Қырсықтық заңы

1483359_208226042700216_491690538_nБіздің кейбір күтпеген жайсыздыққа ұшыраған кезімізде, кінә тағатын адам таппасақ, “қап, қырсық болғанда” , “ай қырсық ай!” деп өзімізден өзіміз налып отыратынымыз бар емес пе?
Тап сол эмоциялық тебіреніс кезінде орыстар “Тьфу, ты “закон подлости”, ” Вот как назло!” деп ашынады екен.
Ал американдықтар бұл қырсықтық заңын “Peter principal” деп атайды.
Сонымен қатар, “Мерфи заңдары” деген атпен әлемге біршама белгілі бірнеше тұжырым бар. Содан “НП” газетінде жарық көрген Мерфидің 15 заңын назарларыңа ұсынамын :

1. Егер қандай бір жағымсыз оқиға түбі болуға тиіс болса, онда ол міндетті түрде болады


2. Көп нәрсені білетін адамды қызметінен босатуды мәдениетті түрде ұйымдастыру керек.

3. Әңгіме неден басталса да, түбі ақшаға келіп тіреледі.

4. Біреуге қате болып жабысқан нәрсе, екінші біреуге даңғыл жол болып ашады

5.Ғылымның қайбір саласында елеулі өзгеріс енгізіп, сол салада ұзақ еңбек еткен адам сол саланың дамуына өзі қосқан үлесі көлемінде бөгет болады.

6.Түп-түзу сызық болмайды.

7. Егер ісің алға баспаса, онда келешекте ол іс одан сайын кері кетеді.

8. Неғұрлым төмен отырған адам, соғұрлым таяқты көбірек жейді.

9. Барлық ықтималдылық 50 пайызға тең. Әсіресе әйелдермен қатынаста. 90 пайыз жағдайда ер адамның пайдасына шешілмейді.

10. Нұсқаулық неғұрлым оңай болған сайын, онымен әрекет ету қиын болады.

11. Керек құжаттарды орнына уақытылы қоймасаң, ол дорбаңда жинала береді.

12. Асүйдегі керемет құрылғының әйтеуір бір тетігі дұрыс істемейтін боп шығады.

13. Менің дүниеге көзқарасым жайдары. Адамзат имандылық заңдылықтарын бағындырды, олай болса неге физика заңдарын бағындырмасқа?!

14. Шешім қабылдай алмаушылық сылбырлықтың белгісі.

15. Түсінбестік шекарасы ғаламның шекарасындай болып барады.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

3 Responses to Қырсықтық заңы

  1. urimtal says:

    “Мұсылман адам өткен іске өкінбеу керек” деген бір ғана қағиданы берік ұстанса болғаны.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Не болғаны? Кімге болғаны? Сол қағиданы қалдырып, бүкіл кітапты өртеп жер дегіңіз келіп тұрған жоқ па?

      Ұнады

  2. satibaldi says:

    Автобус аялдамадан дәл сен келгенде жүріп бара жатады.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: