“Мерекелік құттықтаудың орнына” немесе “кәйпті бұзушылар”

Карикатура: www.express.kz
Қызық қой, негізі Қазнет деген. Жылда Валентин күнін талқылап, пәтуасыз пікірталас қазанында тезек қайнап жатады. Иісі бізге келіп жетеді. Оларды біз талқыға саламыз жылы жайлы блогшаларымызда. Валентинді қойшы, Жаңа Жылды талқылайды, 8-наурыз мерекесін, туған күн тойлауды, бәрін неше түрлі Марксисттік Сатыбалдисттік Ленинисттік тұрғыдан бастап, Исламисттік тұрғыда қарастырып, сонымен қатар (айта кетпесе болмайды) қарапайым надандық тұрғысынан да “Бұл мереке бізге керек пе?” – деген тақырыпта бірталай адам көсіліп қалуды өзінің азаматтық парызы санайды. Енді келіп сол ауру Наурызға келіп жетіпті. Енді қалғаны Наурыздың Исламға қайшы-қайшы еместігін талқылау. Мәссаған.Ком форумында (администратордың кінәсі жоқ) әлдебіреулер осындай тақырыпты кәдімгідей талқыға салыпты… Бір қуантқаны, онда әйтеуір “Керек емес!” деп айқайлап жатқан фундаменталисттер жоқ екен. Әзірше.
Бірақ, ешкім қарсы шығып, керек емес деген пікір айтпаса да, жамағат тақырыпты дамытып, “Наурыз -зороастризм болса да керек, Шариғатқа аса қайшы емес” деп қақсап жатыр. Сонда “аса қайшы емес” деген сөз не сөз?
Мен аударуға тырысып көрейін. “Қайшы емес” -деп айтайын десе, теория жүзінде Наурыз мерекесі Исламға қайшы. Алайда “Қайшы!” деп анық айтайын десе, тағы болмайды, Исламның қайшылығына “пішту” деп қойып, түркілердің төл мерекесін тойлай беретіндердің алдында беделін сақтау керек;)
Сонымен қалай өздерін жұбатып, өздері байқамай бастаған пәтуасыз пікірталасты аяқтайды екен деп араласпадым, маған да қызық менталды мүгедектердің марафондық жарысын кім жеңіп алады екен?

Сөйтіп отырғанда көзім ілініп кетті. Көзімді ашсам, маған да әлдебір басы тақырбас Синтоист пе, Христофил әлде Кришнофил ма, тіпті барлық әлем діндерінің уәкілі ме, әйтеуір басында жөйт төбетейі, қолында тасбих, иығында шіркеудің рясысын жамыған біреу келіп, “Күнәһар, Иуда, кармаңды тазарт! Сенің блогың Фэн-Шуй бойынша орналаспаған!” – деп жағамнан алмасы бар ма?! Шошып оянып кетсем, ешкім жоқ.

Қай жағын таңдасаңыз да сіздікі дұрыс болады. Өйткені тойлайтын сіз. Қуаныш сіздікі. Меніңше мереке-қуаныштан біреуге зиян болмаса, онда барлық елдер Құдайлары бірігіп, кешірімін береді деп ойлаймын. Ал, ағайын, ұлыс оң болсын дейміз!

Карикатура: http://www.express.kz

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

17 Responses to “Мерекелік құттықтаудың орнына” немесе “кәйпті бұзушылар”

  1. aizhannur says:

    🙂 Rasynda, keibireuler tym terenge batyp ketip, kalai wygaryn bilmei kalady. Nauryz jaksy mereke, ewkim ol kuni oleip, artynan toi jasap jatkan jok, ol kuni kisynsyz yrym men kajet emes kylyktar jasalmaidy. Men toilaimyn! Kim ne dese de, mereke bizdiki.

    Ak mol bolsyn :)))))

    Ұнады

  2. aral53 says:

    Наурыз исі түркі халықтарының, оның ішінде қазақтың ғасырлар бойы тойлап келген мерекесі. Әрине, мерекелеу қажет.

    Ұнады

  3. Saltan says:

    Дінді тым қиындатпаған дұрыс дейді ғой, ешқандай қайшылықтар көріп тұрған жоқпын. Өзім Наурызды тойлауға активті қатысамын🙂

    Ұнады

  4. Serzha says:

    міне, осылай дін мерекелеріңізді құртады

    Ұнады

  5. Тышқанбай says:

    Батыста көрісу басталды. Бір жасын құтты болсын, Гаста!

    Ұнады

  6. Ақзере says:

    Карикатура жынды ))

    Ұнады

  7. makym says:

    Қандай ма бір діннің түбегейшілдеріне Наурыздың қай тұрғыдан қайшы келетінін таба алмай отырмын. Сондықтан да, күлкім кеп отыр. Орыстар айтпақшы “разве, что…” Наурыз көжедегі еттің “Халал болуы шарт” деген талап жоқ демесеңіз. Әйтпесе, Наурызда ешбір атрибутика мен символизм жоқ қой. Разве, что… киіз үй🙂

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Балаларға келетін Қыдыр ат/Қызыр баба ше? Көктем шықса төрт түліктің пірлері Зеңгі баба, Секс-ек атаға, Ойсыл қара, Қамбар ата, Шопан аталарға тәу ету рәсімі Құдайға серік қосу ғой исламның түбегейшілдік принципіне сүйенсек=)

      Ұнады

  8. Saltan says:

    Мына аталар естен шығып кетіпті, оларды Құдайдың деңгейіне дейін ұлықтайтынын көрмедім, былай жоқ жерден проблемма создавать етпей ондай моменттерді елемей өте салу керек )))

    Ұнады

  9. patick says:

    сол баяғы тәңіршілдік дінсымағымызды ұстап жүре берген дұрыс ед. Қазіргідей “білгіш” сламшылдар да, өзеуреген ұлтшылдар да әлдеқайда аз болып, салт-дәстүр мен діни наным ұштасып, ең бақытты халықтың біріне айналар ма едік🙂

    Ұнады

    • patick says:

      сламшыл – исламшыл)

      Ұнады

  10. urimtal says:

    Ислам дінінде салт-дәстүр дінге қайшы келмесе, ол бірге өмір сүреді. Себебі әр ұлттың өзінің ерекшелігі бар. Құранда біздердің әртүрлі болып жаратылғанымыз анық айтылады. Біздің ата-бабамыз дәстүр-салтты дінге жақсы бейімдеген. Наурызда бізде оттан секірмейді, Қызыр бабаны шектен тыс пәктемейді. Қазір дінді жаңдан түсініп, қарастыру процесі жүріп жатқандықтан мұндай пікір-талқының болғаны бір есептен жақсы, Халықтың дінге де, дәстүрге де қатысты бәріне бірдей түсінікті көзқарастары қалыптасуына түрткі болады.

    Ұнады

  11. Serzha says:

    Ислам қазақтың қаншама салт-дәстүрін құртып жіберді екен?

    Ұнады

  12. 12aikon1986 says:

    Мен үшін наурыздан артық мейрам жоқ. Білмеймін асыға күтем.
    Оны алып тастау тарихқа балта шабумен тең ғой.

    Ұнады

  13. make says:

    әлем діншілдерін жиыбап астанада салдырған ғимаратқа наурыз тойлатамыз

    кейін өздері жыл сайын құттықтап отыратын болады

    Ұнады

  14. Қалдықыз says:

    Мен наурыз көже үшін наурыз мейрамын асыға күтемін! Осы күні жасалған наурыз көжеден тойып ішіп, күпті болып ауырса жақсы екен деседі білгіштер! :)))

    Ұнады

  15. Әділет says:

    Ұлтымыздың сапт-дәстүрлерін мың жыл бойы ұстанған дінімізге қарсы қоюға тырысу, бұл бағытта бір дау жарату әрекеттері әу бастан ақымақ әрекет. Жаңағы атап өткен Қызыр мен бабалардың бәрінің мағынасы бар.
    Тек әттең не керек, сақал бояғыштарымыз бір ұшты ұстап алады да, ештеңені тыңдамай, сүзіседі де жүреді.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: