Миғұлалар билігі

Адамзат эволюциясы бір топ орташаның ішінен бөлініп шыққан үздіктерді сұрыптау арқылы, қоғамымызды бүгінгі дамыған күйіне жеткізді. Ғалымдар осыған қарап, болашақта адамдар жаңа сатыға өтіп, керемет мүмкіндіктерге қол жеткізеді деген заңды болжам жасаған болатын. Бірақ бәрі соншалықты қарапайым емес екен. Эволюциялық даму үшін кейде адам санасының өсуінің тежелгені дұрыс екен.

Бір заржақ форумшы бір кездері адамның жанұя пландау мен көпбалалық сауаттылыққа тікелей байланысты екенін айтып, статистика келтіріп, біраз адамның аузына құм құйған-ды. Сонда қарсы шыққандардың бірі мен едім. Ал мына шыққанынан 4 жыл болса да, аса жарнамаланбаған, ағылшынша “Idiocracy” деп аталатын фильм болса, әлгі сұхбатшының сөзін дәлелдеп тұрғандай. Яғни, болашақта ақылды адамдар азайып, бұқара халық көпшілігін кеңкелестер мен дебилдар құрайтын болады. Ал Билеушісі әрине миында кішкене ғана қыртысы бар, миғұладан сәл ақылды біреу болады.

Фильм комедия жанрында түсірілсе де, ойлантатын біраз тұстары бар. Мәселен өзімізде де күннен күнге дербес ойлаудың нышаны қалмай бара жатқан сияқты. Жалпы фәлсафасына көп бас қатырмай, қарқ-құрқ күліп, шырт-шырт шемішке шағып (ауылда попкорн жоқ біздің)  пырт-пырт осырып отырып та көруге болатын фильмдердің бірі дер едім.

Фильмді мына жерден тегін көруге болады:

http://video.mail.ru/mail/busamol/188/741.html

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

7 Responses to Миғұлалар билігі

  1. ken says:

    Осы кино өткенде НТКдан болып жатқан. Бірақ ортасына дейін ғана көрдім.
    Меніңше, бұл фильмде қазіргі Американың кейбір ой-өрісі шектеулі атақты шоу-бизнес жұлдыздарын (әсіресе, “крутой” қара домалақ жұлдыздарын) және соларға еліктейтін адамдарды, сондай-ақ, айналасындағы барлық нәрселерді тек “Круто” немесе “Атстой” деген секілді сөздермен ғана сипаттай білетін топтарды мазақ етіп көрсеткісі келген деп ойлаймын.
    Және егер сол топтағы адамдар қоғамның басым көпшілігін құрайтын болса, сол елде Идиократия орнайтынын көрсеткісі келсе керек.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Американдықтар адамзаттың оның ішінде өздерінің кемшіліктерін сынайтын фильмдерді жақсы түсіреді деп айтуға бола ма?

      Ұнады

      • ken says:

        Ол жағын білмедім. Киноман емеспін.
        Бірақ мына кино жақсы шыққан сияқты. Қырқ-ықрқ күліп, пырт-пырт осырып отырып көрдім. Бірақ ортасына келген кезімде, бір жаққа кету керек болды.

        Ұнады

  2. madlen says:

    “ақылды адамдар азайып, бұқара халық көпшілігін кеңкелестер мен дебилдар құрайтын болады. Ал Билеушісі әрине миында кішкене ғана қыртысы бар, миғұладан сәл ақылды біреу болады.” – Madagaskar multfilmyndagy King Julien men onyn kol astyndagy jandikterdi eske tusiredi eken🙂 Lemurlarga uksaityn bolatyn shygarmyz :)))

    Ұнады

  3. Serzha says:

    болашақта бәрі жақсы болады, ауырмаймыз, үнемі бақытты боамыз, одан жалықпаймыз
    трансгуманизм-тян

    Ұнады

    • bireu says:

      Serzha, болашаққа барып қайттың ба? ололо-трололо

      Ұнады

  4. bireu says:

    Дарвиніңссс, басталмай жатып өлген “теріс ілімді” өміріне темірқазық еткендердің барлығының да өмір емес, тек далбаса!!!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: