Қош бол, жан әке!

17- ші сәуір.  Астана-Алматы пойызының купесінде сенер-сенбесімді білмей, жалғыз егіл-тегіл жылап, білген құранымды оқып, үйге жеткенше өзіме өзім сыймай, отырмын.

Пойыздан Шуға түсіп, машинамен  Шиеліге жеткенше тағы он сағат күмән мен күдік, өкініш пен қайғы.

Күні кеше телефоннан «Әскәлөк өзің қара енді, шаруаң бітетін болса бітіріп қайт» — деп  айтқан ақылшы досым, асқар тауым, әкемнің дауысы әлі құлағымда. Алыс жолдан келгенде шарбақтан құшағыңды жайып, бауырыңа қыспайтын болғаның ба, жан папам?! Сергелдеңге түскенде бір ауыз сөз ақылыңмен бар түйінімді шешетін енді кім, көке!

Ақұдай-ау, мына жиылған жұрт неге жылайды. Шыныменен өлгенің бе тас қамалым, ақ папам? Өлсең денең қайда? Қайда әкем менің? Тағдырдың жазуы ма, 3-ші рет инфаркт алған жүректің қажуы ма 59-жасында тойға дайындалып жүрген арыстай әкем дүниеден озды.

Міне, жатырсың, мұп мұздай, тыныш ұйқыда жатқандай, жаның орнын тапқандай, бір қабақ қақсайш, құдай-ау. «Баламның тойына жетсем, арманым жоқ» дегенде ренжитін едік «айтпа олай» деп. Қуанышыңа бір апта қалғанда, ажал артыңнан қуып асықтырған екен ғой, папатайым-ай… Дәл сол сәтте, қасыңда бола алмадым-ау, жанталасып іздегеніңді елестетсем жүрегім ауырады, «Сиыр өлсе сойылар, әкең өлсе қойылар» деп әзілдеуші едің, айтқаның келіп, енді міне қара жерге көміп жатырмыз. Әлі де сенгім келмейді, әлі де қимаймын сені әке, ойсырап тұрған орныңды ешкім баса алмайды, сағындым әке өзіңді, мен үшін шалғайда жүргендейсің, телефоныңның нөмірін тергім кеп, қоңыр даусыңды естігім кеп тұрғанын-ай папашым. Бақилық болдың, амалым қанша, сен жүрген жер байланыс аясынан тыс жерде. Анашым бұрыш-бұрышта «Жоқ екенсің ғой, жаным-ау»  -деп егіл тегіл, мамам сені көзі жұмылғанша іздейді енді, папа!

Әкемнің туыстары, жана ашыр достары көрісіп қайғыға ортақтасып жатыр, енді біреулер билік айтып, «үйт бүйт, енді былай, енді олай» деп білген ақыл -кеңес жаудырумен әлек.

Жиындарда уытты әзілі өзімен бірге жүретін әкем отырған жерін қыран топан күлкі қылып отырар еді.

Бір молда бірер құран оқып, «уақытым жоқ, басқа адамдар бар» деп соларға кетті. Екінші молда «бұл аудан менікі мені ауданның бас имамы тағайындады » деп ісіне кірісіп кетті. Үшінші молда, «мен осы рудың молдасымын, әкең өзі әлгі молданы жақтырмайды, маған көзі тірісінде тапсырған, мен имамға пысқырмаймын!» деп, өкінішіне не керек бір-бірінің сыртынан ғайбат айтып жатыр. Астапыралла, жан қайғыда бұлардыкі не дейсің. «Семейный» молда, «Учасковый» молда деген де шыққан ба? Өлікке қызмет етуге итше тістесіп, таласқан дүмше молданың авария тілеген «козелдардан»  не артықшылығы бар??

Амалымыз жоқ, үрдісіне еріп көне бердік. Оқылған құранның артығы жоқ. Дінді басты табыс көзі мен кәсіпке айналдырған адамның жүрегі таза болуы қиын ғой дегенмен. Қате айтсам, Құдай кешірсін, оларға да бір Алланың өзі би.

Бақұл бол, әке. Құдайым, әкеме қараса көр, біліп білмей жасаған күнәләрын кешіріп, алдын пейіш, артын кеніш қылып, топырағын торқа қыла көр!

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

48 thoughts on “Қош бол, жан әке!

  1. Сауирдин 15-инде жакын досымнын анасы кайтты. Кешке шаршап уйыктап кетсем керек. Кешки 11-лерде оянсам бир смс келген екен. «Анамнан айырылып калдым» деген хабарламаны окыганнан-ак жанымды коярга жер таппадым. Дереу танды атырып, досымнын ауылына журип кеттим. Байгус бала ениреп жылайды. Акесинин кайтканына да бир-еки жыл болды. Ай, каза деген жаман гой. Бирак Жаратканнын жасаганы, амал нешик, конемиз гой…

    Ұнады

  2. Арты қайырлы болсын! Әкеңнің қалған жасын сендер жасаңдар, көре алмай кеткен қызығын сендер көріңдер. Қалғандарың аман болыңдар!

    Ұнады

  3. Қайғыңа ортақпын Ағасы, әкеңнің жаны жәннатта болсын. Иманды болсын. Ендігі көрмеген жасы мен қызықтарын сендерге берсін. Әмин!

    Ұнады

  4. Артынан жақсылығын берсін. Алды пейіш, арты кеніш болсын. Өзі көрмеген қызығы мен жасын соңында қалған балаларына берсін. Сабыр ет бауырым.

    Ұнады

  5. …Алланың ісіне не шара? Иманы саламат болсын!
    Жатқан жері жәннәт болғай. Өзің сияқты асқартаудай арманы аман болып – еліне жұртына ерен еңбегімен, біртуар сұңғылалығымен қуаныш силасын.

    Ұнады

  6. Госта бауырым, көптен саған келмегем… оқығанда шошыдым…
    Қайырлы болсын.
    Келмек бар, кетпек бар….
    Бекем бол. Тірлік жалған, дәм түз таусылғанда барымызде кетерміз бір жаққа…
    Әкенің орны толмас…. Иманды болғай…

    Ұнады

  7. Арты қайырлы болғай, жаны жәннәтта болсын. Сендей ұл тәрбиелеп, артына қалдырған әкеңе үлкен алғыс. Мықты бол, бауырым!

    Ұнады

  8. Бауырым Асқар, қайғыңа ортақпын! Жалғаншыдан бәріміз де өтерміз ау… Тек асыл адамдардың асығыс жиналғаны батады жанға. Шын достық көңілмен, қайғырып көңіл айтамын. Өзіңе денсаулық берсін Тәңір, көкеңнің жаны жаннатық болсын!

    Ұнады

  9. Иманды болсын! Мұндайда «ешкім әке-шешесін қанжығасына байлап жүрмейді» деп айтып жатады, бірақ жақыныңның айрылу деген жүрекке қатты ауыр тиеді. Бекем бол!

    Ұнады

  10. Иманды болсын!!! Жаны жаннатта болғай.
    «Өлікке қызмет етуге итше тістесіп, таласқан дүмше молданың авария тілеген “козелдардан” не артықшылығы бар??? » – деп қынжылдың ғой, сондықтан, ең алдымен Алла ризашылығы үшін, сосын әкең үшін құран оқып отырарсың. Алла жар болсын!!!

    Ұнады

  11. Аскар кайгына ортакпын.Акениздин арты кайырлы болсын.Окингенмен не шара менин де басымнан бундай жагдай откен болатын.Меним 4 жасымда акем одан 14 жасымда анам кайтыс болган бирак казир оган да уйренип кетти омир болган сон барине конуге тура келеди екен. Амал канша куйинип,анда-санда жылап еске алып коямын.Жанынды тусинетин адамын болса кандай жаксы гой. Сиздин мумкин бауырларыныз бар шыгар,ал мен де ондай да жок кой мен жалгыз кызбын сондыктан да маган оте киын кейде кайта куанамын жалгыз болганыма ким биледи мумкин касымда бауырым болганда мулдем киналар ма едик. Мен казир нагашы агаммен женгемнин уйлеринде турамын буртурли гой енди арине.Сиз ренжимениз озинин жайын айтып кеткени неси деп.Мен сизди сабырлы болсын тири адам тиршилигин жасайды екен дегенди тусиндирген едим гой.Биыл енди 11 сыныпты битирейин деп отырмын киын маган кейде армандап коям касымда ата-анам болганда гой меним мектепти калай битиргенимди корсей гой деп ,бирак амал канша окинип,курсинип коям енди баска не истеуге болады. Сизди тусинип отырмын калай киын екенин бирак бир айтатыным оган да уйренеди екенсиз.А айтпакшы сиз меним байкауымша Шиелиден болдыныз гой менимен жерлес екенсиз.Мен де Шиели де турамын сондыктан бар билгенимди айтып отырган едим. Аман болыныз!

    Ұнады

  12. Иманын берсін, алдынан жарылқасын. Құдай өзі аманаттап берген жанын уақыты келгенде өөзі алады. Бекем бол, Бауырым!!!

    Ұнады

  13. Ассаляму алейкум уа рахматтуллахи уа баракатух!!! Бисмилях деп бастайын себеби мусылманбыз го!!! акесинен не болмаса анасынан айырылып калган бауырларымыз каншама? бауырлар сиздерге айтарым 5 уакыт намазга жыгылыныздар,сауап жасаныздар,амал кылыныздар,мусылманнын 5 фарызын орынданыздар сонда гана ЖАННАТТЫН есиги ашык сиздерге!!! ата-аналарынызга арнап куран багыштаныздар! ал бауырларым сабырлы болыныздар! жаназа кезинде кооп дауыс шыгарып жылаудын кажети жок себеби олген кисиге ауыр тиеди! сондыктанда бауырларым ТЕК САБЫР керек бизге!!! сау болыныздар! АССАЛЯМУ АЛЕЙКУМ УА РАХМАТТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ!!!!))))))))))))))))))))

    Ұнады

Leave a reply to ken Жауап беруден бас тарту