Кундалик дафтари

Бала кезімде сыр берген екен. Графоманияның  бұл түрінің симптомдары. Мендегі. Мысалы, қазір 1997 жылдан бастап, студент кезге дейінгі күнделігім бар.  Тартпаның ішінде. Өрт болса да сақталып қалатын темір папкада да бар. Жатақханада тұрғандағы күнделігім де осында.

18 жасар бозбаланың жазғаны 27-жастағы тап өзін ұялтатын кезі де болады екен-ау. Басқа біреу жазғандай. Танымаймын. Кім мынау? Мен бе?   Қайда сол ашықтық? Қайда сол батылдық? Шешімділік. Байқадыңыз ба? Адам есейген сайын жылы жерден шықпай, әр нәрсеге шағымданғыш болады екен. Пицца баяғыдай емес, кафелерге мамбеттер жайлап кеткен, кинолардың мәні сұйылып кеткен. Қой, мүмкін емес. Бәлкім, мен өзім шығар, сұйылып кеткен?

Сол ашықтық пен пәк көңілділіктен құтылуға асығып едім кезінде. Енді қол жеткізер емес.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

5 Responses to Кундалик дафтари

  1. aral53 says:

    Адамның өзін-өзі қамшылаған, жаңа бірдемені аңсаған және өткенге жаңа көзқараспен қараған сәттері қандай жақсы. Өкінішке орай, көбіміздің өзгергіміз келмейді. Алайда айналамыздағы әлем, табиғат ұдайы өзгерісте ғой.

    Ұнады

  2. altygradus says:

    аккуратный адам шығарсың
    мен ешқашан жазып көрмеген екенмін. Күнделік жазатын адамдар маған істеріне тиянықты адамдар сияқты көрінеді.
    менде күнделік жазуға will жетпейд, бір екі рет бастағаным бар сол бетінде қалды

    Ұнады

  3. urimtal says:

    Жетінші сыныптан бері жазғандарым бар… Университет бітірген соң, блогқа көштік қой. Десе де сол күделікке қайта көшпек ойым бар. Ерекшелік, “күнделікті ешкім оқымайды. Бір күні оқып қояр” деп толтыратынмын. Ал блогты “Қанша жұрт оқиды осыны?” деген оймен толтырамын. Соңғысының жауапкершілігі оқырман алдында. Біріншісінікі өз алдыңда.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Бұл сөзің де маған ой салды

      Ұнады

  4. antijrca says:

    Бала кезімізде бәрі қолымыздан келетіндей өжет, арманшыл, аңғал болдық қой. Ананы бүйтем, мынаны сүйтем деп, болашаққа жоспар құрып, алып ұшып жүрген шағымыздың қалай өтіп кетіп, біздің арманымызбен сәйкеспейтін суық, қатыгез ересек өмірге еніп кеткенімізді байқамай қалдық қой. Ақ дегеніміздің қара, қара дегеніміздің ақ, жақынның жат, жаттың жақын, жылтырағанның бәрі алтын еместігін ұққанда, жүрек сыздап, құса болған сәттер өтіп жатыр бастан. Өмір бір орнында тұрмайды, өлтірмейтін заттың бәрі шынықтырады деген ұстаныммен әрмен қарай кеттім өз басым.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: