Сопақбастың 57-ші сандырағы: “Білім базаңыз неден тұрад?”

Сізге бір ойын ойнауды ұсынамын. Сіздің білімділік шырағыңызға түкіріп, бір сәт қиял тұңғиығына бойлап көрсек. Мұқият қараңыз енді. Айталық, уақыт саңылауларында бір кептеліс болып қалып, әлдене сізді мыңдаған жыл бұрынғы заманға апарып тастады.

Сіздің қолыңызда флэшка ғана бар, яғни пәленбай мың гигабайт өркениет дамуының жемістері туралы ақпараттар: музыка! Кітаптар! Суреттер! Бағдарламалар! Сіз бұдан былай көптің бірі, көттің кірі емес,

Жоғары Сана иесісіз!!!

Көне заман адамдары сіздің біліміңіз үшін ақы төлеуге дайын. Ол ол ма? Керек десеңіз, сіздегі ақпарат үшін бүкіл әлемнің хан-патшалары шексіз ырыс-дәулетті аяғыңыздың астына жая салуға дайын! Сіз нағыз құбылыстың өзісіз, жартылай Құдай, нағыз білімнің қайнар бұлағысыз! Хәхәхәхаха!

Сонымен барлығы жиналып, сіздің ағыңыздан жарылар сәтіңізді тағатсыздана күтіп отыр. Сізден ілім қабылдап, үйренуге т.б. Сіздің аузыңызға мыңдаған көз қарап тұр, бүкіл әлем демін тартып, білім нұрына бөленгелі тұр!!!

Ал енді бері қараңыз. Ақпаратты флэшкадан қалай оқисыз, а? Өзіңіз жарытып ештеңені білмейсіз, ал сіздің болашақтан келгендігіңіздің жалғыз айғағы мына бір түйір пластмас пен темір бөлшегі. Қалың тобыр алдында түк айтарыңыз жоқ. Сіздің кез келген дәлелсіз сөзіңіз оларға осырықтың бырқылы боп естіледі. Ал сізді ең кемінде дар жібі күтеді…

Сондықтан, о қымбатты менің білгіштерім, үйреншікті қызмет жүйесінсіз, сіздер кез-келгеніңіз мисыз бырқылдауықсыздар!

Жоқ, дұрыс қой, тегін электронды пошта ашып беру, интернеттен реферат көшіріп алу, эсемеспен дауыс беру, плагин орнату даусыз керемет пайдалы және қажетті дағдылар ғой әрине.

ҚОЙЫМНЫҢ БАСЫ! Ол білімдеріңіздің барлығы сізді ДАР АҒАШЫНАН құтқара алмайды ! ! ! ! ! ! ! !

Хм-м, жоқ. Былай болсыншы — ауқымдырақ ойлап көрейік. Қайсысың оқ дәрінің құрамын білесіздер? Ал пеннициллинді жасай аласыз ба? Мұнайдан бензин өндіру ше? Жалпы өткен заман адамдарына жеке басыңыз не бере алар едіңіз?? Кәнеки, миыңызды іске қосыңызшы…қымбатты менің паразиттерім.

Мәселен тоқ ағымы пайда болу үшін бар болғаны апельсин немесе картоп түйіні қажет. Жеміске алтын айқыш және күміс қасық тығып қойсаңыз болды! Осының өзі 2 вольт тоқ күшін бере алады!!! Сіз осыны білетін бе едіңіз?? М?

Жоқ, әрине, мен сізді сендіру үшін құр сөздің жеткіліксіз екенін жақсы түсінемін, сондықтан да мен сізге мардымдырақ бірдеңені көрсеткелі жатырмын, және менде кездейсоқ бір себептермен пәленбай петабайттық ақпарат сақталған нанокристалдық пневмосутектік ақпараттық ядро бар екен. Опа! Міне тап қазір сол арқылы мен сіздердің назарларыңызға… бірақ жоқ, тұра тұрыңыз, а-а-а біреуде ішкіжүйелік фигуративлік синтездің дискрипторы табылмас па екен …а? а-а-а!!!!1111

(с) Проект Mr. Freeman

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

8 Responses to Сопақбастың 57-ші сандырағы: “Білім базаңыз неден тұрад?”

  1. мен says:

    Гаста, соңғы кезде тым қиялдап кеттің :)))) Яғни виртуалды әлем шамадан тыс болып кетсе керек, аздап инетіңді сөндіріп, демалуға кеңес беремін.
    (өзім де кейде солай етемін, рас)

    Ұнады

  2. Қалдықыз says:

    үйде тұрып қалған нандардан нешетүллі грибоктар мен гүлдер табуға болады десем, пиницилинді қайдан алатынына жауап болар ма екен?

    Ұнады

  3. Ақзере says:

    Меніңше ғылымға, жаңалыққа жақын адамдар болады. Ал кейбіріне рухани, мәдени жағдайлар қызықты…

    Ұнады

  4. Gastarbaiter says:

    16-Мамырдан бері 1-айлық интернет-отпусктен оралғанымды қаперіңізге саламын.

    Ұнады

  5. Ақзере says:

    Не дид? )

    Ұнады

  6. Маралбек says:

    Тым дөрекі емес пе?

    Ұнады

    • Sattosh says:

      Соны айтам

      Ұнады

  7. НУРЕКЕ says:

    Жалпы тамаша такырып! Құрметті ҒАСТАРБАЙТ мырза, Сіз білетін бе едіңіз. Суға уш жумыртқа пісіріп, сол піскен жұмытқаны уш тілім нанға май жағып жеп, соңында гороховый суппен запивать етсеңіз, соғысқа ҚАРУСЫЗ аттануға болатынын! Тек бірнеше қорап сіріңке алсаңыз болғаны!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: