Қарным ашты

Виртуал қарным ашып кетті, срунетте мен сияқтыларды телескопсыз-ақ  анықтайтындар жайлап кеткен соң,  қазнетке келіп нешетүрлі зәрлі пікір иелерінің қолынан тамақтанып, өлгенше семіріп едім, соңғы кезде қазнетте жейтін “жемтік” азайып барады. Бұрын көтриоттарды Нұрғисаның бәлішіне қосып, үстін Сатыбалдының аджекасымен бұрыштықтап, бетіне Ақзеренің ірімшігін қосып жегенді жақсы көретінмін, бірақ көтриоттер де өздерінің бұрыңғы аңқау а-ля “оян қазақ!” опустарын азайтыпты. Әлде бәрі Сұлтанмахмұттың максималисттік кезеңінен асып кетті ме екен?

Содан кейін,  тиіп кетсең, балағаттап, жанталасып ерегісе жөнелетін дүмше молда невротиктерді Өрімталдың тәтті шырынына батырып жейтін едім, олар да келісіп алғандай еш эмоциясыз Нах пайғамбарға сілтейтін болыпты. Әрі түртем, бері түртем. Қойым ба, уақытым өтіп, ешкімге ештеңесін келтірмей (ашу, ыза, күлкі, ұйқы)  мен де мұңая бастағанмын ба деп қоямын. Қай жерде тамақ бар маған айтыңдаршы, барып жеп қайтайын. Асқазаным аңырап аңсарланып бара жатырмын. Қайта қалпыма келе алмайтындай деңгейде толық Аңсар боп кетпей тұрғанда сіздердің көмегіңіз керек.

Екі күн ішінде құрбандық шалып құтқармасаңдар, үзіліп кететін түрім бар. Екі күнге ғана тамақ керек. Құтқарыңдаршы. Құрбан керек жедел түрде. Тіпті менің қасымда, Есалаңның Мәдениетсіз блогының бейшенбілік намазына барып келген Құтжол да тоқ.

Сойып беріңдерші маған! Тіпті соймай ақ, мүйізінен сүйреп есік алдына байлап кетсеңдер болды, сілтемесімен қоса. Сосын бәлкім жер көгерсе, көк шөпке ілініп, Шопан ата мен Зеңгі бабадан қалыспай, үйірге қосылып кетер ме екем? Қой біледі оны.

(с) Адам танымастай, антиплагиат.ру таба алмастай етіп өзгертілген копипастаның жарқын үлгісі

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

4 Responses to Қарным ашты

  1. Ақзере says:

    Біздің де қарнымыз ашатын кездер болад, даЧы… )

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Сіз де мен сияқты жылтыраққа балық аулағанды сүйесіз бе әлде жазбаның мағынасын түсінбедіңіз бе?

      Ұнады

  2. Askabak says:

    міні тамақ: http://azh.kz/2010/03/02/gerold-belger-mne-lstit-kogda-menja.html

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Қармақ салдым, рахмет. Енді балық күтеміз.

      Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: