Әлемді қазақша “сөйлетеміз” бе?

2ktv

Ахмет Байтұрсыновтар “бисмилласын” бастаған батыстың әдеби сығындысын аударушылардан халқымыз кенде емес. Сөйте тұра, ауыз толтырып, бүкіл әлем әдебиетінің флагманы есептелетін туындылардың тәржімаларын көптеп  таба алмаймыз. Орыс тілінің кеше шыққан шетел газетін бүгін аударып, бастыртып әкелетін аудармашылары мен баспасының қарқынымен салыстыруға келмейді!

Әдеби көрнекі аударма жасау әрі қиын, әрі бізде аса бағалана бермейтін іс. Тіпті кейбіреулер ағылшыннан аударса да, орысшадан аударуға жиренетін секілді. Дегенмен, түпнұсқадан оқитындар орысша, ағылшынша, жапонша оқып алып жүре берсе, қазақ тілін ғана білетіндер шетел классикасына қолы жете бермейді, барына базар, жоққа сот та жоқ. Сондықтан, көпшілік “оқы, оқы және оқы…оқымасаң маған “поқы” деген ұстанымда. Сұранып, тіленіп тұрған осынау сала  ерікті тәржімашыларға толығымен тәуелді күй кешуде.
Әрбір әдеби аудармашы үлкен ізденіс үстінде болады. Тарихи сөздерді қазбалайды, диалекттерден дұрыс нұсқа іздейді, ауыз әдебиетін қарастырады, тіпті өзі құрастыра да салады кейде.

Сондықтан тілдің баюына, шетелдіктермен тәжірибе және стиль алмасуда аудармалардың қызметі зор. Аудармалар, сөлемдік құрылым, мақам, лексика жағынан тілді байытатынына, сөз жоқ, өз басым, кәміл сенемін!

Қазіргі заманда баспалар басып үлгере алмай жатқан “бестселлер” новеллалары түгіл, майталман классиктердің өзін толық қазақша аударып үлгермегеніміз бізге сын. Егер энтузиаст аудармашылар осы бағытта құлшына кіріссе, шетел классиктерін өз тілінде оқып өскен ұрпақтың әдеби тілі де, өз тіліне ынта жігері де арта түседі. Оның үстіне орыс тілін үйренбестен, бүкіл әлем кемеңгерлерінің әдеби шығармашылығы мен мәдени мұрағатынан қазақша сусындаған болашақ қазақ баласын көзіме елестеткенде жүрегім елжірейді!!!

Мәселен, менен ағылшын тілін “тартып алса”, мен аса қаймықпаймын. Әрине, Голивуд киноларын түпнұсқадан көріп, Шекспирдің авторлық нұсқасын оқи алатыным қуантады, дегенмен ағылшын тілін білмегеннің өзінде, мен тез арада ол фильмнің, не болмаса кітаптың орысша аудармасымен қауышамын.
Егер ағылшын тіліне қоса, орыс тілін де “тартып алса”. Мен, сөздің шыны керек, бес мүшемнің бірінен айрылығандай күй кешемін.

Ғылыми-публицистикадан мақұрым болып, қызықты мақаланы жылына бір рет оқитын боламын. Кинофильмдердің премьераларын ұқпай, олардың “Қазақстанда” немесе “Еларнада” асығыс аударылып, үш-төрт жылдан соң бір сомдаушының даусымен күңкілдеген төмен сапалы аудармасының пайда болғанын күтуші едім.
“Орыс тілі құрысын, қазақ тілі жасасын!” -деп айту оңай. Ал бірақ функционалдық жағынан, ақпараттық жағынан қазақ тілін дәл бүгін орыс тілін ешбір мәдени тоқыраусыз, білімге еш зиянсыз “топ” еткізіп толық ауыстыра салатындай құдіреті болу үшін, барлық салаларда аудармашылардың титандық маңдай тері керек.
Сондықтан, біздерде қос тілділер мен үштұғырлыларда ақпараттық еркіндік болғанымен, туған тіліміздің алдындағы жауапкершілік те екі есе үлкен! Себебі, шет елде аудармамен тек тілмаштар мен тәржімашылар айналысса, Қазақстанның уникалды медиаторлары болып табылатын”қостілді қазақтардың кез-келгені аз-кем тәжірибесіне сүйеніп аударма ісімен айналыса алады. Әлем әдебиетін аудару тұрмақ, оқып тауысуға бір адамның ғұмыры жетпейді. Орыстардың пәлен ғасырлық тәржімалық тәжірибесі мен тарихы бар. Дегенмен әр қайсымыз бір мақала, бір ертегі болса да үлес қоссақ ” еңбегім көрінбейді” демей, тіліміздің аса алмайтын белестері азаяр ма еді!

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

19 Responses to Әлемді қазақша “сөйлетеміз” бе?

  1. sameday1 says:

    kozgagan maselenizben kelisem
    kazah tilinin kudireti sonda oris tilindegi bir soilemdi arturli tasilmen birneshe ret jazip shiguga bolad
    birah kisha da nusha tusinikti etip audara bilu arine audarmashi talanti
    kos tildilikti jahtaym
    birah basimdilih ana tilinde bolui kerek

    Ұнады

  2. nurzhol says:

    Мектепте орыс әдебиеті пәнінің орнына Әлем әдебиетін кіргізсе, қазақ тілінде әрине. Әлемнің мықты жазушыларының ой тебірентер шығармаларын оқыған оқушы, кейіннен басқа да әлем дарындыларының шығармаларымен сусындауға асығып тұратынына мен сенемін.

    Жалпы, мамандығым әдебиеттанушы болмаса да, әдеби шығармаларды оқұи бергім келеді, оқи бергім келеді. Мамандық – бағдарламашы болғандықтан, компьютер әлеміндегі қазақ тілінің алар рөліне ықпал жасау – басты арманым.

    Ұнады

  3. patick says:

    сонымен не айқтқың келді?

    Ұнады

  4. makym says:

    Толықтай қолдаймын. Тіпті, ой тастағым келіп отыр: Арнайы бір ресурс ашалық. Соның ішіне, әлем әдебиеті туындыларының қазақшасын орналастырып отырайық сосын. Мен, тұрақты авторы болуға дайынмын. Басқалар да табылатын шығар. Бұл ойың үшін РЕСПЕКТ саған!

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Рахмет, Нұрберген, бірақ бұл ойдың авторы мен емес. Брэйнсторминг жасап пікірталастарда туған қорытындылар.Тек жеткізушімін. Авторлардың (тойыс аудармашылардың) қатары толарына сенімдімін. Оның үстіне белгілі бір кітаптар мен “жабық” тақырыптарға шектеу қойылмай әркім өзінің сүйікті саласындағы тақырыпта аударса игі болар еді.

      Ұнады

  5. aral53 says:

    Құптарлық ой екен. Қазақ тілінің мәртебесін өсірудің бұл да бір жолы. Ертең “ғайыптан пайда болған” қазақ тіліне көшетін болсақ, мұндай проблеманың алдымыздан шығары хақ.

    Ұнады

  6. Akzere says:

    Орыстар ағылшындардың бір сөзіне он синониміміз бар деп мақтанады екен. )))

    Ұнады

    • Джакомо says:

      “Номад”, “резон”, “презент”, “отксерить” тб тссс европалық тілдерден келген сөздерімен мақтанса, білмедім.:))

      Ұнады

    • makym says:

      Солайы солай-ау, негізі. Бізде бір басылым үш тілде шығады, яғни, үш тілде үш бөлек. Сонда, қазақшасындағы мәтіндер үлкен де, суреттері уақ. Орысшасында қазақшасына қарағанда мәтіндер қысқа да, суреттер көлемді. Ал, ағылшынша нұсқасы әбден тартымды: мәтіндер қып-қысқа, суреттер көлемді.
      Бұдан “Война и мир” романын қазақшаға аударудың қажеті жоқ деген қорытындыға келуге бола ма, Ақзере?

      Ұнады

      • Ақзере says:

        Артық ештеме жоқ, бәрі керек, Нұреке )))

        Ұнады

  7. Kumbat says:

    Өздеріңіз қазақ тілін дамытамыз деп күш салып жатырсыздар, шынымен де қазақ тіліндегі сөздік қорларыңыз мол болса, неге мәтіндеріңіз соншалықты қысқа да, мағынасыз. Егер қатты кетсем, айыпқа бұйырмаңыз. Негізінен сіздердің ұсыныстарын дұрыс деп ойлайсыздар ма? Қазіргі заманның жаргондарын көп пайдаланасыздар. Тілді дамыту үшін, әдебиетті тану үшін оны оқып қана қою ол аздық етеді. Сондықтан сіздерге әлі ізденіс қажет. Сау болыңыздар.

    Ұнады

  8. Kumbat says:

    Өз ана тілінді біліп қана қоймай, басқа тілдерді де меңгере отырып, жаңа заманның, технологияның талабына сай өз тілінді де меңгертсеңіз жаман болмас еді. Қазақ мектебінде де орыс тілінде сөйлейтін оқушылар мен ұстаздар жетерлік. Оған ешкім де ескерту жасамайды, өйткені, оған өзіміз және қоғам әсер етті. Әлемді қазақша сөйлету оңай болмас. Ісіңізге сәттілік тілеймін.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Қымбат артық тіл білгенге ескерту жасау тек кертартпа ақымақтың басына ғана келетін шығар. Немесе санасын оппозиция жақсылап сабынадп тұрып жуып шайған солақай идеологияның құрбандары.

      Ұнады

  9. Kumbat says:

    Керісінше, мен қазақ тілін жетік білмеймін. Бірақ, достармымыздың мағынасыз ойларын оқыған кезде көптеген ойға түсесін. Мен де солардың қатарындамын ба, деген. Мен идеология адамына жатпаймын, негізінен реалист болғанды ұнатамын. Сізге шындықты айту жақпаса, өзіңіз біліңіз. Негізі сіздің намысыңызға тиген шығармын. Ол да жаман емес. Бізге құрбан болу әлі де ерте. Ал ақымақтық кез келген адамға тән нәрсе. Адамның бойында жақсы мен жаман қасиет қатар жүреді. жауабынызға рахмет.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Жоқ мен намыстанбаймын, өз тілін де, өзге тілді де жеткере алмайтындар намыстанбай жүргенде, мен неге жүйкем жұқару керек? Пікір таласа ма деп едім, тез-ақ беріле қалдыңыз.

      Ұнады

  10. antijrca says:

    Қаракөздерім, әлемді былай қойғанда өз қазағымыз қазақ тілін меңгере алмай ұятты жағдайға түсіп жүрміз ғой. Мықты-мықты деген ағаларымыздың ұрпақтары “ұлы тілде” ойлайды және сөйлейді. Бүгінде қазақ балалары үшін қаһармандар Супермэн, Бэтмэн, Гарри Поттер, т.с.с. Түнде түсінде Полат Алемдарды көреді. Аударма жағы әйтеуір. Көшедегі, теледидардағы сақау жарнамалар, т.б. көңіліне кірбің түсіреді. ЖОО қазақша ғылыми сауатты әдебиеттер жоқтың қасы. Кеңсе іс қағаздары жайлы айтпасам да түсінікті, қарапайым жазбаларда екі әріптің бірінен сүрініп жығылуға болады. ТІл – стратегиялық маңызы бар ұғым. Оны қажетті мәртебесіне қондыру үшін әуелгі ниет және қаражат пен билік керек. Бұл ауызбен шеше салатын мәселе емес.

    Ұнады

  11. Kumbat says:

    Қазақ тілі дүниежүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдің бірі. Бір кездерде Ұлы Абайдың өзі айтқандай “Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас”, өз ана тіліне таңырқап, тағзым еткен. Мен де өз ана тілімді құрметтеймін, оған өз үлесімді де қосқым келеді. Бірақ әр нәрсенің орны, шегі болу керек.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Үлес қосудың шегіне жету үшін әлі талай жылдар еңбек қажет. Сондықтан шектен тыс аударып қоямын деп уайымдамаңыз.

      Ұнады

  12. Kumbat says:

    Шынымен, сөз тапқанға қолқа жоқ.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: