Бала туысу науқаны: «Күшен, жаным, басы шығып келе жатыр!»

партнерские роды

Мына Қазақстан деген ел жатқан бір комедия мен ужас фильмдер мемлекеті ғой негізі.

Қай бір жылдан бері әйел бала босанғанда күйеуі қасында тұруға рұқсат берген емес пе? «Енді рұқсат па рұқсат, хрен сендермен, бірақ оған есірген садомазохист алқаш орыс болмаса, қазекем беттей алмас,»— деп жүрсем, қателесіппін, ондай қызыққұмарлар қарақұлақ бауырларымыздың арасында да көп екен.

Анау европидорлар мен америкөттерге  еліктеп, кинода көргенін істейтін балалар сияқты құдды. Осы уақытқа дейін «әйелінің қолын ұстап, моралдық демеу беру, баланы жасауға қатыстым, тууға да қатысуым керек!»  деген әдемі, әрі қазіргі кезде трендтке айналған сылтауды үш ұйқтаса түсінде көрмеген сорлы қазақтар «арттан шыққан басты» тамашалауды өзінің еркектік борышы санайтын бопты.

Тағы «кет-ей, нақ қатыспайм» деген әкелерге «әлжуаз, жүйкесі әлсіз», «әйелін қиын жағдайда жалғыз қалдырады» деп күйе жағатынды шығарыпты.

Қандай жыныстық теңдік, эмансипациямен дәйектеуге тырысса да, мен үшін бала туу еркектің сүндетке отыруы сияқты өте интимді мәселе.  Күйеуінің қасында болғанын қалайтын әйелге қарсылығым жоқ, бірақ есі түзу әйел де еркектің бұл процессті бақылағанын қаламайтын секілді.

Әйелдің қысылған жанын көрген күйеу, бұдан былай бала жасамай-ақ қойдым демей ме?

Кей қазақтар ол былай тұрсын, әйелдің күйзеліске ұшырап, түрі әбіржіп, қара тер, қара қанға түсіп жатып,  шығып келе жатқан қызыл шақаны камераға түсіріп алуды да шығарды емес пе?

Маған перзентхананың алдында гүлімді құшақтап, қасыма масаңдау достарымды ертіп, толқып тұрып, екінші этаж жаққа дірілдеген даусыммен: «Ұл ма қыз ба?» -деп сұрау романтикасын ешқандай «бала туысу» ауыстыра алмайды.

Ия, нақ, мен әлжуазбын.

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

19 thoughts on “Бала туысу науқаны: «Күшен, жаным, басы шығып келе жатыр!»

  1. Ну прямь қарап тұрмайды ғой, жанында көмектесіп тұрады. Жалпы менің ойымша ол күйеуіне еркелеймін деп, қатты күшенбей қалатын сияқты. Лучше, далада тұрғаны жақсы ))

    Ұнады

  2. Не керегі бар» кушен,күшенбенің»! Еркегі қрағаннан қатынды кеңіп кетеді дей ме екен. Өзім келіншегім босанганда айдалада жайлауда жүргенмін, әкейге көмектесіп.Соның қашан босанатынын да сұрамаппын ғой, аңқау басым

    Ұнады

  3. Ыңғайсыз түгі жоқ. алдымен қатысып көріңдер, құр шуламай. Біріншіден, еркек әйелдің әуретіне қарамайды, оған дәрігерлер рұқсат та бермейді. Ол бас жағында қолынан ұстап, маңдай терін сүртіп тұрады. Екіншіден, толғақ қатты қысқанда беліңді уқалайтын адам керек. ешбір медперсонал келіп, сені сылап-сипап тұрмайды. Үшіншіден, қасында қорғаушысы бар әйелді акушерлер жақсы босандырады. Өйткені, әлбетте сүйінші дәметеді. оны жасырын артынан бересің. Еркектер, әйелдеріңнің қасында болыңдар. Құдай сақтасын, әлдеқандай экстренный жағдай бола қалса, жаны безілдеп жатқан әйел байғұс неге болса да көнуі мүмкін. Бала ортақ болғандықтан, шешімді бірге қабылдаған жоқ. Себебі біздің медицина УАУ емес әлі.

    Ұнады

  4. Қазақи тұрғыда қарасақ босанып жатқан әйелдің жанында тұру дұрыс емес шығар… Бірақ кәзіргі кездегі дәрігерлердің босанып жатқан әйелге істейтін істері жайлы естігенде жаның түршігетін болды ғой, сол үшін өзің бақылаған дұрыс сияқты не болмаса бір әйел туысыңды жанына жіберген дұрыс қой деймін….

    Ұнады

Пікір қалдыру