Қазақ тілді форумдар

«Мәссаған» тілді байлап қойды. Контенті жақсы, контингенті салмақты, алайда форумы мұңайған Мәссаған.Ком сайты маған өз сұхбатханасынан трибуна беруді бұдан бұлай өз мәртебесінен төмен санады. Еш ескерту, түсіндірусіз аталмыш сайт администрациясы форумға жазу құқығынан айырды. Сол форумның мүшелерімен пікір алмасқан күндер тарихқа кететін болады. Қайта тіркеліп, техникалық алаяқтықпен жазуға да болады, бірақ жалқаумын, көпке сыйлы ресурста ондай ұсақ түйек бұзақылыққа да құлшынысым шамалы. Администрациямен олардың бірталай еңбектеріне бас ие тұра, форум жөнінде ойым бір жерден шықпайды. Оның үстіне мен қолданып жүрген «Green Dog» профайлын біреу ең қарапайым хакерлік әдіспен бұзып кіріпті.

Жалпы бүкіл қазақша сайттардың ішінен, тек жақсы дамыған қазақ форумдарында ғана, халықтың демін сезесің. Веб-блогтарда автордың мысы басым. Ал форумда біреудің ойына жақпаған пікірің үшін, түрлі формадағы сын естуің мүмкін, және сынға жауап беруге, немесе сынды мойындауға үйренесің… Өз ойыңды жеткізу қабілетін де біраз блоггерлер форум ұстаханасында үйренгені белгілі. Форум – шешендер ұстаханасы. Бұл идеалында.

Не десек те, енді ара-тұра оқып, жазатын қазақ тілді форумдардан алты браузерге аңыз болған Solai.de- нің ізбасары zhastar.biz, kazakh.ru және abai.kz – ғана қалатын болады.

ПС: Менің субьективті пікірім әрине сіздің сайт таңдауыңызға сай келмеуі мүмкін…

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

12 thoughts on “Қазақ тілді форумдар

  1. темір інімнің темірдей ұстанымына бас таңырқаушының төтеп бере алмайтыны
    алты алашқа аян еді

    десем де, форумның сипаты сәтті ашылыпты

    Ұнады

  2. Мәссаған сайты әкімдерінің қадағалауынсыз қалып кеткен бе деп жүрсем, мынауы һезеһ болде.
    Мәссағаннан бан алыпты дегенді ұмытқалы қай заман.

    Ұнады

  3. Мәссағаныңды қой…ит құрлы тірлігі жоқ сайт…ылғи көтриоттар мен жалғанұлтшылпессимисттер….Жұрттың сөзіне еріп жүре беред адамдары…Бір жақты пікір ғана білдіре алады…сан алуандығы жоқ

    Ұнады

  4. Құрметті жамағат, шынымен қазақ тіліне, соның ішінде интернет ресурстарына үлес қосамын десеңіздер қазақ уикипедиясына мақала жазыңыздар!
    Осы блок иесі сізде қазақ энциклопедиясына пайдалы мақалалар көбірек жазсаңыз
    kk.wikipedia.org

    Ұнады

  5. Мәссағанның мандымағанына қарап мәз болатын жөндерің жоқ!!! азда болса іштерің ашыса болар еді ау.(қазақтарға аитқаным,басқалармен қатыссыз)

    Ұнады

Пікір қалдыру