Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді, ал құмырсқа ше?

Құмырсқаның Temnothorax unifasciatus түрінің өкілдері науқастанғанда ұясын тастап, туысқандарынан шалғай жерге барып жападан жалғыз жан тапсырады екен.<

Осынау батырға бергісіз әрекетті олар қауіпті кесел бүкіл құмырсқа колониясына тарап, індетке айналмауы үшін жасайды екен.

«Карент Байолоджи» басылымында жарияланған бұл жайттың жаңалығы сол, бұндай қылық құмырсқаларда немесе қандай да бір қоғамдасқан жәндіктерде бұрын соңды байқалмаған екен.

Өлер алдында әулетін тастап, жер ауатын жәндіктер жайында қызықты баяндамалармен танысқан соң профессор Джорген Хайнз және оның шәкірті Бартоз Уолтер құмырсқаның бұл мінезін зерттеуге кірісті.

Бұндай қылық иттерде, мысықтарда, пілдерде тіпті адамдарда да кездесетіні тіркелген.

Алайда, бұл жайт өте сирек орын алатындықтан, оны әзірше нақтылап зерттеу мүмкіндігі болмай отыр.

Сонымен профессор Хайнз құмырсқалардың бұл феноменімен жақынырақ танысу үшін тәжірибе ұйымдастыруға бел буады. Илеуді белгісіз себептермен тастап кетіп қалатын құмырсқаларды да байқайды…

Зертханада Temnothorax unifasciatus құмырсқаларын Metarhizium anisopliae деп аталатын қатерлі де жұқпалы паразиттердің спораларына жібереді.

Қатерлі инфекциядан жан тәсілім болған «жұмысшылардың» көбісі бірнеше сағат немесе күні бұрын ұясын тастап кетіп, өзінің туыстарынан алысырақ аймаққа барып көз жұмған көрінеді.

«Біздің зерттеу жұмыстарымыз жұқпалы ауруға шалдыққан құмырсқалардың кем дегенде кейбір түрлері бүкіл әулетке індет қауіпін төнідіргеннен гөрі, илеуін тастап, жападан жалғыз өлгенді жөн көретінін көрсетті,” – дейді профессор БиБиСи-ге.

Зомбилер емес

Бір қызығы, зерттеушілер, науқас жәндіктің қаңғып кетуге залалды паразиттің өзі мәжбүрлеуі мүмкін деген болжамды да теріске шығарып отыр.

Көптеген паразиттер өзінің таралу аймағын кеңейту мақсатында құрбандарын белгілі бір әрекетке мәжбүрлейді.

Тұмау вирусы адамды жөтелтіп-түшкіртсе, құмырсқаларда кордисепс паразиті жұққанда науқас дереу зомбиге (мәңгүрт – ред.) айналып, өсімдік сабағына өрмелеп, сол жерде өледі.

Сонау биік жерден залалды паразит жәндіктің тән сорпасына әбден тойынып, денесінен өніп шыққан спораларын әрі қарай жел арқылы таратуына кең мүмкіндік алады.

Бірақ құмырсқаларды CO2 –мен (көмірқышқыл газы) арқылы залалсыздандырып, зерттеушілер жасанды түрде олардың өмірін қысқартады.

Сол кезде «ем-домнан» аман қалған, бірақ бәрібір уақытынан бұрын өлерін білген залалсыз құмырсқалар да артынан ажал қуып жеткенше илеуін тастап, үдере безеді. Яғни қатерлі паразиттің өзі жәндіктің қаңғып кетуіне себеп емес екендігіне көзіміз жетеді.

“Бұл қарапайым тәжірибе «ұядан безу» паразиттің манипуляциясынан емес, өлімнің жақындығын сезуден” дейді жәндіктер қауымдарының эволюциясын зерттеп жүрген Швейцариядағы Лусан Университетінің биологы Мишель Капусат.

“Тағы бір қызығы жұмысшылар ұясын өз еркімен тастап кетеді, яғни оларды басқа жұмысшылары сүйреп әкетпейді. ” – деп жазады ол тап сол басылымдағы мақаласында.

Өлімді жалғыз қарсы алуға бел буған құмырсқалар шынында да альтруисттік әрекет жасайды. Бұл өте маңызды, өйткені басқа ұйымдасқан жәндікте, атап айтқанда, араларда дәл осының керісіншесі анықталған.

Аралар шыбын құртын жұқтырғанда ұясынан салқын ауаға көшеді. Бірақ, бұлай еткенде, суық ауа құрттың зат алмасуын тежейді. Демек, залалды аралар, шын мәнінде, әулетінің өмірін сақтаудан гөрі өз өмірін ұзартуға тырысады.

Науқас өлермен құмырсқалардың бұл ерлігі әлеуметтік жәндіктердің экстраординарлы (ерекше – ред.) мінез құлқының тізімінде әзірге ең соңғы жаңалық болып табылады.

Жақын туыстарын қорғау үшін термиттер шайқас алаңында террорист камикадзелер іспетті жарылып кететіні тіркелген, аралар шағып алған соң өлетіні белгілі, ал құмырсқалардың тағы бір түр өкілдері илеуінің кіре берістерін өз денелерімен сыртынан қымтап, әулетін сыртқы қауіптен қорғауда жанпида болады екен.

Түпнұсқасы: http://www.bbc.co.uk/

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

4 Responses to Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді, ал құмырсқа ше?

  1. sameday1 says:

    mda…
    keremet
    jaratilisha kiziguiniz mahtarlih narse

    p.s entry tahiribi da tamasha(orishsha “intrigueshe” der edim))))

    Ұнады

  2. Ақзере says:

    Қызық екен, кейбір светский әңгімелерде бөлісе жатармыз осы жаңалықпен… :))) Рахмет!

    Ұнады

  3. Kumbat says:

    Өте қызық дерек. Ізденген адам өз қалауын табар.

    Ұнады

  4. Секісқұмар says:

    Қыздар, Нәшініл Гиаграпік, Дискабири, Екісплорер қарамайтындарың көрініп тұр, хрю хрю хрю… (күлген түрім ғой)

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: