Үлгердім-үлгермедім

Алматыға үш күндік сапарымда біраз нәрсе жоспарлап едім. Ең маңыздысы әрине “денсаулық және құқық ” тақырыбында тренингтен өтіп, білім-шекарасын кеңейткендігім.

1. Жиырма шақты әртүрлі салада жұмыс жасайтын азаматтармен таныс болдым.

2. Денсаулық сақтау саласында құқық қорғау жайында білімімді кеңейттім.

3. Мемлекеттік билік өкілдерімен кездесуде қалай сөйлесу, қалай тыңдау,  неге көңіл бөлу жайында өрісім кеңейді.

4. Каблукова көшесіндегі ересек психохрониктерге арналған интернатта болдым. Әлі әсерден арылмадым.

5. Рөлдік ойындарда:

  • жас маман (тәжірибесіз, науқасқа жаны ашитын, бірақ бастықтан қорқатын) дәрігер-интерн,
  • әлеуметтік қорғау және еңбек бөлімінің бастығы (дымбілмес мақтаншақ спорстмен),
  • мәслихат депутаты (сайлау қамын ғана ойлайтын, қит етсе  бюджеттің шектеулілігін тілге тиек ететін, уәдешіл заржақ демагог) сияқты рөлдерде болып көрдім.

6) Сексуалды азшылықтың көкейіндегі мәселелерін, гейлер мен лесбиандарды, сонымен қатар трансгендерлердің (бір жынысты таңдаған гермофродиттер) наласы мен көзқарастарын білдім.

7)ВИЧ- туралы бәрін білем деп ойлаушы едім, ол жайында да біраз нәрсе білмейді екенмін. Болашақта сол біліммен бөлісуге мүмкіндік болады деп ойлаймын.

8) Діттегенімдей СПУТНИК-ке а барып АВАТАР-дың үшкөлемді версиясын көрдім.

9) Достарымның өміріндегі игі өзгерістеріне куә болып, бір қуандым.

10) Қызылордаға ауысу мақсатында, Туран университетінен  дипломымды алдым.

11) Қайын жұртпен танысуға:)

ҮЛГЕРМЕДІМ:

1) Алматы блогерлерімен тағы бір жүздесуге

2) Өзіме керек-жарақ әлденелерді сатып алуға.

3) Досымның туған күніне қатысуға.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

2 Responses to Үлгердім-үлгермедім

  1. urimtal says:

    Ең бастысы қайын жұртыңмен танысқан екенсің🙂 Кездесе алмағанымызға айыптымын. Келесі жолы сәті түсер деген үміттемін!

    Ұнады

  2. Akzere says:

    Жай жүрмей алматылық қызды шыр айналдырып алыпсың ғой… :))

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: