Мағынасыз блог бола ма?

Баналды логика тұрғысынан қарағанда бірде бір блогтың мәтіні “мағынасыз” деп айта алмаймын,  әркім өзінің қандай да бір жазбасына белгілі бір мақсат қояды, мейлің ол “мен осындай ақылдымын” деп мақтану болсын, мейлің ол “мен осындай дөрекі әрі өжетпін” деген месседж болсын, әйтеуір бір мақсатпен жазады. Ешкімге қызық емес блог болмайды деп білемін. Тіпті мына блогтың да біреу үшін мәні бар:  http://www.govnoblog.ru/ Тіпті жалғыз блог жазушыға ғана түсінікті, өзіне ғана қызық жазба болса ол блогтың титімдей болсын құны бар.

Мәселе онда емес, мәселе тек сізді сол мағына қанағаттандыра ма қанағаттандырмай ма міне сонда. Сөздің шыны керек, үнемі терең мағына іздегіш адамдар қойдың құмалағынан да мағына табады. Және ол бейбақтарға  кінә тағудың өзі күпірлік.

Қазіргі заманның жаргондары бұл бөлек тақырып болатын әңгіме. Және кейбір  “авторитетті” адамдардың пікірлері дәл мен үшін аса “маңызды” деп айтқым келеді.  Ізденіс бәрімізге керек.  Сен ізден, мен бәрін білем деген кісілер өздерінің қандай шектеулі позицияда екенін ұға ма екен?

Себебі біз “инабатты-сымақ” блогтарға барып  “сендер неге бей-норматив лексика қолданбайсыз?” деп байбалам салып, ақыл үйретіп, “моральға” шақырмаймыз. Неге? Мүмкін біз әр адамның өз жеке блогында өз мақамының, өзінің уникалды әлемінің ережелерімен санасатындықтан болар?

Егер біреудің болмысына белгілі мөлшерде бейәдеп сөздер  жазу тән болса, неге ол адам өзін өз блогында тұсаулап, әлдебіреудің ойлап тапқан ережелерінің құрбаны болу керек?

Мозганы тоңқайтпай, ұнамаса блогымды айналып өтіңдер.

Айтпақшы, ұмытып кете жаздадым,  стиль еркіндігін сыйлай білейік!:)))

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

5 Responses to Мағынасыз блог бола ма?

  1. Kumbat says:

    Салем. “Жантану” мәселесіне қатысты толық ақпарат бергеніңізге рахмет. Бұл ақпараттар алдағы уақытта менің жұмысыма көп көмегі бар.
    “Мағынасыз блог бола ма?” әр адамның ойы әр қилы, сондықтан бірін мақтап, бірін жамандау дұрыс бола ма. Мүмкін кейбір өзгерістер, жан – жақтылық болса, бәрі де қалпына келер деп ойлаймын. Ұсыныс жасау әр адамның өз қолында.

    Ұнады

  2. Ақзере says:

    Кейбірлері өздері қыруар жұмыс атқарып жатқандай талап қоятындарын-ай )))

    Ұнады

  3. urimtal says:

    Жөн сөз!

    Ұнады

  4. sameday1 says:

    hm
    jahsi pikir
    birah arkimnin oz styli bar
    sondihtan jeke styledi siylay bileyik

    Ұнады

  5. Секісқұмар says:

    Бір кездері қазақ блогтарының ішінде Ішпысқан блог деген де блог болып еді.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: