Мен қазақ сайттарына қайран қалам!

Басын Аршат Оразов бастаған  бұл тақырыптың жалғасын қысқаша ғана кіріспеден бастағым келеді.

Бірден айтайын, мен AWARD KZ – ке қатысым жоқ, сондықтан менің сараптамам өзімнің  локальді тәжірибеме сүйенген тәуелсіз субьективті сараптама болып қала береді. Егер менің қазақ интернетін шарлаумен өткізген талай сағат, тәулік, ай, жылдарыма сенім білдірсеңіздер оқи отырыңыздар. Және ия, айтпақшы, бұнда үздіктерге пішінәй берілмейді. Пішінәйдің орнына бәлкім өзіңіздің сайтыңыз жайлы құнды ақпарат аларсыз. Субъективті дегенде «Құрыған сайт, құсық контент, іріген дизайн, шіріген навигация, қысқасы админ мырза, у ішіп өл» —деп Лебедевсымақ болады деген сөз емес…Жарайд, бастайын.

ҚАЗАҚША ДИЗАЙН:)

Қазақша сайттардың дизайн мәселесі бөлек тақырыпты қажет етеді. Төмендегі шетелдік сайттарды қарап, бір күрсініп қоясың. Біздің бетке ұстар дизайнерлер осындай флэш-дизайндарды жасаймын дегенше тағы бір он -он бес жыл керек шығар. Онда да қиын-ау. Әзірге шетелдік  дизайндарын көшіріп, оны қазақшаға аударып, танымастай өзгертуден әрі аса алмағанымызды мақтан тұтып жүрміз…

Ия, мақтан тұтпақ түге,  бір флеш анимация жасасақ, «Алғаш пәленмін!», «Алғаш түгенмін!»,»кілең  майталмандар боп жиналдық»  деп бір біріміздің артымызға өтірік көпшік қойятынымыз тағы бар. Белгісіз ғана, ешкім қыртына қыстырмайтын осынау елде осындай дизайнерлер саусақтарын билетіп,мұрнымен бұлт теріп, өзара қырқысып, менсінбей, немесе «мен ғана интернетті сүйреп жүрмін», «жо-жоқ, ол әншейін ресми ғана, мен нағыз майталман!» деп зомбодидардан елге ақыл айтып жүргенін білсе, олар артын ашып күле бәлкім. Мәселе, күлетінінде емес. Басқа ұлттың біз туралы не ойлайтыны қызықтырмайды. Ең бастысы сырттағыдан хабары бар қазақтардың қазақтар туралы жаман ойлауында, ал жақсы ойлайтындардың сырттағыдан бейхабарлығында…

Шетелмен салыстыруға болмайды дейміз. Әлбетте, біз елдің спорттағы, ғылымдағы, әлеуметтік дамудағы деңгейін қатардың соңынан санап үйренгенбіз.  Бірақ біздер соны біліп, бақталасудың орнына, бірігіп, Аршат айтпақшы жұмылып, ұялмай, ауыз толтырып айтуға болатын бір проект жасасақ езуіміз жыртыла ма?

«Мен, мен, мен бәрін бастаған, бәріне блог ашуды үйреткен, бәрін қасықпен тамақтандырған мен!Алғашқы форум ашқан кім? Мен!», «Есесіне мен алғашқы әлеуметтік торды қазақшаға аудардым!», «Ал мен алғашқы подкастинг жасаған қазақпын!», «Мен браузерді алғаш қазақ тілінде шығардым!»… Артынан он бес шақты коментарийлер «Ой бағың жансын!», «Қазақта өзіңдей жігіттер туа берсін!» деген мақтауға мас. Тек өздерінің қара басын пиарлап әлек.

Сондағысы сырттан көргенін, бұрыннан бар нәрсені  алғашқы болып қазақша жасағаны ғана. Дәл менің көз алдыма статьяға бірінші коментарий жазып үлгерген балдырғандардың «Первый нах!» – деген топас мақтанышқа толы коментарийі елестейді.  Ал өз басымен, өз қуыс кеуделеренінен жұлып бере алатын нелері бар???Мәселе сонда.

Әр қайсымыз жеке-жеке сұмдық бір тұлғамыз да, өзгелердің  күні түні ұйқтамай жасаған еңбегі мұңайған боқ екен. Жарайды, келістік.

Олай болса, қарап көрелік, төмендегі шетелдік дүниелерді.

http://www.pinsane2.com/pinorama/events/MJ_09/kr/michael_jackson_arcade_entry.html

http://www.insidepiet.com/#/desktop/

Ал мына сілтемелердегі сайттардың дизайны осыдан 7 (!) жыл бұрын өңделген.

Шетелдік сайт -1

Шетелдік сайт -2 (эминемнің өлең жинақтары)

Қалай екен? Әлі де біріншілікке таласқыларың кеп тұр ма  тәкаппар сайт жасаушы жолдастар? Әлде тағы да ізденгілерің келе ме?

(сурет~report.ru)

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

30 thoughts on “Мен қазақ сайттарына қайран қалам!

  1. Әлгі сайттар жынды жасалған екен. Дегенмен, біздегі сайт жасаушылардың әуесқой екенін де ескерген дұрыс. Оның үстіне қазақша ақпаратқа сұраныс аз.

    Ұнады

  2. Блә, Гастарбайтер, сен де шаршамайды екенсің құры айқайлаумен. Не тындырдың осыдан бір жыл бұрынғы айқайыңнан кейін? Жастар.бізде де жыртылып-жыртылып қойдың ғой. Жыртыла бермей іске көш.

    Ұнады

    1. Блә брат,тасақ салыстыру қалып еді ендігісі…Мен өзімді Қаз Интернеттің ұсынушысы емес, белсенді тұтынушысымын деп есептеймін. Юзер яғни. IT маманы немесе жүйе админі болған емеспін…болуға талпынбаймын да, мамандығым да әуестіктерім де бөлек.

      Ұнады

  3. негізі бар ғой иә Қазнеттің қазіргі деңгейі нормально. өйткені бізде тұтынушы саны аз. мысалы есептеп қарайықшы: Қазақстанда шамамен 5 миллион қазақ бар, оның 3 миллиондайы балалар мен қарттар. қалған 2 миллионның неше пайызы интернет қолданушысы? шамамен 20 мыңдай тұрақты қолданушы бар шығар. Олардың көбісі Орыснетте жүреді. Қазақша сайттарда жүретіндер 3000-4000 адам. яғни юзерь де аз, сайт жасаушы да аз. ал сендер сапа дейсіңдер. алдымен қолданушы көбею керек менің ойымша.

    Ұнады

    1. Тұтынушы аз, себебебі іздегенін таба алмайды. і…Сайттарыңызға қандай тақырыпты іздеп көп келсе, сол сұрауға лайықтап контент жасайсыздар. Демек жүйе әкімдері көштің алдында емес, соңында жүреді. Онсыз да бар зат молайып, жоқ заттар жоқ күйінде қала береді.

      Ұнады

      1. Маралбек, сізбен толық келісе алмаймын. Аршат айтқан жағдай түсінікті ғой. Аздаған адамға бола ерен енбек пен қаржы сарп етіп, жақсы сайт ашқанымен, ол бірен-саран халықтың қажетіне жараса, сайтты жасаған, ұйымдастырған адамға қиын ғой. Ол жайлы өз блогымда жаздым.

        Қажетті материалдардың болмауы, болса да аз болуы туралы айтқаныңға қосыламын. «Реферат сайтын аштым» деп алып, келесі бір сайттағы рефераттар ды көшіріп аламыз. » Сайтқа қазақша ертегілер қостым» деп алып, сол баяғы массағандағы ертегілерді көшіріп аламыз. Жоқ зат жоқ болып қала береді егерсіз болып, біз болып өз үлесімізді қоспасақ.
        Неге әрбір адам Интернетті тек материал іздеп табуы үшін пайдалануы керек? Неге олар да өздерінің қол ұшын созбайды? Сайт пен сайттың ішіндегі мақлалар сайттың админіне керек пе? Жоқ, керек емес. Істесе, халық үшін істейді. Ал олай істеген адамды қалай да болсын кінәлау дұрыс болмас.

        Ұнады

    2. Сұраныс болмай, ұсыныс болмайды. Сізбен келісемін. «Мой Мирден ғана Интернет құралады» деген ойдағы қазақтілділер үшін қазақтілді Интернеттің дамуы мен дамымауы бір тиындық құнға ие емес.

      Ұнады

  4. Қазақтарға шүкіршілікпен жүре тұрған жақсы әзірше )

    Объективті қараған дұрыс, қарап тұрсақ білетін/істейтін адам аз емес, қазақстан бойынша білгірлердің бәрі ауылда малға шөп орып алып келе жатқан жоқ, өздерін өте жоғары деңгейде ұстайды, және басқада интернетте оытрған сана-сезімі және фантазиясы бар, күнделікті интернеттегі жаңалықтарды оқып оытрған юзерлер мен вэб-жасаушылар жеткілікті …. бірақ, жай қуып жүріп, далбаса сайттарды ашып, мөңкіген исіне көпшіліктің кірмегеніне ренжіп өмірінде интернетте жоғарыда айтылғандай «галочка»лар қойып шығып шірівөлсе болды

    қазақтар жайылып жүр – сан жағына мән бермеу керек дамытам деген адамдар, олар қазірдің өзінде де аз емес, күнде тырысып жатыр күнімен істеп-істеп қазақтарды істеватрғой, не үшін жүр дейсіңдер қазіргі қазақтар, күнделікті пәленше Қазақбай, Қазақгүл, Қазақбектер шығыватрғой заводтан

    Барлығы соншалықты абсолютты патриот тіпті қазақ болып туды болды соның өзі үлкен жетістік, аузына тығарын тығып көтінен боғын шығарып қазақ деген жеке куәлігін құшақтавөлсе болды)

    Қысқасы, қазақтарды ойламай-ақ қойыңдаршы, не істей аласыңдар ь

    Ұнады

    1. Шынның әр сөзін екілегім кеп тұр.

      Ешкім ешкімге ренжімеуі тиіс. Патриотсымақ энтузиасттар менің сайтыма келмеді деп ренжімесін.
      Ал интернетке пайда тигізіп жүргендер, өз алдына жапан дүзде жалғыз жауынгер сымақ болмай-ақ қойсын. Олар болмаса да аспан айналып жерге түспесі анық… Қазнетке көбіне риза болмайтындар, әр елдің сайттарын көріп жаман үйренген әккі қолданушылар… Сондықтан, біздің де ренжуіміз орынсыз. Біздікі тек қиял ғой…

      Ұнады

  5. Иә, соңғы Гаста мен Қазнетинфоның пікірлеріне толық қосыламын. Реніштің керегі жоқ, сайт болсын, блог болсын – Қазнетте көбейе бергені жақсы. Сан сапа туғызады, бара-бара өзі екшеліп қалады.

    Ұнады

  6. Сәлем жігіттер мен қыздарІ

    ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінде Қазақстандық интернетті дамыту жайлы жұмыстар жүріліп жатыр. Соған байланысты қазақ сайттардың иелерінің пікірлерін білгіміз келеді.

    1. Қазақша интернет ресурстарды көбейтү үшін не істеу керек ?
    2. Егер үкіметтен қолдау болса қалай болғаны дұрыс?
    3. Үкіметтін қазіргі қолдауына қалай қарайсыз?
    4. Қазіргі қазақ сайттардың денгейі қалай деп ойлайсыз?

    жауапты deisingoi@gmail.com ға жіберулеріңзге болады
    рақмет

    Ұнады

    1. Мемлекет тарапынан ҚазНетті дамыту үшін мынадай шаралар керек деп ойлаймын.

      Интернетте қазақ тіліндегі Әлеуметтік жүйе жасауға ақша бөліп, сондай жүйе жасаса (орысша араластырмай), сонда қазіргі жастардың қазақ тілінде араласып-құраласуына игі болар еді.

      Интернет ресурстарын көбейту үшін әртүрлі тақырыптағы ғылыми, мәдени және т.с.с. бар ресурстарды біртіндеп цифрлап, мәлімет қорларын жасап, интернет жүйесіне шығару керек. Оны қалай істеу керек деп бас қатыратын нәрсе ма? Жылда бұл мәселеге ақша бөлініп жатыр. Бірақ қорытынды шығарып жүргендер аз.

      Сосын ҚазНетке серверлер керек. Жөні түзу, барлық жағынан қорғалған серверлерге, жоғары білімді, білікті мамандар ие болуы керек. Осыған қаржы бөлген дұрыс. Интернет ресурсты сақтап, тарататын техника да керек қой. Қаншама маманды Болашақта оқытып әкеліп жатырмыз, қайда солар? Есі дүзу IT мамандарды табу қиын емес шығар солардың ішінен.

      Қазір үкімет көпірік сөзден басқа қолдау көрсетіп отырған жоқ. Барлық жобалардың жартысынан далаға кетеді. Сосын орыс тілінде бір екі веб сайтты жылтыратып, оны шала-пұла қазақ тіліне аударып, қазақ тілінің иісі мұрнына бармайтын админді әлдеқандай қылып бас қылып отырғызып қояды. Ол шырағымның не істеп не қойып жүргеніні күңгірт. Айлығы ғана жоғары шығар, түсініксіз бірдеңелер сөйлегені үшін.

      Тапсырысты жасағанда веб-сайт бастан аяқ қазақ тілінде жасау, әбден біткесін барып қалған тілдерге аударуға болады деген шарттан бастау керек. Сайттың әр жерінде орысша, ағылшынша, т.б. тілдерге жылтың-жылтың еткен сөздер қалып кетпеу керек.

      Міне осындай мәселелерді еске ұстасаңыз, сапалы Интернет ресурсы да болады, өзіміз де өзімізді адам сезінерміз.

      Ұнады

  7. Казак тильды тутынушылардын кобиси ауылда. Ауылдык жерлерде интернет кызметин мейлинше арзандатып, жагдай тудырып, насихаттау керек. Тутынушылар кобейген сон ресурстар да оздыгынен кобееди

    Ұнады

  8. Асеке, Еркектерге арналға энциклопедиялық сайт жасауды бастадыңыз ба? Бастамасаңыз райыңыздан қайтпадыңыз ба? Дизайнер тапсаңыз, веб-бағдарламасын қатырып жазып берейін. Қазақ контентін көбейтуге қосқан тағы бір үлесіміз болсын.

    Ұнады

  9. Мен мысалаға сіздердің сайттарыңыздан қазақша туған күн құтықтауын іздедім таба алмадым. Неге өйткені қазақша мәліметтер өте-өте аз неге соларды басқа сайттар сияқты толықтырмайсыздар ойбай тұтынушы аз – аз дей бермей мен сендерге айтарым мәліметтерді толықтырыңдар, содан кейін сендермен сөйлесуге болады. Ал қазір сонымен айналысыңдар құр бекер анау мынау деп коментария қалдыра бермей.

    Ұнады

  10. көш жүре түзеледі, жағдай анау айтқандай жаман емес, бірақ тау қопарар күштер керек. Ол күш – Асау бота да, гастарбайтерлер де емес, биліктің күші керек. Шынын айтсақ, шалдың көзінің қиығы түссе жарайды. Ар жағын НұрОтан, ЖасОтандар қатырады деп ойлаймын. Санаулы форумдарда сіз бен біз мыңқылдағаннан сең қозғалмайды. Интернет көбіміздің өмірімізде орын алғаннан кейін, қазақ тілді тордың керектігі көзі ашық қолданушыға біліне бастады, орысша білмейтін ауылдың оқушыларының Магентте өз жәшіктері бар, кеш болса шоқиып отырып «суретті қалай салатын еді» деп отырады… Соның бәрін қаперіне алып, бағдарламасына кіргізіп, жасайық дейтін партияшылардың шаруасы деп білем.

    Ұнады

  11. Казак тилиди интерент тутынушылар аз, аз дей береді осы жұрт. Ал сол тұтынушыларга құр айгайдан басқа мардымды, сапалы, әр алуан акпарат берип жатырмыз ба? Сұраныс бара келе туындайды. Жарнама керек. Ариель, тайдтарынды ойпырымдап жарнамаламаса олардың керім екеніне сеніп , қымбаттығына қарамай алып, бағасы арзандау немістердің Henkel-інің сабынұнтақтарына мұрын шуйіріп қарамас еді уйдегі әпкем дегендей

    Ұнады

  12. Тұтынушы аз, ол көбейген сайын ұсыныста көбейеді деген дұрыс емес, себебі онда нарықтық жағдай бізге жарамаытындығы түсінікті. Санын күтпей ұсынысты ұлғайту керек. Егер ел қатарлы дамып келе жатқан болсақ, онда түсінікті еді. Ал дамыған өркениетті әлем интернетті қолдануда баяғыда алға кеткенін білеміз. Сондықтан қазақтілді Интернеттегі материалдар көбею керек. Және ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында Қазақстан қомақты қаражатты өздеріне бағынысты мемлекеттік ресурстарға міндетті түрде бөлсін, мысалы, қазақ википедиясындағы материалдар тым аз, ал оны толтыруға сонша қаражатта керек емес, білім министрлігі барлық жоғары оқу орындарын әр сала бойынша өздеріндегі бар мәліметтер толтырса соның өзі жетіп жатыр.
    Ешкім ешкімге ренжімеу керек дегенмен келісе отыра, тек мемлекетке, ҮКІМЕТКЕ реніш білдіруге болады. Чувство информационной самозащиты болу керек қой. Орыстілді нет емес, тек қазақ тілді нетке басым қаражат бөліп толтырса, және дамуына арнайы бағдарлама жасап қаржыландырса ғой…Сонда оларға да реніш болмас еді, а то мемлекет деген Үкімет деген атаулары бар ғой…

    Ұнады

  13. Шыныменде сұраныс аз аз деп ештеме істемей отырган болмайды. Негізізінен Инеттегі нарықтың заңы бөлек. Ұсыныс көп болса жақсы болар еді. (Мен колледжде оқып жүрген кезде бір мұғалім айтқан «неге осы қазақша Word ойлап таппайды, ішінде қазақша жазылған сөздердің орфаграфикасын, лексикасын тексеретін» деп сұраған).
    Зачита дейсіндер негізі бұзалмайтын зачита жоқ шетелдің атақты деген зачитасының өзі бұзылып жатыр. Сол біздің зачитаны орта деңгейге көтеру керек. Мысалы: Ресейде ақпаратты қорғау заңы бар егерде соларды бұзса жазаға тартылады. Ал сол ресейдің хаккерлері біздің елде сондай заң жоқ екенін білмейді дейсің бе, олар мынаны біледі біздің елдегі ақпаратты бұзу ешқандай пайда әкелмейді.

    Ұнады

  14. «Ешкім ешкімге ренжімеуі тиіс. Патриотсымақ энтузиасттар менің сайтыма келмеді деп ренжімесін.
    Ал интернетке пайда тигізіп жүргендер, өз алдына жапан дүзде жалғыз жауынгер сымақ болмай-ақ қойсын. Олар болмаса да аспан айналып жерге түспесі анық… Қазнетке көбіне риза болмайтындар, әр елдің сайттарын көріп жаман үйренген әккі қолданушылар… Сондықтан, біздің де ренжуіміз орынсыз. Біздікі тек қиял ғой…» Меніңше, сенің қиял дегенің дұрыс емес. Қазақта «сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар. Сенің ашық сыныңның өзін әртүрлі қабылдап жатырмыз. Өзің сілтеме жасаған сайттарды көріп, шынында да, «дәл солардай болуға неге ұмтылмаймыз?» деген ойл келеді. Меніңше, көп кешікпей біздің қыз-жігіттер әдл сондай сайттарды жасауды да үйренер. Бірақ, Үкімет тарапынан оңған көмек бола қоймас, тек бір-бірімізге үйретіп жүрсек, абзалы сол болар деген ойдамын.

    Ұнады

Пікір қалдыру