Еліктегіш елміз деп кім айтты?

Қай қазақтың аузында да: Қазақтар еліктегіш, қазақтар көргенін істейді, қазақтар көшіруден шебер! —деп мыңқ-мыңқ етіп, қолды бір сілтеген жалқау сын бар екені өтірік емес.

Ау, еліктеу деген шыр етіп жерге түскен кез келген баланың  бүкіл өмірі ғой. Адамзат еліктеу және көшірмені жетілдіру арқылы жаңа дәуірге аяқ басып отырған емес пе? Кеше ғана өз алдына ел болған қазақтар осы орайда кішкентай сәбиден несі артық?

Бірақ, қарап отырсам, керісінше біздікілер “еліктегіш”, “көшіргіш дегеннен гөрі”, “көшіруді қатыра алмайды” деген дұрыс болар. Көшіруді АҚШ, Ресей, Жапон елдері қатырады бір бірінен. Сосын Қытай елі мықты көшіре біледі. Ал мына елдің көшірмесі көбіне шала шығады.
Көшіру – деген жаман құбылыс емес шеберлікпен жасалса, бұқара халықтың қолдауына ие болса. Көшіру арқылы, тәжірибе бөлісу, еліктеу арқылы бала жетіледі, ел жетіледі, адамзат өркениеті дамиды. Глобализацияның қозғаушы күші көшіру.

Көшірсек те түпнұсқасынан кем көшірмейік. Мәселе сонда ғой. “Аянышты көшірме” болғанша, “жетілдірілген қазақша нұсқасы” болған керемет емес пе?

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

12 Responses to Еліктегіш елміз деп кім айтты?

  1. aral53 says:

    Бұл да ойланатын, билік назар аударатын мәселе екен.

    Ұнады

  2. qisyq says:

    Негізі бұл өзің жазған “Сорлы тақырыптар хитпарадынан” ғой. Жаңашылдық дегенді жақтырмайтын бірден-бір халық болса, ол қазақтар. Қазақтардың бір жартысы. Қазақ парадоксы деген бар, сонымен қатар, бір нәрсенің соңынан ере кетуге дайын тұратын қазақтардың екінші жартысы. Именно “жетілдірілген қазақша нұсқасын” жасауға емес, ере кетуге. Нәтижесінде, екіге жарылып алып, “контр-страйк ойнайд та жатад”. Толық қосыламын сөздеріңмен.

    Ұнады

  3. Семіз әнгіме қуптаймын!

    Ұнады

  4. aizhannur says:

    жаңа дүние ойлап таба алмасаң, әрине көшіргеннен басқа амал жоқ. Фэйк қытайлық ширпотреб секілді, біздің де өмірде талай жалған брендті жамылған заттар көп. Тіпті, киноның өзі еліктеп әлек.

    Ұнады

    • Gagarin says:

      Жаңа дүние ойлап табу үшін, жұрттың ескісіне ілесіп алу керек алдымен. Арбаны есектің алдына қойып алысқа бармайсың.

      Ұнады

  5. aizhannur says:

    sonda omir boiy arba bop otu kerek pe? Bir sat esek, tipti aksak esek bolsa da,bolyp koruge bolady goi.
    Kowirme jasaudan mega maman bolsan da, kreativti bolmasan, ewkawan ew narse oilap taba almaisn :)))

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Айжаннұр ханым, сөйлеміңіздің дұрыстығына күмәнім жоқ, алайда тақырыптың бағыты сәл басқалау еді. Креативті болу да, керемет жүзеге асыра білу де маңызды. Мәселен Леонардо Дикаприо сөзсіз гений, алайда оның гениалдығынан адамзат мүлде пайда таппады. Неге? Өйткені ол өз креативтерін құпия сақтап, ешкіммен бөліспеген, сонымен қатар оны жүзеге асыратын қуаты болмаған. Тағы бір мысал, футбол. Ағылшындар футболды ойлап тапты, дегенмен дүние жүзінде футболдан ең мықты кімдер??
      Яғни мәселе креативте емес, оны жүзеге асыра білуде. Кейде өңделген көшірме түпнұсқадан да мықты болып шығатыны соншалық, түпнұсқаның авторын ешкім білмейді.

      Ұнады

      • ken says:

        “Леонрадо да Винчи” дегің келген болар?)))

        Ұнады

        • Gastarbaiter says:

          Дикаприо деп жазыппын ғой, оо мәмбет десе, Дискавериді дұрыстап қарауым керек еді, пікірталас не теңім десейш.

          Ұнады

          • qisyq says:

            муахахахахахаха)))))))

            Ұнады

  6. Велосипедти кайта ойлап табудын пайдасыз екенин казир Кытайлыктар жаксы тусинген.
    Карап отырсан орыстардын ози шетелден асырып кошируде алдына жан салмайды, коптеген тв- жобаларын айтам.

    Ұнады

  7. kilyzaman says:

    Бәрі дұрыс қой, еліктегеннің де жөні болады емеспе?!
    Мүмкін, мәсленің тамырын басқа жерден іздеу керек шығар.
    Еліктеу мен үйренудің айырмашылығын болатынын түсіну керек сияқты ең әуелі.
    Үйренде жирен деген бар емеспе…

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: