АВАТАР: альтернатив сценарий немесе Нааху тілінің жанашырлары

Pics.kz

Амдора елінің Нааху тайпасы жайлы біразымыз естісек те, олардың тіл мәселесінен хабарымыз аз екен. Жуырда Құлақжеген ауданынан  шыққан Тайсон атты  тақыр кедей журнализге  “SOR-OSY Бұтақтан” Қоғамдық Қоры Амдораға  барып келуге 400 тугрик бөліп, байғұстың Сатурнын терісінен тудырады.

Нахаляву барып қайтуға келіскен Тайсонның сөзіне сенсек, Нааху тайпасының тілінің байлығының сыры мынада екен:

Ежелден киелі саналатын Херамун жазықтығында өсіп жатқан ниибаца үлкен Эйбля ағашының тіндерінде пәлен ғасырлық филологиялық херағат сақталған. Кез келген Нааху жігіті Эйбля ағашының бұтағына отырса, Цзахуйлунг орнатылып (бізше байланыс) бүкіл тіл туралы  шексіз мәліметке қол жеткізеді екен. Бірақ тіпті сол бұтаққа отыруға ерінетін Игуанадондар да бар екен.

Мәселен,  Нааху тілінде:  Рахмет! -деген ұзақ, әрі құлаққа ебедейсіз естілетін сөзді қысқаша ғана:

— Кугу-льврот-зағалупат-бай-майобуй-Рдкан-Дондогийн Ұулоғқұуйъъсцынцкыцкыфшщжуоай!- деп айтады екен. Негізі бұл аударманың жартысы ғана. Қалған жартысы 921 дыбыстан құралған екен. Айтпақшы, ия, Нааху тайпасы сонымен қатар, қазақтың бір сөзін жарты сөзбен аударатынын айтып та мақтанады екен.

Нааху тайпасының өз тіліне деген құрметінің шексіздігі соншалық, оларда “принтерді” – “принтер” деп айтқандардың сақалын сүлгімен қырқып, белсебетке теріс мінгізіп жазалайды екен.  Сондықтан, “принтер” сөзінің дұрыс баламасы шыққанша ешкім принтер пайдаланбапты. Бүкіл экономика саласы тілге қарап, тұтастай құлдырамай тұрғанда бір амалын табу керек болды.

Әлгі Эйбля ағашына раком да, боком да отырып әкесінің аузы ұрылғанша Цзахуйлунг орнатса да, сәйкес баламасын таба алмапты.

Намысын жауға бермеген Нааху тайпасы принтерді “принтер” деп атауды өздерінің мақтаулы тілінің сорлылығын мойындау деп түсінді.

Ақыры бүкіл Амдора халқының көтке ұстар залымдары, тойыс ғалымдары жиналып, шетелдің мағынасыз сөзінің орнына ақылға қонымды балама тапқанын айтып, әділеттіліктің салтанат құрғанын шаттана хабарлайды.  Бұдан бұлай, әрбір Амдоралық Нааху “принтерді” — “Дрдапангуғоәдевцуожнақөңдебрцыцыцы” — деп қысқа  қайыра салатын болады.

Біраз уақыт өтеді, ештеңе өзгермейді. Заңды түрде қабылданғанымен, барлық мекемелерге принтерлер орнатылғанымен, жұмыс қиындамаса, оңай болмайды.

Бұл жаңа сөз біраз Амдоралықтардың арасында өзара боқжағыс пен сідік шашысқа түрткі болады. Кейбіреулері, “дайын сөзді неге пайдаланбайсыздар!” – деп айқайлаумен шектелсе. Кейбіреулер өздерінің сұмдық жанашыр екенін, тіл мәселесі әңгіме болғанда қарап қалмайтындығын, және соның жолында жанпидалығын елге паш етіп, тіл мәртебесі үшін көтінің жүнін жұлуға дайын екендігін көрсетпек болады.  Ақыры ғалымдар, бір-бірінің жамбасын сипап : — “Сен сияқты жанашырлар барда Нааху тілі өлмейді”  – деп бір бірін жұбатып, респект айтысып, көңілдерін басып тарқайды.   Бірақ жаңа сөздерге қарамастан, ешкім принтерді де, телебезерді де пайдалана алмайды.

Керісінше, Амдораның басқа тайпасы Пооху “принтерді” де, “туалет”-ті де, телебизорды де өз ыңғайына Прцы-цы, Ту-цыкан, Теуейя деп аудармай ақ дыбысталуын сәл өзгертеді де игілігіне пайдаланып жүреді.

Осы жайдан кейін іші күйіген Нааху тілінің аса жанашыр ғалымдары тағы бірігіп, Поохуларға өзінің аудармаларын ұсынбақ болады. Поохулардан “Кецнак” – деген шала Нааху тіліндегі сөзді естіген Наахуліктер басымен жар соғып, Поохуларды Амдорадан жер аудартуға, немесе барлығын шетінен сүндетке отырғызуға ұсыныс жасайды.

“Наахулардың радикалды ұсыныстарына ашуланған сондай Игуанадон Поохулар Эйбля ағашының мүлде керек еместігін айтып, түбірімен шауып тастауды ұсынды.”

— деп түйеді қаранәсілді антисемит журнализіміз.

Тайсыннның соңғы дерегі бойынша, боқжағыс әлі де тыйылмапты.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

4 Responses to АВАТАР: альтернатив сценарий немесе Нааху тілінің жанашырлары

  1. EREK says:

    массаган!! бул не деген …жагыс. ужас кой

    Ұнады

  2. Қуған екен тақырыптар мақаласы бойынша алдыңғы қатарлы үздік блогшылар қатарынан шаңғытып алдыңғы қатарда табылуыңызбен деп шын ниетпен құттықтағанда, алатын әсеріңіз шын мәнінде алатын ләззатыңыздан неғұрлым төмендігі, сіздің тарапыңыздағы оқырман қауымның азайып кетуімен салыстырғанда туғызатын үрей екеуі пара пар!

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Жоғары сапалы сандырақ бәйгесін жеңіп алдыңыз Ардақты Ардақ!=)

      Ұнады

  3. Abilakim says:

    Біраз ойдың басын қылтитыпсың, замандас!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: