Ал егер қоймаса ше? (с)

Нұрғиса сәлем!

Ақзере,  Асхат, салем   құрметті эксперимент пен эстафета сүйер оқырмандарым, жақсы өте жағдайым. Неге? Жәй. Сынақ ғой. Ненің? Стилдердің. Талғампаздық. Айнаның алдындағы он сегіз жасар тәлпіш қыздар сияқты. Перфекционист дедің бе? Дәл өзі.

Қашай берем, сипай берем, сырлай берем. Шықпайынша көңілімнен. Комплекс. Бұл да бір құдай атқан. Толымсыздық кешенінің  бір түрі де шығар.  “Жүрген жеріңде үздік болмасаң, онда лохсың” қағидасы.  Өте бір жауыз қағида.

***

Өз салмағыңнан ауыр штанга көтере алмайсың ба?  – Өлімтіксің. Әзіл түсінбейсің ба?-  Мұңайған сорлысың. Бишкектің “Армани” көйлегін киесің бе? – Понтарез мамбетсің! Сенің төсің кішкентай, ал сен тым ресми жазасың, сен кәрі қызсың, сен аңқаусың, сен көп боқтайсың, ең әдемі боқтайтын мен ғана, сен қыздардың психологиясын білмейсің, демек әлжуаз сорлысың, бұл әрине маған сені боқтан алып, боққа салуға құқық береді, сосын саған түкке тұрғысыз ақыл айтуға да. Міндетті  түрде.

Ал сен. Менің боқтағаныма көнігіп, маған рахмет айтуың керек. Сорлы-ау сенің қамыңды ойлап жатырмын ғой. Жарқыраған алтын сауытты, алтын дулығалы, алтын адам. Бұл мен. Шаң жуымайды өзіме. Өйткені мен өзімді дамытуда небір белестерге жеттім. Ал сенің қолыңнан не келеді?

Өзімді қапылтып, жағдаймыды өрге жетелеуде табысқа кенелгенім соншалық, мен Құдай ұмытқан ауылдың  құдай ұмытқан көшесінде, жылы суға бет жуу үшін, суық жерде отын жаруға тура келетін жерде тұрамын. 

Сөйте тұра, сенің сұр ақірет өміріңмен салыстырғанда, менің өмірімнің қызыққа толылығы соншалық, мен күнімнің жартысын компьютер алдынан артымды бір сәт көтермей мониторға телмірумен өтеді. Менің өмірім қандай әдемі, мал қора, отын қора, кішкентай таралымды газет пен блогымның  елу шақты оқушысы.  Әкесінің аузы сығылып қалған экстримға толы түрлі түсті палитра! Өмірім  кемпірқосақ емей немене?

***

Бірақ бұл менің кейбір өзімнен еш жері кем емес адамдарды кемсітіп, мұқатуға, ренжітуге еш кедергі емес көрінед. Шынында да, кейбір адамға біртүрлі мұқату дарынын берген Құдай тағала. Мұқату, кемсіту арқылы өз мәртебесін көрсетіп қалу мүмкіндігі жылт етсе, ондайлар өз “талантын” паш ету мүмкіндігін жібермейді.  Ашуланбай тұра тұрыңыз, мен өзім жайлы айтып жатырмын.

***

Жалпы Жәкем қуғынбай болса да, бір ақиқатын дәл айтыпты: “алдымен өзіңді тап сол күйіңде қабылдауың керек” екен.   Ал негізі Жәкем бешбармаққа варенье қосып жегенді жақсы көреді.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

15 Responses to Ал егер қоймаса ше? (с)

  1. zhanbolat says:

    суретте Қожа мониторға қарап отырғанға ұқсайды

    Ұнады

  2. urimtal says:

    Білмеймін. Мен сені осы түсініксіз қалпыңда қабылдағанмын. Сені түсінуге тырысқаннан гөрі, маған сені осы қалпыңда қабылдай салған оңай сияқты көрінді🙂 Сәлеміңре рахмет!

    Ұнады

  3. Әликім салам, Асқар бауырым.

    Бір терең салиқалы ой, пәлсәпалы дүние жазуға құлшынғаның білінеді. Алдына өзің сияқты мақсат қойып, қауышушылар ұнайды. Уайымдама, сен өз ортасын тапқан, таланты тиісінше бағаланатын болатын талапты інішектердің бірісің ғой. Мысалы, оны өзің де сезесің қатты. Жақсы ысылып, шыңдалып келе жатқаныңа куәміз. Қарымыңнан тайма. Бариньяны абайлау керек, дегенмен…

    Ұнады

    • Нұреке, жасың да басың да менен егделеу, байсалды ел ағасы екеніңізді әрбір үшінші кәментіңізде ымдап-жымдауға құлшынысыңыз білінеді. Алдына өзіңіз сияқты мақсат қойып қауышушылар ұнайды:) Өзіңіздей ағам бар да мені уайым алмайды. Тек әншейін сүрінген мұрынбоқ баланың қыңқылы ғой біздікі. Тұрамыз да, мұрнымыздың боғын сүртіп қайта ойнап кетеміз. Мысалы, оны өзіңіз де сезген шығарсыз. Аялы алақаныңызға салып, менің тұлға ретінде қалыптасуыма қосқан елеулі үлесіңізге күәміз. Қарымымызға қуат бердіңіз. Баринья тәтті дегенмен.

      Ұнады

      • 🙂 🙂 Айттым ғой, әлі баласың деп… Нишауа, уақыт өте бәрі оңалатынына сенгім келеді. Қит етсе бұртия кету де азаяды, басқасы да. Ал сен азамат боп өс. Өсіп те жатсың. Шапалақ ұрып жатырмыз ғой енді тәнті боп. Өрлей түс, ізетті інім!!!

        Ұнады

        • Gastarbaiter says:

          Тап сіз үшін мен бала да емеспін аға да емеспін, әзірше мен тек әншейін қарамен аққа терілген текстпін. Мәселе тек сіздің өз қабылдау фильтрлеріңіз бен субьективті дүниеңіздің қалай қабылдауында ғана:) Бұртиған түгім жоқ, маған сізбен болған диалогтар керісінше жақсы көңіл күйі сыйлайды. Лулздардың қайнар бұлағы сіздей ақ болсын.

          Ұнады

          • 🙂 🙂 Иә, иә, лулз! Ол не дегенді білдіреді айтпақшы? Білмеймін, сені тәп-тәуір, былай, түйсігі піскен, қалыптасқан інішектің бірі деймін, жақсы, ұрымтал жазады деймін. Сонда да меңгералмаушылығың бәсеңдемейді. Буын қатайғанда мүмкін рахмет дейтін шығарсың. Кәміл емеспін, дегенмен. Бариньяның дәнегі бары жақсы.

            Ұнады

        • Gastarbaiter says:

          Тоқсандағы бұты солған шалдың позициясынан жазу жас жігітке абырой әпермейді. Өзіңіздің бір екі жыл үлкендігіңізбен бравировать еткенше, қисынсыздық тауып нақтылап айтсаңыз, меңгереалмаушылығыма әжептәуір көмек болар еді.

          Ұнады

  4. Аршат says:

    меңгералмадым

    Ұнады

  5. Гаста терең жазады ғой. Асқар болмасаң, Гастаның жазғанын меңгеру кейде қиынына қиын, Аршат. Мүмкін қазір бір қатты ізденіс, қарбалас ішінде шығар, қатты кедергі тигізіп қоймайық…. 🙄

    Ұнады

  6. Gastarbaiter says:

    Нұрғиса бұл сұрақты жабайық. Жан жағын білмей, сенімді тұжырым жасаушылар үнемі күлкіге қалып жатады менің тәжірибемде. Қазір де мінекей…:)))))

    Ұнады

  7. Аха. Тәжірибелі екенің мықты сезіледі. Сұмдықсың ғой!😉

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      аға деп сыйлап жүрміз өзіңізді Нұреке, сізің тап солай абйройлы майда әңгімеге ұсақталмайтын, бос шымшымаға елірмейтін күйіңізде қабылдағымыз келеді. Және солай болып қалса екен дейміз блогағасы..:))

      Ұнады

      • 🙂 🙂 кіхм кіхм деп… Не ғой, әйтеуір бір өтімді дүние жазғаныңды білем. Бірақ, шынын айтсам, түк түсіне алмағасын шымшып-тістесіп бір нәрсесін ұғып алсам ба дегенім ғой. Айыпқа бұйырма. Блогыңда епетейсіздеу пікір жазып қойған болсам ғафу етерсің. Арамыздағы өткір жазбагер реномең ластанбасын, Асқар.

        Ұнады

  8. Ainur1989 says:

    kazak tili ne degen korkem til! al ondai tildi koldanyp, sheber jaza bilgen de bir talanttyn talanty bolar!
    ote korkem, auyr ari adebi tilde jazylgan ( shynymdy aitain 3 ret okyp aren tusindim).. bolashakta tek biykterden korine beriniz!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: