“Malimetter.Org” сайтын жіліктеу

***

Ия, сайттарға туыс- таныстығына қарамай тәуелсіз сараптама жазбағалы көп болды.

Бүгін мен “http://malimetter.org/” сайтын нысанаға алғым келіп отыр. Энциклопедия атаулыға қызығушылығым зор болғандықтан осы бір қазақ тілді энциклопедиялық сайтқа ерекше назарым ауды. Қазвикипедияға болашақта толыққанды бәсеке бола алады деуге негіз бар,  жазу стилі де жеңіл, маған сонысымен ұнады.  Тұрақты оқырманы болуға тұрарлық. Тағы бір ұнаған бөлігі, “қазақтарға ағылшынша үйрету” деген айдары бар екен.

Ағылшынша сабақтар мақала түрінде ауық-ауық жарияланып тұрады. Пионер бауырым, құттықтаймын, сен қателеспесем, бұл салада құралайды көзге аттың, яғни өзің жаһанға жар салғандай, алғашқысың. Саған дейін бірнеше сайттарда ағылшын тілінен кішігірім сабақтар жариялаудың бастамалары болған. Бірен-саран блоггер бір-екі рет басын шалған. Бірақ нақ осы жолға түсіп, сабақтарын жүйелі түрде беріп, онлайн дәріс беріп көрмеген. Ризамын! Оған қоса сайт иесі ешқандай партия мүддесін қорғамаймын депті. Өте құптарлық нәрсе.

Мазмұны даусыз құнды, әрі қызық ақпараттарға толы. Бірақ бұл қауымдастық блогтың иесі неге екені белгісіз өз ресурсын “сайт” деп атайды.

Алайда, оның сайтқа  тіркелу, немесе ақпарат қосу деген пернесінің орналасқан жері ұнамады. Бәлкім сол себепті болар, оқырмандардың көбіне белсенділігі мақалаларға пікір жазып, құжат-мәліметтерді жүктеп алумен ғана шектелген. Яғни таңдаған дизайны жаман емес, бірақ жүргізілу мақамы ВЕБ 1.0 заманындағы сайттар немесе жеке блог секілді. Бір адам блог мазмұнын толтырып, мақала жазады деген ойға келесің. Сосын тегін “смс жазу” деген пернесі бар екен. Ол қызметке қызығатындар да бар шығар, бірақ не үшін энциклопедиялық блогқа салып қойғаны құпия. Бәлкім адамдарды қызықтыру үшін шығар. Сонымен қатар “Кері байланыс” деудің орнына, поштасын біріншісінде “хат жазу үшін”, екіншісінде “ұсыныстар мен хабарламар үшін” деп екі рет қыстырып қойыпты.  Сосын тек көрінбейтін шрифтпен жазылған статисика. Көрінбейтіні құрысыншы, ол статистика сайт-әкімнен басқа кімге керек?

Сосын, әлгі маған қатты ұнаған, “ағылшын тілін үйрету” -деген айдары шыны керек жетілдірілмеген. Қазіргі жоғары технологияның даму шарқында баланы түрлі-түсті кітаппен де, суретпен де қызықтыра алмайсың, тіпті бір кездері жылтыр журналдарда жарияланып жүрген әйгілі Таңат Аяпованың дәрістері де аса қызықтыра алмады. Ал бұл сайттың әкімі қазақтарға ағылшын тілін бірыңғай жазбаша материалмен үйретемін деп қате жолды таңдаған секілді. Құр ауыз сын болмасын деп, өз кеңесімді берейін. Ағылшын тілінен онлайн сабақтар сұранысқа ие болсын, ал ең бастысы халыққа нендей бір пайдасытисін десең, көбірек көрнекіліктерді қос. Суреттер, ойындарды былай қойғанда, видео, аудио материалдар дайндау керек. Бұл оңай шаруа емес, әрине. Ал сен қалай ойладың? “Әлденені шытпақтай салам, ал жабайы дым көрмеген қазақтар соған да риза болып, құрғақ ақпаратты нан қоспай жей береді!” деп пе едің?

Екінші кеңесімді орындау жеңілдеу, бірақ ол да қыруар ізденісті қажет етеді. Ағылшын тілін үйретуде пайдам тисін десең, жеңіл, әрі қызықты, практикалық жаттығуларға бай мұғалімдерге, немесе өздігінен оқып, үйренуге арналған әдістемелік құралдар жасап шығар да, толық дайын болғанда сайтыңа тіркеп қой. Бітті.

Соңғы деталі:

“Сайт туралы” деген бетте:

“Сайт үшін және, ең бастысы, басқа да адамдар үшін өзіңіздің пайдаңызды тигізгіңіз келсе, сайттың мағынасы мен тақырыптарына сай мәліметтеріңізді қоса аласыз. Еш қысылмайық. Белсенді болайық!” – деп халықты өз сайтына тегін қызмет етуге шақырады. Бірақ  ақпаратты сілтемесіз таратуға, әсіресе “Қазақша Википедияға” салуға қатаң тыйым салыпты.  Яғни, авторлық құқық заңына табынушылық, құқықбастық “халыққа қызмет ету” ынтасынан сәл басымдау боп тұрған сияқты, бірақ мен қателесіп, сайт иесін бекер жазғырған болуым мүмкін… Өздеріңіз байқап көріңіздер

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

3 Responses to “Malimetter.Org” сайтын жіліктеу

  1. Жақсы айтылған. Сайттың техникалық мүмкіншіліктері қарапайым блогтагы секілді шектеулі болып тұр. Ол жағы көзге көрініп тұр. Әзірге осыны қанағат тұта тұруға тура келеді. Сайт блог секілді жасалған. Бірақ тақырыптық жағынан блогтан басқа болғандықтан сайт болып саналады. Вордпресспен де сайт жасауға болады.

    Ағылшын тілі сабақтарының кезегімен шығуы тіл үйренушілер үшін аздап кешеуілдегені болмаса, былайында тым сирек шығып жатқан жоқ.

    Ағылшын тілі сабақтары шетінен шығып отырады. Әр сабақтан кеткен қателердің орнын толтыруға тырысып жатырмын. Егер барлығы бірдей шықса, онда кемшіліктері көп болар еді. Соңына қарай жинақтап электронды кітапша қылып шығармақ ниеттемін.
    Сабақтарды видео, аудиолармен толықтыра түсу жайлы ұсыныстар түсті. Алғашқы кездегі кейбір сабақтарға қосылды. Бірақ оның өзі Интернеттегі тегін ресурстардың өнімдері болатын. Біздің сабақтар мен ондай ресурстардың айырмашылықтары көп болып жатыр. Осы деңгей (бастапқы) біткеннен соң барлығын жөнге келтіруге болады. Ұсыныстар болып жатса тіптен керемет болар еді.
    Ағылшын тілінің грамматикасы сабақтарына аудио мен видеоның қажеті шамалы. Себебі, олар теорияға (грамматикаға) негізделген. Оларға ендігіде жаттығулар мен тестік тапсырмалар қоссақ болады. Ал сөйлеп үйрену сабақтарына әлгі аудио мен видео қосылса, нұр үстіне нұр болар еді.

    Авторлық құқық дегендегі ой, сайттың қайталанып көшірілмеці болатын. Бір сайттағы материалды екінші сайтта үнемі көшіріп жариялағаннан еш пайда жоқ. Тек көшіруші жақ траффик жағынан ұтады. Оның бізге қажеті жоқ. Іздеген адам қиналмай-ақ таба алады Мәліметтер.org сайтыг. Ал басқа да сайттарға көшіруге болмайды деген тыйым жоқ.

    “Кері байланыс” және “Зат хабар жазу үшін” дегендердің өзіндік сыры бар.

    Тағы айтарым, ағылшын тілі сабақтары тілді меңгеріп шығуға мүмкіндік береді деп ешқандай да кепілдік бермеймін. ТІл қолданыста, көптеген уақыт жаттығудан соң ғана толықтай игеріледі. Біздегі сабақтар көмекші құрал ретінде, қосымша түсіндірме ретінде ғана. Интернет арқылы тілді жақсы меңгеріп алуға болатынына өз басым сенбеймін. Бірақ біраз нәрсені үйреніп алуға болатынын да айта кету керек. Ол жағы әркіңнің өзіне байланысты.

    САйт тек энциклопедиялық емес, сонымен бірге тагымдық болып та саналады. Ауқымы тар бағытты қстап алып, солай жүріп отырудан аулақпыз. Әркім өзіне қажетті мәліметін та алса, сол сайттың іске жарағаны. Үмітті ақтағаны.

    Осындай керемет сараптама, ескерту, сын, т.с.с. үшін алғыс атамын. Біз үшін бұл үлкен қуаныш. Көп рақмет!

    Ұнады

  2. Gastarbaiter says:

    Оқасы жоқ. Мен өзімнің алғашқы мамандығым ағылшын тілінің мұғалімі болғандықтан, қазақтарға, орыстарға, шетелдіктерге тіл үйретуден тәжірибем болғандықтан, ең бірінші сол жағына көбірек назар аудардым, және тіл маманы ретінде, грамматиканы да теорияны да үйреткенде қай жүйе бойынша болсын міндетті түрде көрнекілік керек екенін айтсам, білгішсымақ боп қалам ба деп, өзіңізден қысылып отырмын… грамматикада әсіресе көрнекілік керек, бұл жерде ешқандай компромис болмауы тиіс.
    Бірақ ол маңызды емес. Ең маңыздысы сізге бұл талдауым жетті. Егер осы талдау сізді қандай да бір жасампаздық ойға жетелесе, жазба қызметін орындады деп есептеймін.

    Ұнады

  3. abdibi says:

    BeU.kz — Ерлер порталы калаитиркеледи

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: