14 қыздан қашық бол!

cулулар

Бақытты болу сенің де

Аялаған арманың,

Мәшине, зәулім үйің не?

Басқаша болса талғамың…

Бола бер мейлі қас батыр,

Жыға бер мейлің талайды,

Сені де бір күн әйелдің

«Кіршіксіз» қолы қармайды,

Тағдырлық іске шараң не,

Жетекке еріп кетесің,

Түсіңе кірмес әйелмен,

Өңіңде өмір сүресің…

Басыңа бақ боп қонатын

Жалғыз ғана қызың бар.

Маңдайдың соры болатын,

Он төрт басқа құрбың бар:

Неке қуған, өзімшіл,

Жауыз бен жалғыз басты ана,

Усиқы, сүлік, теңгешіл,

Еріккен, ергіш басқаға,

Жұмысбасты, тас кедей,

Тергеуші,  білгіш, һәм шешей!

***

1) Неке қуған әрине,

Мақсат қылар пещәтті

Ондайлар дайын бәріне,

Жібермеу үшін бұл сәтті!

Әйтеуір біреу түсер деп,

Торларын кеңге жаяды

Сүймесе кейін сүйер деп,

Сорлыны байлап алады..

«Ешкімнен кем жерім жоқ,

Менің де байым бар заңды»,

– деп айтса, бітті көңіл тоқ

Басқасы түртпес бұл жанды!

***

2) Өзімшіл өзін аялап,

Еркекті құл деп санайды,

Көпшілік жерді саялап,

Ел назарын қалайды

Ұйыққан иттей шұбырып,

Еркектер еріп соңынан,

Жүргенің үнсіз жын ұрып,

Боқ та келмей қолыңнан.

***

3)Жалғыз басты анаға

Жалақы жетпей тұрғаны,

Әке де керек балаға,

Амалсыз күтіп отқаны

***

4) Қайсар болса қатын жау,

Қалғандай өші еркекте,

Ұрыс керіс, бітпес дау

Ондайдан қашқан жөн ерте

***

5) Айтақтап жолдас-жораңа

Усиқың айдап салады,

Сен жоқта кейіп анаңа,

Сен барда «піш»боп қалады.

***

6) Сенімен бірге қарайтын,

Жек көрсе де футболды,

Қорқудан бір сәт талмайтын,

«Боп кетер байым» деп  «қолды»…

Біртүрлісі қатынның,

Үйленсең торға қамайтын,

Қызың бар «сүлік»аты оның,

Бір қадам сенен қалмайтын.

***

7) Әкесімен шамалас,

Болса да мейлі жас-түсің

Теңгешіл жасқа қарамас,

Қалталы болсаң бастысы.

***

8 ) Ешқашан үміт үзбейді,

Қиялына сенімді,

Еріккен қатын іздейді,

Кинодағыдай сезімді…

Сүйіп қалсаң, әрқашан,

Таңқалдыру әдетің,

Күнде әртүрлі сюприз,

Ойлап табу міндетің.

***

9) Жаман әдет, өткенің

Денсаулығың,  шеккенің,

Білімің, ішіп-жегенің

Қанша қыз тастап кеткенің,

Жалақың қанша, үй қайда?

Үйіңде кім-кім тұрады,

Жоспарың бар ма бұл айға,

Тергеуші сұрап тұрады.

***

10) Табыс қуып күн-түні,

Жұмысбасты жүреді,

Өсіп-өсіп бір күні,

Мықты екенін біледі…

Ондай қатын қасында,

Сорлы еркек болсаң жасыма,

Керек емес боп қалсаң,

Жүк болма оның басына.

***

11) Күлбикеш болған кезінде,

Ханшайым болу арманы

Қанша жақсы болса да,

Ол да ақшаның құрбаны…

Тас кедей қызға қор болар,

Адал еңбек үрейлі,

Азық бар жерің төр болар,

Әдемі болсын, жоқ мейлі.

***

12) Айырылмай біреудің шашбауынан

Тәуелді боп қалғандай қоштауынан,

Аулақ болған дұрыс-ау деп түйемін,

Өз басымен ойламайтын бостауынан,

***

13) Шешесіндей көрсететін қамқорлығын,

Әйелдер көп, ал тартатын сазайын кім?

Еркек байғұс бөпедей боп қалады,

Әйелі арқаласа қожайынын…

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

14 Responses to 14 қыздан қашық бол!

  1. Бәрінен қашық қып қысыр қалдыратын шығарсың. Қаламың ұштала берсін, Асқар! Жақсы ізденесің. Кесек-кесек дүниелерді тудыра бер!

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Аумин!

      Ұнады

  2. Мұңлық says:

    Құсың осы сипаттарға ілікпесін.

    Ұнады

    • Қызықсың says:

      Әлде үйленгенбісің?

      Ұнады

      • Gastarbaiter says:

        Сұрақ мақсаты?

        Ұнады

        • Қызықсың says:

          Қызықсың

          Ұнады

  3. Қызықсың says:

    Қызықсың)

    Ұнады

  4. Қалдықыз says:

    Енді асық болатын жайлы жазшы, мені де қосып қойшы арасына (періште мінезімді айтып отырмын).
    Супер жазып қояды екенсің

    Ұнады

  5. Amandyk says:

    Асеке енди не деймиз каламына куш бите берсин.12 болмаса да осылардын бреуине де зар болып журген адамдар копкой.Сондыктан мин сенен тандау екинши жактан болсын…

    Ұнады

  6. Serik says:

    Наша цель – секс и загс! (C) CW.

    Ұнады

  7. Salta says:

    Мен бул жакка абайсыдан тустим!!бірак коп нарсе уктым жигиттер сендер туралы!!!=))

    Ұнады

  8. Salta says:

    керемет стратег екенсиндер го!!өздерін!!!
    өзиме керегин уктым!!рахмет!!!

    Ұнады

  9. alaman11 says:

    бәрінен буның пәк,таза сулуды табыу қыиын ды,
    мінезіңіз үилескен біреүін алған тіиімді.
    кешірімшіл болсаң екеуің бір біріңе сыиымды,
    отбасыңда береке,гул қыласың үиіңді…..

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Керемет қорытындысына қосып қоятын екен

      Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: