Қай “Құлынбие пикчерз” ақшасын далаға шашуға құлықты?

(16 Kb, 314x209)

Менің түсінігімше, кино индустрияға біз тым көп мін тағамыз. Сыншыл болған дұрыс, бірақ бәрі бірыңғай жаман бола бермейді. Сондықтан, сынап отырған обьектінің жақсы жақтарын да атап өтсек әділ болар еді.  «Біздің ішкі рыногіміз кішкентай» деген шындықты үлкен-кішілі кәсіпкерлердің көп қайталайтыны соншалық, бізге бұл өтірік сылтау сияқты естіледі. Бірақ бұл жалғыз шындыққа жанасатын себеп. Сондықтан аз-мұз таланттар сыртқа ағылады. Қалатын тек мемлекеттен көмек алып отырған патриоттар, және генийсымақ энтузиаст алқаштар, немесе аз ақша салып, аз «навар» тапқанын қанағат тұтатын кішігірім киностудиялар ғана деген әсер қалды. Соның өзінде біздің кино, рынок мөлшері біздікімен бірдей елдерге қарағанда анағұрлым жоғары.

Мәселелер

Дарындар көп, ал маман— аз.  Шеберлік туа біткен дарын емес, қанша жерден біртуар актер болса да, өзін жетілдіруге ден қойып, тер төкпесе,  нағыз маман бола алмайтын сияқты. Біріншіден дарынсыз мақаудан шебер жасап шығаратын мықты мектептер көрінбейді.

Екіншіден халықтың өзінде кино индустрияға деген көзқарасы басқалау. Бізде «әртіс» деген сөздің өзі жақтырмаушылық реңге ие. Балаларға арналған актерлік курстар, актерлік ұйымдар дамымаған. Ашылып жатса да кімдер барады дейсің? Сол орыс, кәрістің балалары. Ал қазақы жанұяда ше?  “Қой балам сахнада жыртыңдайтын әртіс болмайд, кең креслода отыратын әкім болад».

Үшіншіден мықты актерлік мектептерді көбейту үшін ақша, ал ақшаны сұрауға мықты негіз керек, негіз болу үшін ақша ақталатын болу керек. Бұл әрбір істің бұлжымас заңы. Ретсіз әркімге “Тереза шешей” болған мемлекеттің пешенесіне құлдырау жазылған.

Төртіншіден қаражатты ақтау үшін фильмдер әлемдік аренаға арналып шығу керек. Мәселен, Тимур Бекмамбетов Қазақстан халқына арнап фильм шығаруға сонша ақша жұмсаса, ол, пардон, дамбалсыз қалар еді. Рынок жоқ оған Қазақстанда.

Бесіншіден, әлемдік сахнада конкуренцияға шыдау үшін, мықты компаниялармен байласып, тәжірибе алмасу керек екен, онда солар үшін тиімді жағдай тудыру керек екені анық. Бізде тиімді жағдай тудыру үшін артық ақша жұмсап қызықтыруға мәжбүр болмаймыз ба? Алайда ақша ақталмайтын жерде, фильмге үлкен ақша құю тек мемлекеттік тапсырыспен ғана жүзеге асырылуы мүмкін екенін ескерген жөн. Әйтпесе, қайбір “Құлынбие пикчерз” қазақ киносын дамытам деп, ақшасын далаға шашуға құлықты дерсіз?!

Бірақ мемлекеттік тапсырыстың аты, азаматтардың қолдауынсыз, өздерің білесіңдер жай ғана мемлекеттік тапсырыс. Оған қоса,  Патриотсымақ қи-газеттер сол күні кешке, ойбай пәленше бастық киноға пәленбай мың ақша жұмсапты, одан басқа елде проблема жоқ сияқты…деп бұтының түгін бір талдап жұлад. Өтірік па?

ЖҰБАНЫШ

Ресейдің сериалға түсетін актерлері де аса мықты актерлік шебер демес едім, Мұңайған менттердегі құсық ойындарына да риза болып көріп едік кезінде. “Бандитский Петербург”-тегі Антибиотиктен басқалары да ойындары орташа дер едім. Бірақ орташа сюжетіне қызығып қарай бердік. Шетелдік сериалдар барынша қолжетімді болған соң, неше түрлі Доктор Хаус, Клиника, Побег деген киноларды көріп, әккіленіп алып, “бізде неге сондай емес?” деп комплексовать етеміз. Оларда бәсеке басым, база үлкен.

Ал қазақтардың түйеден түсіп, жан жағына қарағаны кеше ғой.

“Неге сондай? Неге бұндай?”  деп бекерге боқ жағысып,  аспанға осырғанша, “Сондай болмау үшін не істеу керек?” деген сұраққа тұшымды жауап беруге тырысқан жөн сияқты… Және топас көрерменнен ақша соруға арналған шетелдік «тарсыл-гүрсіл» блокбастерлерлермен салыстырсаңдар, өз еріктерің. Салт аттымен жаяу жарысамыз деп бұтымыз айырылмасын. Өзіміздің болмысымызға тән, көп қаражатты қажет етпейтін, сюжет пен сценарийді алға қоятын, «Подарок Сталину», «Қош бол, Гүлсары»  сияқты фильмдер «Гран Торино», «Черный Красавчик» сияқты фильмдермен бір қатарда. «Заблудившийся (Адасқан)» мистикалық триллері ше АҚШ, Корея, Латын-Америкасының киноларының бізге бәсекеден өтіп жететіні ең үздіктері, олардың өзі кейде ұшындырып жібере сақтайды. Одан басқа жылына қаншама арзан фильмдер, көрмек түгіл атын атауға тұрғысыз мыңдаған дүние шығады. ? «Біздікі неге Оскар алмайды?» деп те қасым қышымайды. Мүмкін бізге өзіміздің көзқарасымызға жақын стандартымызды қойған дұрыс шығар? Өзіміздің «кинотаврымызды», «оскарымызды», «никамызды» сыйлайтын фестиваль керек шығар? Білмеймін.

Сөйтіп өз мәртебелерін көтерсе, және сол әмпай-жампайымыздың ішінде әлем киноларының біздің менталитетке ең жақын түсірлгендерін атап, оларға да сыйлық ұйымдастырылса. Батыстың қайткенмен мәдениеті бөлек болған соң, көзқарасы да бөлек болады ғой.

Ал біздікілер оларға жағынып, «Оскар» алып, көршісін қызғанту үшін қашаңғы сарайға апарып қой «дырылдатып» жергілікті халықтың ашуын келтірер дейсің?

Ия, айтпақшы, американдықтардың көбі біз ойлағандай секс-маньяктар емес, сондықтан кинодағы секс көріністерге әсіре ден қоюшылық оларда сәннен қалған, және арзан фильмдердің белгісі деп саналады. Онымен қоймай, орташа режиссердің түсіне кіріп жүрген «Оскар» алу барысының өзі субъективті талғам ғана емес, шым-шытырық бизнеске байланысты екенін амеркандық блоггерлердің басым бөлігі айқындап отырған жоқ па?

Қорытарым, сөйлегенде тым масштабты сөйлегенді де азайтсақ қалай болар екен? Бір киноның өзі әртүрлі сезімдер тудыратын заманда, бүкіл қазақ киностудияларының еңбектерін қи сасыған шүберекпен сабау дұрыс па?

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

7 Responses to Қай “Құлынбие пикчерз” ақшасын далаға шашуға құлықты?

  1. sagym says:

    Пікірлер орынды. Әрине, өнерге ақша шашуға қазақ дайын емес. Өнер тұрмақ білімге ақша салуды көпсініп отырмыз. Қазақ киносына сын айтумен көп адамдар айналысып кеткені рас. Меніңше қазақ киносының тағы бір мәселесі кино сыншылардың жоқтығы. Жалғыз кәсіби сыншы Гүлнәр Әбікеева орысша жазады, және киностудиядағы достарының көңілін қимай жалтақтап отырғаны қашанда. Негізінде сынды кино-сыншылар айтқанда дұрыс болар еді, Бекболат емес. Дегенмен өнердің бір үлкен саласы, өзінің қыр-сыры бар дегендей.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Сағым, сенің ойыңша, арнайы киносыншылар даярлайтын факультет ашу керек пе? Және неліктен Бекболат Тілеуханов киносыншы бола алмайды? Немесе Семен Дәруіш неліктен кино туралы өз ойын айта алмайды?

      Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Тағы бір сұрақ, киносыншылардың саны қаншаға жеткенде “жеткілікті” деп айтуға болады? Киносыншылар мөлшерінің константасы бар ма, әлде оның адам басына шаққандағы тұрақты коэффициенті бар ма?

      Ұнады

  2. patick says:

    негізі дұрыс ойың. осыны да жете түсіндіретін адам аз ғой. біреу келіп, біреуді жамандағанға шебер. ал, сол ештеңе жақпайтын адамға “енді саған қандай кино керек” деп сұрасаң мыңқылдап тұщымды ештеңе айта алмай қалады. негізгі басым бағыттарды анықтап алу керек сияқты, әркімге еліктей бермей. қос аяқтап айтқаныңа қосыламын!!!

    Ұнады

  3. sagym says:

    Сенің нокингоут сұрағыңа жауап беріп көрейін. Пікірін білдіру мен кәсіби сын бірдей емес қой. Семен Дәруіш қ әрпіне қақалғанша ойын айта берсін, оның пікірі де қызық болуы мүмкін. Бірақ менің айтпағым кино өндірісі жетілген жерде міндетті түрде сауатты сын болу қажет. Мысалы, кеңес уақытында киноға арналған бірнеше жорналдар болған. Советский экран, Қазақстанда Жаңа фильм деген сияқты. Бұл жорналдарда жаңа кинолар туралы ақпарат, режиссерлермен сұхбат жарияланатын. ТД ларда Кинопанорама сияқты бағдарлама болған. Жалпы кино туралы ақпарат немесе сын көреременнің эстетикалық талғамын дамытады. Кино таза шығармашылық болғандықтан, оның қыр сырын білетін эксперттердің пікірі шығарманы кино әлеміне деген көзқарасты қалыптастыруға көмегін тигізетін болу керек. Inside the Actors Studio бағдарламасының дүниежүзі кинокөрермендеріне берері көп, мысалы. Киносын деген быт-шытын шығарып жамандау емес, жалпы сараптау, меніңше. ВГИК те киносыншылар факултеті болған, ал біздің кино және театр институтында ешқашан болған емес. АҚШ университеттерінде film studies факультеттері бар. Киносыншыларға сұраныс бар онда. Ал Бекболат туралы пікірімді жазсам ұзақ болып кетер, бір сөзбен айтқанда ұлт болашағын ойлаған азамат Ермектің былжырағымен алысқанша басқа жұмыспен айналысар.

    Ұнады

  4. ық-ық says:

    Киносынссс

    Ұнады

  5. qisyk says:

    Жыным келед, бар ғой…Қазақ бір-бірінің көтін шұқымаса отыра алмайды ғой….Мысал мына жерде – http://abai.kz/content/edepkhan-deuletniyazov-kokeidegi-kop-kiyaldy-kozgagan-film#comment-27333

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: