Анаға тілек

Сол баяғы ескі күнделігімен копипасталап отырмын.

***
Қызық екен көз жүгіртсең дүние-фәни,
Кеше ғана іңгәлаған балаң сәби,
Ер жетіп өзіңе өлең арнап отыр,
Өмірдің ақ қарасын тани-тани.

Жастық шақтың дауа таппай дәмесіне,
Ілесем деп еліктірген елесіме,
Қадіріңді асыл анам білмеп едім,
Жетемін деп қу тірліктің мәресіне.

Бірде кетіп, бірде келіп ағылған ой,
Жап-жас болып менікі неғылған ой?!
Жүремін әрі-сәрі қарбалас боп,
Ал ананың көңілі балада ғой.

Анашым мұң шалмасын қабағыңды,
Аман болсам жақсы оқимын сабағымды,
Үмітіңді, сеніміңді ақтауға да,
Тырысамын оңдаса Алла талабымды.

Көзіңе жас алмағай ешқашанда,
Жас келсе де, бақыт болсын оған себеп,
Жүзіңнен күлкі кетпей әрқашанда,
Өзіңді жүрсін Құдай желеп жебеп.

Елу жас ештеңе емес тәңір қосса,
Тағы елу жыл ғұмырың алда әлі,
Тілейтінім оны да шіркін жаса,
Қызығардай өзіңе жұрттың бәрі

Ал мен болсам жүремін жел боп есіп,
Жұқалау жерін топтың тауып тесіп,
Жеңістерден сағынып келгенімде,
Тек өзің тұрсаң болар, ашып есік!

(28.12. 2002, А.Базарбай)

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

10 thoughts on “Анаға тілек

Пікір қалдыру