Ғашықтар күні несімен қызық?

Маған салса, ол әулие Валентин емес, әнбие Нәжмәддиннің күні болса да мейлі! Бастысы, ол сүйгеніңе сый сыяпат жасауға, махаббатыңды жаңғыртуға себеп болатын 14-Ақпан күні.

Валентин күні әдетте ғаламторда нешетүрлі ойыншықтар суреті, жүректер, аққулар, аюлар, гүлдер тағы басқа қырт пен шырттың суреттері «көшір-қыстыр-жібер» үрдісімен ел  арасында құс тұмауша тарайды. Поштаңа бір сурет пен тақпақтың үш нұсқасы жиырма адамнан бес реттен келетінімен есте қалады/қалмайды. Осылайша құттықтаушылар қаншалықты сені «елден ерек» жақсы көретіндігін «елден ерек» әдіспен сегіз жүз бірінші рет дәлелдеп жатад.

Валентин попсаланып (бопсаланып деп жүрмеңдер) кеткен соң қайбір жылдардан бері біз де тойлаймыз. Кейінгі жылдары, тарихты  қазбалап, қайдағы бір көкем естімеген көрмеген күндерді тауып алып, «Ләйлі Мәжнүн» дей ма, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні» деп жасанды түрде мерекені шабынан тартып шегелеп қоймақшы.Мен үшін, онсыз да тойланып жатқан мерекені күштеп жаңғыртылған өтірік мерекемен алмастыру  қарақұлақ мақтаншақтың ескі жигулиіне мерседестің белгісін тағып, титаннан диск салып, терезесін қараңғылатқаны сияқты әрқашан да аңқаулау, әрі ерсі әрекет болып көрінетін.

Бұл күн несімен қызық дейсің ғой.
Бұл күн студенттерге соңғы ақшасының басына су құйып, сүйікті немесе «бермей» жүрген қызына қиналса да сыйлық алып жүретінімен қызық. Ол қыздың бәрібір бермей қоятын кездерімен қызық…
Кейбір данышпандарға (әсіресе Валентин күнін ерекше жек көрушілерге) өздерінің ешкімге керек емес, бір де бір қыз/жігіт іздеп, қоңырау шалмайтын бейбақ екендіктерін сездіретінімен қызық…Сосын сондайлардың, «Валентин бізге кім?» деген сияқты ерекше «жаңашыл» «актуалды» «терең ойлы» мақала жаудыруымен қызық.

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

9 thoughts on “Ғашықтар күні несімен қызық?

  1. hehe! kyzyk. men de toilamaimyn, toilagandarga birak karsy emespin. magan bir kunge bola syilyk jasaganyn kalamimyn, magan ozime bola syilyk jasasyn 🙂

    negizi, radikal bolu kerek emes, baribir bireudin basyna akyl bolyp kiyla almaisyn. toilaimyn degen toilaidy, toilagysy kelmegender (kandai sebep bolmasayn) toilamaidy 🙂

    Ұнады

Пікір қалдыру