Қозы мен Баянның хикаясы (жалғасы): Қодар мен Горлум

(Жалғасы. Басы алдыңғы жазбада)
Қодар мен Горлум-1
Қасында тұрып-ақ ҚозыКөрпеш мұжықтардың Баянға ашкөздене қарап тұрғанын байқады. Барлығы оның әрі кеткенін күтіп тұрғандай, барлығы ішінен қап “мына жігіттің бетін қайтарса екен” деп ойлап тұрғандай болды.
Қозы оны сезіп тұрса да,  үнемі Баянның қасынан қалмай, артынан ерген аш күшіктей жүгіргісі келмеді. Баян дәретханаға кіргенде, сыртында күтіп тұрмай, Қозы тоқтамастан жолдастарына кете барды. “Әрі” кететін кез келді.
Достарына оралған Қозы, барлығын би алаңына шығарып, өзі назарын уақытша басқа қыздарға бұрды. Бұл Баян сұлудың өсіп бара жатқан маңызын бәсеңсіту үшін жасалған қадам еді.
Бір қараса, Баян да басқа бір жігітпен билеп тұр екен. Қодардың өзі болса керек. Баян, шіркін, майысып мың бұралғанда, әлгі жігіттің басы айналып, Баянды умаждаудың ретін таппай әлек… Баян барға барса,  Қодар соңынан барады, Баян биге шықса, Қодар артынша шығады. Қысқасы, бүгін Қодар Баянды әйтіп-бүйтіп амал қалдырмай сындыратын сияқты…Әрине, жолы болса.
Қозының  біраз айналшықтап тұрды да, “кіш” етуге шығып кетті. Ол тышақта дұрыс ойлар келетініне шынымен сенуші еді.
Әжетхана кіре бергенде, Қозының ішінде “ұят” дауысы оянды, шын мәнінде ол ұят дауысы емес, тартыншақтық пен өжеттіліктің дауысы болатын. Және оған Қозы баяғыда-ақ Горлумдар деген ат қойған… Әпсетте екі дауыс арасында шайқас басталды да кетті!
Горлум-1:

— Тасташы атасына нәлет, басқа бос қыз құрып қап па?
Горлум -2:
— Стоп! Оның басы бос қой. Сен өзің бәсекеге шабың шыдамай тұр. Не өстіп беріле саласың ба?
Горлум-1:
— Жоқ- ей. Артынан жүгіргім келмейд. Ол еркектердің шексіз  назарынан мұрнын шүйіріп, шелек болады. Бұл жерде оны барлығы қалап тұр ғой.

Горлум-2:
— Сыныққа сылтау іздемеші? Ол саған ұнайды ғой! Оңай жолын іздеп тұрсың ба? Артынан жүгіру міндет емес, жай қасына барып, әңгіме айт. Аралас. Әрі қарай бір шешімін табарсың…»
Горлум-1:
— Қойшы-ей, сен қазір барып анау Қодармен қосақтассаң, оның танауы делдиіп, маңызы өсіп, сенің бағаң төмендеп кетеді… Тартыншақтық емес, жай ғана объектіні ауыстырасың, әлде бүгін бармағыңды сорып қалғың келе ме?».
Горлум-2 :
— Ой, “Тормоз”!, сен “тормозға” еріп, кім болса сонымен кеш өткізем бе!!! Жарты сағат бұрын : “Енді ешқайда кетпейді” -деп өзіңе сенімді едің ғой??
Екінші дауыс Қозы Көрпеш “түтігін” сілкіп жатқанда күркіреп қоя берді.  Осы ойлардың барлығы Қозының басында жарық жылдамдығымен зулап жатты. “Алтын судың” соңғы тамшысы писуарға түскенде, Қозы бірінші горлумды ақыры тұншықтырып, өлтірген-сымақ болды…Неге “-сымақ” дегенімді кейін түсінесіңдер. Әзірше, Қозы тартынбауға бел буды да есікті ашып, үстелге қарай батыл беттеді.

(Жалғасы бар)

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

4 Responses to Қозы мен Баянның хикаясы (жалғасы): Қодар мен Горлум

  1. patick says:

    менің блогыма сілтемені дұрыстап салмайсың ба ептібаймат

    Ұнады

  2. Madlen says:

    blogyn tusiniksiz bop ketipti

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Толығырақ?

      Ұнады

      • Madlen says:

        uzak gruzit’sya etilmei turganda jazyp ulgerippin, endi bari jaksy

        Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: