Былшылды қойып жаттық!

Суреттегі “дәденің” футболкысында “былшылды қойып, жаттық!” деген сөздер жазылған, немесе “аузыңды жап та  жаттық “.

Жаттығу залына қайта баруды бастағаныма бүгін екі ай болды.  Арасы үзіліп кеткен соң, әрине алғашқы күні бұрыңғы кіртастар ырқыма көнбеді.  Өзімді майкөтен әлжуаз сезіндім.   2008-ші жылы сырқатқа байланысты 10 килоға дейін салмақ тастап, құлағымнан күн көрінетіндей азып кеткен едім. Бірақ 2006-2007 -жылдары іргетасын салған пішінім, тұрақты жаттығу арқасында қайта қалпына келіп жатқаны қуантады.

Алдыңғы күні жатзалда сыныптас досыммен бірге барған едім.

Аяқпен итеретін тренажерға жатып ап, пәленбай килоны сығып жатсам, 18-19 жасар бозбала келіп “бұл сплит-система ма?” – дейді. Мен басымды шайқадым.

“Қанша килограм салдың?” -дейді, өзім ақ тер көк тер тырмысып жатқанда. Бар түріммен оның сұрағына

жауап бергім келмейтінін білдірдім. Не керек әлгі бала қайта қайта сұрақ қойып мазамды алды. Жоқ, мен пайдалы кеңеске сараң болған емеспін ешқашан.

Тек бар көңілімді сапалы жаттығуға ұйытып келіп едім, әлгі әңгімешіл жас бала орынсыз әзілдеп, өмірбаянын айтып ойымды ірітіп, әбден жүйкеме тиді. Қарым-қатынас жетіспей жүрген адам секілді. Кезекті сұрағын қоя бергенде, “Бауырым, барлық сұрақты жаттығудан кейін қойшы” — дедім, жігіт қойған сияқты болды. Мені жөніме қойып, сыныптасыммен “шүйіркелесе” бастапты. “Қойшы, екеуіңіз бір класта оқыдыңыз ба не? Мен сізді папасы шығар десем, жүдә мужық көрінесіз ғой!” – деп досымды бір ренжітті. Сыныптасым “енді онсыз да мұжықпыз ғой” —деп ақтала беріп еді, ” Негізі мен кеш жетілгенмін ғой!” -деп сөзін бөліп жібердім.  “Ия, ол кеш жетілген, уызға жарымаған ғой! хахаха!” — деп сыныптастың көңілі орнына түсті.

Ақыры жаттығудың берекесі кеткен соң, әлгі жігіттің жатзалдағы сауатсыздығын жоймақ болдым. Бала киім ауыстыратын бөлмеге кіргенде, мамбетизмнің озық үлгісінде даусымды жуандата: “Брәтішке бергеш!” — дедім. Бала жақындады. “Егер тіліңді емес денеңді жаттықтырғың келсе, залда ешкіммен сөйлеспеуге тырыс, әңгімеге айналма, не істеріңді білмесең тек бақыла, жаттығу аяқталғанда ғана сұрағыңды қой жаттығу кезінде ойымды бөлгенді жақтырмаймын. – дедім.

Осындайда жігерлендіретін пуловер кигім келеді жаттығу залында. Бағасы 30 шартты бірлік.  Тек  қазақшасы керек.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

6 Responses to Былшылды қойып жаттық!

  1. Ақзере says:

    Ия, сосын бір мачо-сымақтар жүреді. Қыздардың бәрімен сөйлескісі келіп, ананы айтып, мынаны айтып, өзің “мясо” болып жүргенде…

    Ұнады

  2. Gastarbaiter says:

    Ия, ондайы бар. Оны синдромы “баба на корабле” дейді, немесе “жақын маңда ұрғашы бар” деген синдром.

    Санасын тестостерон билейтіндер залда бір беті жылт еткен қыз болса, бағдарламасын ұмытып кетіп, көмекші, кеңесші болғысы кеп тұратындары бар.

    Бір жағынан еркек ретінде оларды да түсінем,, олардың бұлшық ет басып кеткен санасының түбінде сен сияқты сымбатты қыздардың еркектер шоғырланған жерде арықтап май күйдіруден көрі сондай “мачо” -лардың көзайымы болу үшін келетінін іштей сезінетін шығар, кім біліпті:)))
    Негізі біздің менталитетпен қыздар мен еркектердің бір залда болғанын аса қолдамаймын.

    Ұнады

  3. ainur1989 says:

    jok Gastarbaiter! katelesesin! men mysalga fitneska ondai “ma4o”larga karau ushin emes, dene shynyktyru ushin baramyn!

    қыздар мен еркектердің бір залда болғанын аса қолдамаймын- depsin, negizi mende ogan keliser edim!

    al, makalaga keletin bolsak, endi anau bala senin janyna jolamaityn bolgan shygar🙂

    Ұнады

    • кендебай says:

      Барлығы болмаса да, қыздардың көбі, меніңше, залға сондағы “мачолар” үшін баратын сияқты.
      Бір ғана мысал келтірейін. Мен баратын спорт орталығында ерлер мен әйелдерге арналған екі бөлек зал бар. Ерлердікі бірінші қабатта, әйелдердікі екінші қабатта. Бірақ неге екені белгісіз, қыздардың басым көпшілігі ерлердің залына келеді. Сағат кешкі 7ден кейін залда адам толып кетеді. Тренажерлардың қасында кезектер пайда болады. Штанга/гантель/блиндер жетіспей жатады тб… Ана қыздар сонда да әйелдер залына кетпейді. Дәл сол кезде әйелдер залында ең көбі 4-5-ақ қыз жүреді.:))

      Ұнады

      • Gastarbaiter says:

        Мачоларға қарау үшін емес, Мачолардың арасында болу үшін. Әдетте көшеде көптің бірі болып байқалмай жүрген орташа қыздар, залға келгенде жұрт назарын аулайды.
        Дәл сол себепті, мен сұлу қыздармен танысқысы келетін сұлу емес жігіттерге йога залына жазылуға кеңес беремін. Әйелдердің ерекше назары 100 пайыз кепілденген;-)

        Ұнады

  4. кендебай says:

    Ең өкініштісі, әйелдер залына ерлерді кіргізбейді. Адам толып кеткен кезде барған болатынмын.
    Әділетсіздік деп осыны айт))

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: