Жеке басымның рекорды

Бүгін мына суреттегі тренажерде өзімнің бір апта бұрыңғы  жеке рекордымды бұздым. Ризашылығымда шек жоқ.Осыдан екі жыл бұрын жаттығуды тастаған күні 200 келі салмақты 10 рет сығатынмын. Алдыңғы аптада 230 келіні 12 рет сығып, “келесі жолы 250 келіні тәуекел қылам!” – деп өзіме серт бергем.  Бүгін пирамида жүйесімен бірте-бірте жүктің салмағын өсіріп-өсіріп төртінші сетке келгенде 270-ті 10 мәрте көтердім. Үнемі бізді арқалап жүретін аяқ бұлшық еттерінде зор құдірет жасырынған негізі.

Шынықсаң шымыр боласың деген осы екен ау. Бастағанда 70 келіні әзер сығушы едім.

Ал шындығында, дененің төменгі бөлігін дамытатын бірден бір жаттығу штангамен отырып тұру (ағылшынша: ” barbell squat”). Менің өкінішіме орай, ауылымыздың жаттығу залында отырып-тұратын арнайы жақтау жоқ екен:-(

Бірақ суреттегі жатып сығатын (“leg press”) қондырғымен жұбанып жүрмін.Бұл тренажердің кемшілігі сол масса өсіру жағынан бәрібір штангамен отырып-тұруға жетпейді.

Жақсы жағы: қауіпсіздік, яғни алдыңғысымен салыстырғанда белге күш түсірмейді. Тек аяқ, жамбас, балтыр.

Тренажер жерге тік бұрышпен орналаспағандықтан, сырғанап, көп салмақ тиеуге мүмкіндік береді.

Бонус: Дұрыс тамақтануды ойлағанда тауық еті, балық еті, сиыр еті, жұмыртқа, сонымен қатар, астық тұқымдастар:  лобия(фасоль), асбұршақ, жүгері жармасы, сұлы жармасы, тары (пшено),  қарамық (гречка) міне осылардан жасалған ботқа етке ет, күшке күш  қосады.

Егер денедегі майдан құтылғыңыз келсе, нан мен ұннан жасалған тағамдардан аулақ болсаңыз болды. Арық болсаңыз, ештеңе қылмайды опыра беріңіз.

Айтпақшы: Наурыз көже — табиғи протеиндерге бай тағам.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

6 Responses to Жеке басымның рекорды

  1. ainur1989 says:

    molodec! davai endi 300 ge jetkiz( ondai bar ma ozi?;)) ..

    densaulyk zor bailyk! deneni unemi shynyktyryp turu kerek!

    birak, suret kaida?

    Ұнады

  2. Ақзере says:

    Қанша көтерсең де белге күш түспей ме?

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Салыстырмалы түрде тренажерлар бос салмақтарға (жүксүймен мен кіртастарға) қарағанда қауіпсіз.

      Ұнады

  3. aizhannur says:

    super! du kol wapalak!!!!🙂

    Ұнады

  4. makym says:

    Осыдан алты жылдай бұрын 120 көтеретін едім, дәл осы жабдықта:))))) Қазір, Құдай біледі.

    Ұнады

  5. Гастарбайтер says:

    Қазір үш ай жаттықсаң 300 ден асыратыныңа сенімдімін. Тек дұрыс бағдарлама керек.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: