Бақытты адамдар экономикаға тиімсіз

бақыт

Әнеу күнгі тренингтерден соң, поштама үкіметтік емес әлеуметтік ұйымдардан осындай қызықты ақпараттар көп түсетін болды. “ХХ ғасыр парадоксы. Байыған сайын адамдар субьективті түрде бақытсыз болады. Бұл феномен бұрыннан бері ең мықты батыс социологтарының маза-құтын қашыруда. Және байқауымызша бекер емес. ” (с) — депті Дмитрий Соколов өзінің http://www.izvestia.ru сайтындағы “Счастливый человек — враг экономики” атты мақаласында.


“Әрине, өз кезегінде ғалымдар, тылсым құбылыстарға сенбейтін адамдар ретінде, “егер “ақша – кесір” болса, онда неге мұнайлы, бақуатты ислам елдері де бақытсыздық тауқыметін шекпейді?”, — деген тезис келтірді. Демек, мәселе басқада ғой. Әсіресе “бақытқа зар” АҚШ, Еуропа тіпті Мәскеу мен Петрбордың тұрғындары экономиканың өсуі сыйлаған зор мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланбаған болды ғой?”.

Әлгі Дмитрий Соколовтың қызық көрінген бір мысалының еркін аудармасын келтірейін:

“Ешкіммен шатағы жоқ бір отбасы ата-анасынан қалған екі бөлмелі пәтерде тұрды. Ақщасы тек ең қажеттіге жетті. Балалары әке-шешесінің азыққа әзер тауып (бірақ жеткізіп!) отырғанын көріп, аса құтырмайды. Қарапайы демалысты әдеттегідей театрға, музейге, немесе қала түбіндегі әдемі табиғатқа шығу арқылы өткізді. Кітап оқыды, үйге қонақ келсе гитарамен (домбырамен) ән салып, социологтардың: “Бақыттысыз ба?” деген сауалына, иықтарын көтеріп: “Шүкір әйтеуір, бақытты сияқтымыз” – деп жүрді.

Сөйтіп, бір күні олардың асықтары алшысынан түсіп. Папасы көп ақша таба бастайды. Экономикаға нақты бір секторда мамандар қажет болып, папаны тауып алады. Басында бәрі қуанып кетеді. Үйде жеңіл-желпі ремонт жасап, мамаға шуба алып, папаға жақсы қалтафон алып, балаларға “Sony PS”, Ақтөске әдемі жасанды сүйек, ал бәріне дәу “плазма” телик алады. Кредит алып, корейдің мықты “арбасын” сатып алады. Папа көшеде кептелісте тұрып қап, кеш келетінді шығарады. Мама “шубамды қайда кием?” тоңқылдауды шығарды. Балалар ала таңнан кешке дейін атыспақ ойнап, сабақтағы үлгерімі нашарлап кетеді, өмірінде тұңғыш рет ата-анасы мектепке дереу шақырылады.

Әйелінің ызыңы папасын оны да жұмысқа тұрғызуға мәжбүрлейді. Балаларда компьютер пайда болған соң олар блог бастап, компьютерден шықпай қоятын болады. Зайыбының өз автосы бар, ол да кептеліске тұрып қалуды шығарды. Үйде ешкім бір-бірімен сөйлесуге шамасы жоқ, екі бөлмеде жолбарыстай жортып жүргендері. Жоқ, бұлай өмір сүруге болмайды. Папамыз кеңірек пәтер алуға бел буады. Үй іздеп жүріп әркіммен жаға жыртысып, шаршап-шалдығып, шаруасы шайқалған отбасы “уф” дегенде тағы бір кредитке отырып, құрылысшылар өз ісін қашан тындырады екен деп сарғайып отыр. Құрылысшылар мұрнының боғын созы-е-е-еп жүргенде, Дәруішөлгеннен қарызға ақша сұрап туысқандар келеді. Нақұрыстың есалаң баласын түрмеден алып қалуға қаржы керек-міш. Ақшаның бәрі құмға сигендей боп кредитке кетіп жатыр десең, сенбейді атаңа нәлеттер. Амал жоқ наққа жіберуге тура келеді. Папаның түсіне түнімен Мастұр Бабасы кіріп “Араздаспаңдар, ептібаймайт! Бір-біріңмен тату болыңдар!!” – деп ажал аузында жатып айтқан сөздерін еститін болады. Күндіз күлкі, түнде ұйқы қашады.
Өлдім дегенде, бір жарым жылға кешігіп, құрылысшылар жаңа пәтердің кілтін тапсырып, капремонттың “рахатына” әбден батырады. Жау-жұмыс жағадан, мақау дизайнер жеңнен, оңбаған гастарбайтерлер етектен алып, бір жағынан құрылыс нарығымен басы қатып жүріп, адал жарының неге үнемі түнделетіп келетінін, неге балалардың көзінің асты қарайып тұратынын сұрауға мұршасы келмеген папа керемет жайсаң кірпіш үйге ремонт жасай бастайды. Уақыт өткен сайын: “Бұл “хан шатырын” не істемекпін? Кім тұрады бұның ішінде? Менің отбасым ба? Қайсысы? Мынаусы ма?” -деген сұрақтар туындайды.

Сөйтіп, бір сиқырдың күшімен. отбасы төрт көзі түгел жиналғанда, үйге бірек қоңырау шалады. Папа жарты минут тұтқаны құлағына жақын ұстайды да, “жоқ” деп орнына қоя салады. “Социологтар ғой, – дейді ол әйелінің қойған сұрағына. “Өзіңізді бақыттымын деп есептейсіз бе?”—дейді, мал әкестер. — А-а-а, – деп басын изеп барлығы бөлмелеріне тарады. Ешкім қарсы емес.

Ақша сөзсіз мүмкіндіктер аясын кеңейтеді, бірақ бұл әлі бақыт емес. бұл сынақ. “Өз мүмкіндіктерін меңгере алмады” – деген диагнозды көптеген ірі байып жатқан қала тұрғындары мойындауда.
Экономикаға бақытты адам тиімсіз. Ол адамдарды “ең -ең” деген нәрсені қалауға мәжбүрлейді. “Ең жақсысын таңда “. “Азға қанағат қылма”. “Сен бұған лайықсың”. Бақытты адамға көп қажет емес, және экономикалық тұрғыдақисынсыз дүниелерді түсіне алатын қабілеті бар. Барлық ақшаны табу мүмкін емес. Ең жақсы—жақсының жауы. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын… Бір сәтке бүкіл жер жүзі сағыз шайнауды доғарса, өмір бойы бір қалтафонмен пайдалануды ұйғарса, мықты джинсыларын “модадан шықты” деп далаға тастамаса, жалпы құдайдың бір құтты күні байлықтың әлеуметтік құндылықтармен: отбасындағы бауырмалдылық, рулық байланыстар, діни ауызбіршілік, мәдени етенелік, ұлтаралық бірлікпен салыстырғанда түкке тұрғысыздығын түсінсе, (социологтардың пікірінше, адамды бақытты қылып, өмірін тыныштық пен тепе-теңдікке, мән-мағынаға толтырады)
Бүкіл экономика құлдырар еді. Бақытты адам экономиканың жауы.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

4 Responses to Бақытты адамдар экономикаға тиімсіз

  1. Bakytnur says:

    “Ақша сөзсіз мүмкіндіктер аясын кеңейтеді, бірақ бұл әлі бақыт емес. бұл сынақ.” osy sozdi okyp otyryp,
    bakytty akshadan emes, imannan tabasyz dep bitiredi eken desem…

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Иман деген сөзді тек ислами тұрғыда түсіну керек пе? Шындап көз салсаңыз сол иман туралы айтып жатыр ғой. Тек ислами тұрғыда емес, жалпыға ортақ адами тұрғыда.

      Ұнады

  2. Ақзере says:

    Біздің экономикамыз неге әлі бірқалыпта деген ой келед…)

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Бір қалыпта емес

      Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: