Қозы мен Баянның хикаясы (римейк)

1. Танысу сәтті-ау, бірақта…

Қозы қасына досын ертіп,  “сыралатып қайту” деген бейкүнә мақсатпен бір кафеге қарай ат басын бұрады…

Мінекей, олар ажары айдай сұлу қыздардың қасындағы үстелге де жайғасты. Отырды. Тойхананың ішіндегі қыздарды әпсәтте “сканерден” өткізіп, Қозы қарсы алдында отырған сұлуды нысанаға алып, жақындады. Қолында жол жөнекей салфеткадан жасалған гүл.

Жақынырақ жақындап, әлгі гүлді созып,  екі езуі құлағына жеткенше күледі. Қыз да емеурінін қолдағандай жымиып “сыйлықты” алады.

«Мен –Қозы Көрпешпін» – жан жағына қараса, бірнеше жұп көздер таңырқай қарап тұр екен. Құрбылары.

— Ал мен Баян Сұлумын» …

— Керемет…білесің бе сенің энергетикаң сондай  мықты, мен тіпті қасыңда тұрып сенің жағымды қуатыңды сезіп тұрмын, көңілім күйім  көтерілді,

—Бақсысың ба не? Энергетикаң мықты деп нені айтпақсың?

— Сенің ішіңдегі қайнап жатқан отты сезу үшін бақсы болып қажеті жоқ.  Сыртыңнан қараса ұялшақ ұяң қыздайсың, бірақ ішіңде сыртқа жұлқынып тұрған қуат бар сияқты” – қыз мүлде ұялшақ қызға ұқсамайтын, бірақ Қозы Баянның қытығына тигісі келді.

— Танысқаныма қуаныштымын, құрбыларыңызға мені таныстырасыз ба?» — деп құрбыларына қарай бұрылды. Қыздар әлденені қызу  талқылап жатты. — Жарайды, мен мұнда отырмын» —деп өзі отырған үстелді меңзеді.

“Жақсы!” – Баян жымиды.

2. Өтпей қалды

Өз үстеліне кеткен Қозы, құрбыларының да Баянның да тарапынан қызығушылық белгілерін байқайды.

Достары екінші бокалдан сыра сіміріп жатыр екен.  Қозы тілек айтып болып, Баянды биге шақырды.

Қозы бидің шебері болмаса да, RNB  әуеніне секеңдегенді жаны сүйетін. Билеп тұрып, күлімдеп, Баяннан көзін бір алмады.

Белінен ұстап өзіне жақын тартып еді, Баян қолын тіреді. Дым болмағандай, әрі қарай билей берді. Баян Қозының билегенін салғысы келіп, қозғалыстарын қайталауға тырысып жатты. Ал Қозы болса жеңіл желпі шашын, иығын, мойынын сипап өміріне мәз.

Қозы сырадан көп ішпеп еді, шөп те шекпеген, бірақ әлгі би оған біртүрлі ежелгі адамдардың жыныстық қатынас алдындағы дәстүрлі ырым секілді көрінді. Қалпағы қайырылмай тұрып, таныстықтың келесі сатысына көшу керегін сезді.

Сүйтіп тұрғанда жарық сөніп қалды. Қараңғыны пайдаланып, Баянды өзіне тартып еді, Баян тағы да қасарысты.

— Қараңғыда бірдеңені бүлдірмей тұрып, жарыққа шығайық! – деп, Қозы қыз назарын басқаға аударды.

Далада “Қайда жұмыс істейсің?” , “қайда оқисың?”  деген сияқты жалпылама сұрақтардан соң, Қозы әмиянын шығарып жатып, байқамай бір қорап мүшеқабын да көрсетіп қалды.

— Солай де! Сен бұзылған жігіт екенсің ғой. Ондайларды жақсы көрмейтінімді біліп қой!

— Хех, неге бірден бұзылған жігіт дейсің?? Мен өзімнің денсаулығым мен бойжеткенімнің денсаулығына немқұрайды қарай алмаймын!

— Қара өзін қалай ақтауын!

— Шынымен де солай. Ал тағы бірдеңе деші!

—  Не дейін? Жарайды, мысалы неге сен…

Осы кезде Қозы кенет Баянды құшақтап ернінен сүйіп алмақ болады, бірақ Баян басын демде артқа тартып, Қозының ерні ауа қармап қалады.

Баян қарқылдап күліп жіберді.

— Мені алғашқы күні сүйісе салады дейсің бе? Ол менің ережеме сай емес…»

Әрине бұл оның ойынының бір бөлігі еді. Қозы бұл сөйлемді талай рет естіген. Бәлкім содан шығар, бұл сөйлем оған автобуста жолақы сұраған кондуктордың тірлігіндей болып көрінді… Тіпті керісінше, көзі күлімдеп тұрып, жағымды дауыспен айтылған қарсылық, бүгінгі кештің сәтті боларын білдіргендей.

Қозы реніштің көлеңкесін де көрсетпеді:

«Ереже дейсің бе? Ереже әлжуаздарға арналған! Жарайды, кеттік жолдастарымызға барайық .

(Жалғасы бар)

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

3 Responses to Қозы мен Баянның хикаясы (римейк)

  1. Askabak says:

    Дабай жалғасын!

    Ұнады

  2. Аршат says:

    жалғасы нестандартный сценариймен жалғасады деп сенгім келеді🙂

    Ұнады

  3. IndianaJons says:

    Баянның сыңғырлап күлетініне сенімім зор қ-қ-қ

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: