“Жантану” ма әлде “психология” ма? Қайсысы дұрыс?

Бұл туралы әртүрлі пікірлер бар. Тіпті “жантану”  деген нұсқаны “Тәнтану” (Анатомия),  Жануартану (зоология), Қоғамтану (Социология), қылып қабылдап та қойған да болар.

Бірақ менің жеке пікірімше ғылыми атаулар мен терминдер бұрын-соңды тілімізге еніп кеткен күйінде қолданылуы керек, одан тіл шұбарланады дейтіндер, көңілдеріне тиісе де айтайын, тілдің даму заңдары жайлы түк те білмейді, және жалпы лингвистика жайлы хабары аз адамдар, деп ойлаймын.  Бұл бір.

Екіншіден,   “Жантану” сөзі құлақа жағады, мағынасы да түсінікті, бірақ  дегенмен “душеведение” немесе “духоведение” деген сөздердің мағынасы да орысқа түсінікті екен деп тырқырата аударғанын көрмедім.  Әрине оларда да Теловедение, Звероведение, Растениеведение деп аударғысы келген педераст, пардон, энтузиаст аударғыштар да бар. Аударғыштардың аудармашыдан айырмашылығы да сол, бет демей жүз демей сөзбе сөз, буын ба буын, әріп пе әріп сықпырта береді.

Психология – ғылымның интернационал атауы.  Егер сіз ғылым үшін жанпида нағыз ғалым болсаңыз “Психологияны” құп көретініңіз анық. Өйткені ғылым ұлт таңдамауы тиіс. Әйтпесе, тап сондай сәттілікпен  физиканы – денетану, химияны – заттану, медицинаны – емтану, Астрономияны  – Аспантану, валеологияны – денсаулық тану деп атай бермедік пе. Тағы айтам, жеке пікірім, ғылымның аты түпнұсқасында аталуы тиіс. Ғылым бүкіл адамзатқа қызмет ететіндіктен де әлемге ортақ терминдердің болғаны абзал. Оны әрбір ұлт өз ырқына қарай  жасанды сөзбен аударып, ғалымдар арасындағы түсініспеншілік апанын кеңейте түссе ғылымға қиянат жасау емей немене?

Әрине, қазақтар  ғылыми жаңалық ашса, оған қазақша атау қоюына болады. Бұл жағдайда, қоюына болады емес, қойғаны дұрыс дер едім.

Бірақ осыны ескеретін аударғыш болса кәнеки…

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

5 Responses to “Жантану” ма әлде “психология” ма? Қайсысы дұрыс?

  1. aral53 says:

    Дұрысы психология ғой.

    Ұнады

  2. aizhannur says:

    menimwe psihologia durys. sebebi audarma durys emes. psihologiya tek kana adam janyn emes, sanasyn da zertteidi. negizi audarmalarmen ote abai bolu kerek. bugin medicinalyk diagnozdyn kazakwasyn korgenimde tobe wawym tuk turdy. tura audarmasyn jasap, jazyp jiberipti. bir jagynan kulkili, ekinwi jagynan ayanywty….

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Ия, Айжаннұр менің де айтпағым сол, бірақ түпнұсқасында қалдырам деп каментті латын қаріпімен теру де фанатизм емес пе?:))))))))

      Ұнады

      • aizhannur says:

        мені супер мега еріншек десең болады :)))))))))))
        қай қаріп тұрса, сонымен басып кете берем! :))))

        Ұнады

  3. Секісқұмар says:

    Әрине, психология деген дұрыс.

    Әйтпесе Сексологияны – Секістану деп жүрсек ұят қой.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: