«Жыныстық Қатынас» сөзінің магнетизмі

Ия, менің сайтыма екіжүзді порносүйгіш қазақтар әдеттегіден көп келеді екен. Бәрің сондайсың дегенім емес, бірақ оқырманның көбісін порноманьяктар құрайды екен. Дей, тұра олар өздеріне керегін таба алмай бармағын тістеген күйі басқа ресурс іздеп кетеді, немесе күйіктен бір нәрсе жазып кетуі де мүмкін.
Кейбір төсекке қатысы жоқ тақырыптарға «секс», «қазақша порно» деп ілмек тастайтын әзіл бар. Гугл-Шмугл, Яндекс Хуяндекстеріне жүгініп, маған келген оқырмандардың соңғы бір жыл үшінде ең көп оқыған жазбасы «Жыныстық қатынас мәселесі ашылды» екен. (сілтемесін бермей ақ қояйын, түк пәтуасы жоқ, мағынасыз жазба).
Бір қызығы сол секс туралы оқуға құмар адамдар, әрине бірінші кезек Аршат , Ерлан Оспан мен Нұрғиса сияқты сөрөзни адамдар емес, бұлар ондайды оқып та, істеп те жалыққандар;). Сол өрімдей жігіттер мен «арқасы» қозған сексуалды оқығыштар «қазақша секс» дегенді іздеп кеп, порнуханың орнына мүлде басқа тақырып контентін көріп ұнжырғасы түсіп, ашуланатыны соншалық, менің шала-пұла еркіндеу ойларымды дереу бір патриоттық немесе діни лақап ат жасап алып, соның атынан жіберте бастайды.
Құрметті «жыныстық қатынас» сөзін оқудың өзінен қоза кететін жас бозбалалар! Бұл жазба сендер сияқты порно іздеген жасырын «дрочилалар» «үлкен облом» болсын деген аса қатыгез де, арам оймен жазылғанын мойындап, сіздердің нәзік жүректеріңізді жаралағаным үшін кешірім сұраймын. (басқаларға ерекше мейіріммен көзін қысқан смайлик)

Бірақ облом болғанда, «лібәд, тым болмаса, емшек көрем деп кеп едім», деп шындарыңды да айтпайсыңдар-ау.

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

18 thoughts on “«Жыныстық Қатынас» сөзінің магнетизмі

          1. Ондай да бар, әрине, брюнеттік жанымызға (қанымызға?) жақын ғой…Бірақ, Вера Брежнева деген аргументті алдыма тарта қойсаң, ол ойымнан айнып қалуым мүмкін…

            Ұнады

Пікір қалдыру