттерге айтсам сіздің алдыңызды арт қылып, бұтыңызды пырт қылады.

Қабдыжәлел ашынып, “Қап, сайтан!” деп бір түкіріп кете барды.

Ашудан бір жарты бөтелке арақты сіміріп салып. Болашақтан үмітін үзіп. Сквердегі жайдақ орындыққа жайғасты. Мұрнының астынан күмбірлеп отырғанда біреудің қолы иығына түсті.

— Аға қалайсың!

—Сен кімсің ей!

—Шайтансың ба жынсың ба?

— Мені сіз шақырдыңыз…

— Құры мен ешкімді шақырғам жоқ, ауған неме!

— Жын деп майда-шүйдә шестеркаларды айтасыз, ал менің толық атым Ібіліс.

— Бәсе, қайдан ұшып қона қалды десем. Пәтуаңды айт!

—Сізді көп ойлар мазалайтын сияқты. Болашаққа да үміттен көрі күмәнмен қарайсыз. Нақақтан нақақ нанын тауып, ешкімге залалын тигізбей нәпақа көріп жатқан жезөкшеде нең бар соны айтшы алдымен!

— Не дейд? Сен менің ойымды оқып отырғаннан саумысың, шынымен жын екенсің ау!?

—Жын емес, Ібіліспін. Қысқартқыңыз келсе, Ібәй деңіз. Былай болсын, құлақ түріп, жантайып жата тұрыңыз мен сізге күмәніңізді сейілтетін бір әңгіме айтып берейін. Бірақ содан кейінгі жауапкершілік өзіңізде. Келістік пе?

— Айта бер!

— Кешіріңіз, көке жан! Бұл ежелден келе жатқан дүние. Мәселе дертте емес, мәселе адамда. Қалай болғанда да жәлеп іздейтін еркек әрқашан табылады, жәлептікті кәсіп тұтқандар да үзілмейді. Ондай құбылыс кеше пайда болған жоқ, бұрыннан бар. Болған, келешекте болады да. Қазақстан тарихы мен қазақтың бұрыңғы өмірін шатастырмаңыз. Қазақтың тарихы асқақ та кіршіксіз, себебі ол келешек ұрпақ үшін өнеге болатындай, өскелең ұрпақ жақсыға талпыну үшін жазылған.” —деді бойшаң келген аққұба жігіт.

“Қап мына сайтан сайтан сияғы жоқ, сүйкімі бар сайтан екен”. —деген ойлар мазалады.

—Бірақ шын мәнінде, — жігіт сөзін жалғастырды, — адамзат табиғаты жаратылыстан бері өзгермеген. Сатқындық та, ұры қарылық та, арамдық та, жезөкшелік те, нәпсіқұмарлық та, қызтекелік те ықылымнан келе жатқан құбылыстар. Батырлық пен өжеттік, шыншылдық пен адалдық та зым зия жоқ болып кеткен жоқ. Қоғамымызда бар. Тек егде адам өткенді асқақтатуға бейім, ал жас жігіт болашақты асқақтатуға бейім. Саналы адамдар бәріне бірдей қарайды.

— Әй, сен сананы насихаттайтын қандай шайтансың өзі?

—Көкетай, ал сіз қалай ойладыңыз? Мен Құдай мен адамның жауы емеспін анау айтқандай. Сендер жауапкершіліктен қорқып, мені діни ктіаптарыңда қызғаншақ, арам, жолдан тайдырғыш жаратылыс етіп көрсеткілерің келеді. Алайда менің жалғыз ғана кінәм, мен логикаға бағынамын. Логика Құдайдың шығарған заңы.

— Жезкөкшелерге не қатысы бар мұның?

— Қатысы сол, адамдар өз жолдарын өздері таңдап, өздері сол үшін жауап береді. Құдайдың алдында емес, өздерінің алдында. Құдай әу баста механизмді кіршіксіз етіп жаратқан. Және Құдай жаратылыс ісіне қайта кірісуге мәжбүр емес.

—Діннен бөлек мораль деген бар емес пе?

—Мораль адамның бақытты өмір сүруіне көмектесуі керек. Бірақ кейде сұрқай көпшіліктің өзі моральді дұрыс түсінбейді. Менің арманым, адамдар соқыр сенім мен үрейден қорқып емес, өзінің алдында шынайы болу мен саналы таңдау арқасында өзінің ағы мен қарасын анықтай алса. Әйтпесе, сендерді адастырып, маған не пайда? Жаратушы маған ол үшін ұпай бермейді. Мен Жаратушының ең асқақ жаратылысымын. Және жаратушыны қорыққандықтан емес, мені жаратқандығы, осынау әлемнің әсемдігі мен түрлілігі, және толған ләззаттарды жаратқаны үшін шексіз сүйемін!

—Сөздерің жүрекке ұялайды екен, жігітім. Жүргеновте оқисың ба?

—Жоқ, КАЗНУ -дың журфагында оқимын. Айтайын дегенім, сіз бекерге тарих туралы, және мораль туралы уайымдайсыз. Мораль қоғамның індет, пәле-жәле, ауру, апаттан қорғанудан туған ежелгі сана толқынының жаңғырығы. Бұл күнде заң бар. Тіпті заңды да аттап өтуге болады, әрине сізге, сіздің жақындарыңызға зияны тимесе.

— Ия, жақындарымды уайымдаймын ғой.

—Ал сіздің қызыңыз сіз жақсы тәрбие берсеңіз жезөкшелікке салынбайды деп сеніммен айта алмайсыз. Себебі, ол бұл жолды таңдаса, оны ешқандай мораль, ешқандай заң тоқтата алмайды. Ол оның таңдауы, және оған жауап беретін де өзі. Егер жезөкшелік өзіне жат іс болса, ол ешқандай да батыстың ықпалына көнбейді.

— Басын шырмау ше?

— Ол менің әрекетім. Бірақ мен қызды құзға итеру үшін емес, қаншалықты өз қағидасына берік екенін тексеру үшін, адал адам табу үшін жасаймын. Егер мен ешқандай сылтауға қарамай, саналы түрде, еш үрейсіз адал болған адамды тапсам, өзім сол кісі үшін Жаратушының алдында басымды тігуге бармын. Алайда ондайларды жиі кездестірмеймін.

—Демек, жезөкшеге баратын адам күнәһар емес қой!

— Егер үйіңе зияны тимесе, зорламасаң, қорламасаң, біреуге қиянат жасамасаң оның несі күнә?

— Құдай оларды жазаламай ма?

—Жоқ. Тәңір Тағала шексіз мейірімді. Және қараптан қарап, адамға зиянсыз дүниеге тыйым салмайды.

—Зияны көп қой, мысалы түрлі аурулар!

—Қазір сақтанудың түрлері көп қой! Екі аттасаң магазинге кіріп ала бересің.

—Шынымен ау.

— Сондықтан, болашақ үшін еш қорықпаңыз ағасы. Сіздің ойлағаныңыздай болады бәрі де!

—Әй, сен бала ақылды екенсің. Шынымен, бұндай нәрселерін ескермеппін ау. Жүрегімді орнына түсірдің балам, үмітсіз шайтан деген. Үміт отын жандырдың жүрегіме.

—Сау болыңыз аға. Абайлап жүріңіз, менің айтқанымды ұмытпаңыз. Сіз қалай ойласаңыз солай болады!

Қабдыжәлел орнынан тұрам дегенше жас жігіт зым зия болды. Тұрып, Саин көшесіне қарай қайта беттеді. Ішінен “күнә болмаса, қиянат қылмаса несі жаман? Жүрсе жүре берсін. Ал қарындас-қыздарыма құдай жар болсын! Олар бұл жолға түсінбесіне сенемін. Түссе, жауапкершілік өзінде, мен не істей аламын?!”—деп жігіттің айтқанын қорытып келе жатты.

Бір кезде тоқтап, жол жиегінде тұрған қызға қол бұлғады.

— Қанша?

— Сағаты бес мың, тек классикалық секс.

—Қай жерге барамыз?

—Сіздікіне барайық, немесе бөлме жалдайық!

***

Жеті қат жердің астында Ібіліс Жаратушының алдында тұр,

—Қап Құдеке, мынау да шикі боп шықты. Ол бейбақтың бүкіл себеп-пікірлерін тауысып, сіздің мейірімділігіңізді айтып едім, көзі жымыңдап қоя берді. Оның өзінің алдында адал еместігі жаныма батты, қарындас-қыздарын айта бастағаннан ақ, қап мына кісі адамгершіліктен бұрын, жеке басын, өз қарындас-қыздарын ғана ойлап тұр деген күдік боп еді… Оның лепірме сөзі мен көпірме әңгімесінен, беталды қолын сілтеп тарихты тілге тиек қылғанынан ақ, адалдығы тек тозақ, ауру мен заң алдындағы үрей мен көпшілік алдында көсем көріну үшін екені көзге ұрып тұр еді. Дегенмен, үмітімді үзбеймін. Жұмақты түр-түс, ұлтына, өз басымен ойлай алмай, үнемі діндарларға, біреудің әрекетіне, немесе менің насихатыма жалтақтап өмір сүретіндерге емес, нақты өзі үшін ақ қарасын анықтай білген, білмесе мойындай білген ойы дербес адамдарға бұйыртсаң, менен мәңгі құлшылық болар еді сізге! Бірақ түбінде құлшылыұ ұылмай қайда баратын едім. Менікі тек әңгіме ғой. Жерді жыл сайын зілзаламен құртып, ай сайын топан су жіберіп, “АДАМЗАТ” деген жобаңызды қайта басынан бастасаңыз да, өзіңіз Йехова, өзіңіз Ра…

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

16 Responses to Үміті үзілмейтін Ібіліс

  1. Қырт says:

    сол баяғы қыртым әңгімелер, шайтан-құлшылық-күнә-жаратушы…

    Ұнады

  2. patick says:

    Бір киноға сценарий жазып тастағандай болдың :)))))))))))))))
    Күшті әсер алдым, рахмет!

    Ұнады

  3. satibaldi says:

    Лібә ))))))))

    Ұнады

  4. qisyq says:

    Ескі тақырыпқа жаңашыл көзқарас

    Ұнады

  5. Kaldykyz says:

    негізі өзімнің кім екенімді білмей қалдым мынадан соң, өйткені Ібәйдің айтқандарының көбі менің ойыма ұқсайды екен.

    Ұнады

  6. Ibaiga respect, aitaryn jaksy jetkize bilipti.

    Ұнады

  7. Abilakim says:

    Ібәй, тіфәй-тіфәй.көз тиіп қалмасынш өзіне. Жазбаң ой саларлық. Жұмыста отырмағанда Қабдыжәлелдің артынан кетіп қалар ма ем…

    Ұнады

  8. Қырт says:

    Ібай – Гастарбайтер
    Қабдыжәлел – Қилызаман

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Қой, сен қайдан білетін едің? Жезөкшенің прототипі сен емес пе?:-)

      Ұнады

      • Қырт says:

        Қабдыжәлелдің сөйлеу мәнері Қилызаманды есіме түсіріп жіберді)) Сосын Ібайды сен қыла салдым.

        Жезөкешнің прототипті?
        Негізі, біреудің әлсіздігін пайдалану арқылы оның ақшасын алатын әдетім жоқ еді.
        Сондықтан, жезөкшенің ақша табу жолы – шалдың рухани әлсіздігін пайдаланып, одан ақша жасауы – менің ұстанымдарыма қайшы келеді.
        Көріп отырғаныңдай, жезөкшенің прототипі емеспін.

        Ұнады

        • Gastarbaiter says:

          сендім

          Ұнады

        • kilyzaman says:

          Ал сенің қырттығың орынсыздау сияқты. Тесік мүшеқаптың прототибі болғаныңды түсінесіңбе өзің…

          Ұнады

  9. tagdir says:

    Ұнады

  10. Респект_кажы says:

    Бес мын тенге – кымбат екен

    Ұнады

  11. e_zhalgas says:

    “Ібіліс – жаратушының ең асқақ жаратылысы”! Не деген пафос😉 Жазылуы жақсы екен, Ібекеңнің де ойлары қозғау салады. Ал “Құдайдың заңы – Логика” дегенің әңгімедегі діни лейтмотивке қарсы келіп тұрған сияқты, бірақ сонда да әдебиеттегі лейтмотив туралы сөз қозғайтын уақыт емес. Қысқасы, маған ұнады, көпке белгілі нәрсенің белгілі-белгісіз формаға енуі деп бағалар едім )))

    Ұнады

    • e_zhalgas says:

      Айтуды ұмытып кетіппін, жазбадағы фото-демотиватор – зың!🙂

      Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: