Мұрын шұқу жайлы

Мұрын шұқу жаман әдет деп кім айтты?

Бүгін, бір кісімен амандаса қойып едім, біраз әңгіме айтып тұрып алды, күн болса суық, тыңдағым келмей тұр. “Е-е-е, дұрыс, ал сәлем айта барыңыз үйдегілерге! -деп қолымды созып  типі “кетнақ” дегендей  алтын сырға лақтырдым. Назару нөл. Қолымды ұстап алып, “аса маңызды” әңгімесін жалғастыруда. Инетте болса ғой, агентті жауып шығып кете саласың. Форумда басқа тақырыптар бар. Мынай ИРЛ-дағы флудерден қалай құтылам? Жиырма сегіз туып бір қалғаным емес, бірақ жақын адам.

Есінедім. Ұқпады. Сосын басымды изеп отырып, өзімді мазалаған ойға батып кетіппін, сөйтіп отырып мұрнымды шұқып тұрғанымды байқамай қалдым.

– Сосын анау маған қарамай ма… -деп жалғастыруда ауызша новелласын әлгі әңгімеші.   – Ия, солай шығар деп қойып саусағымды мұрнымнан шығарсам…

Уопшым,  не дейін енді, ішкі дүниемнің қаншалықты бай екенін көріп менің месседжімді түсінгендей болды ма, әйтеуір әлгі ағайдың аузына құм құйылды. Анекдоттағыдай.  Өзім де ыңғайсызданып қалдым, ұялғанымнан, әлгі “байлығымды” илеп тұрып шертіп жіберіп әдемілеп тонадайда жатқан  шалшыққа дәл түсірдім. Интелегентпіз ғой қайткенмен.  Ұяттан қиналған жан дүниемді, қажетсіз сұхбаткерден құтылған қуанышым жұбатты. Үні өшкірдің үні өшті ау әйтеуір. – Қой, жақсы інім, әкеңе сәлем айт! – деп әлгі өкіл-ағам шалшыққа қарап-қарап, мұрнын тартып жөніне кетті.

Интернетте мынандай да пікірлер бар екен:

Ал мәған ұнайде!

~ Хрущев мұрын шұқу жайлы
Мұрынбоқ шайнағанды қою керек!
~ Путин мұрын шұқудың пайдасы жайлы (с) Копипаста

Ал сіз, жалықтырған адамнан қалай құтыласыз?

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

2 Responses to Мұрын шұқу жайлы

  1. Erbol says:

    :)))))))))))))))

    Ұнады

  2. Аршат says:

    Мылжың қыздан құтыла алмасаң енегіңді қасып тұр деуші еді баяғыда марқұм Багратион Кербабаевич (тие берсін)

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: