Блоггер VS Журналист

Блог-Массмедиа

Менің жеке пікірімше, журналисттерді, дәрігер, полиция, қызметкерлерін, жалпы белгілі бір адамдар категориясын жеккөру ол әрине әркімнің өз жеке шешімі, оған талас жоқ. Ол жеке шешімнің қаншалықты объективті екені, және жеккөрушінің өз өміріне, және оның жақындарының, немесе басқалардың өміріне қаншалықты пайдалы екендігі – бұл әрине басқа шаруа.

Жә, мылжыңдап зеріктірмей, мен де осы тақырыпта жазарымды айтып, айтарымды жазайын. Блогерлер де, Журиктер де, басқалар да ең алдымен адамдар. Ал пенделер пендешілікке бейім. Қайсысы болса да. Біз қанша стереотиппен ойламай, нақпа -нақ (боқтағаным емес:) ойлауға үйренем деп тыраштанғанмен, стереотиптер өміріміздің ажырамас бөлігі болып қала береді. Онымен күрес те тоқтамайды.

Енді блогерлер жайлы басқа кісілердің назар бөлуге тұрарлық пікірін де байқап көрелік:

“Әйгілі блогер блогына байланып қалса, ол үнемі жүре пайда болған контент жетіспеушілік синдромына ұшырайды. Үнемі өзінің аш аудиториясын “тың”,  әрі “қызық бірдеңемен” азықтандырып отырмаса   көңілі көншімейді.  Жаңалық таспаларынан көшіріп алынған суреттер мен копипасттар енді жарамайды. Сондықтан олар қуана-қуана түрлі акцияларға, шақыруларға, “блогерлерге арналған”  кино-көрсетілімдерге және тағы басқа іс- шараларға барады. Ол жақтан блогерлер шырылдаған пікір жазушы балапандарына  жемтік алып келеді.  Жемтік қуып жүріп, тәуелсіз (әзірше өзін солай санайтын) блогер тез арада сол жемтік берушілердің қызметшісіне айналады.  Бұл жақсы да емес, жаман да емес.  Өмір солай. ~ Сorpuscula

Журналисттің, егер ол өз ісінің маманы болса, арсыз, әрі ұятсыз болуы шарт. Оның терген мәтіні әлдебір жобаның тұсау кесерінде қанша тамақ жегеніне байланысты емес. Вог журналының авторларының бірі ме деймін.  Өзіне жіберілген сыйлықтың барлығын қайтарып жіберетін. Алайда біздің баспасөздерде бұл мүмкін емес. Блогерлер де бұл қасиетпен мақтана алмайды… Адамдар солай.

Блогерді журналисттен айыратын не? Блогер ризашыл. Ол қарапайым адам, жұртпен жақсы қарым-қатынаста болғанды қалайды.   Ол Петросянды жек көреді, алайда Петросян онымен “адамша” сөйлессе, ол сасқалақтап, өзінің ойын тез арада өзгертеді. ~ Сorpuscula

Блогер мен журналистті салыстыруға болмайды. Себебі, блогердің ақырғы өнімі блогтағы жазба.  Ал журналист өзінен өзі тіршілік ете алмайды. Оның жұмыс алаңы болу керек. Мысалы, баспасөз.
Журналистттің кез келген пікірі болуы мүмкін,   бірақ оқырманға ол пікірдің жету-жетпеуін шешетін ол емес, редактор. Ал редактор әрқашан да оқырманның , жарнама бөлімінің, құрылтайшы акционерлердің тіпті бас партия саясатының қалауы мен талғамынан тәуелді болуы мүмкін.
Әрине, блогер кәдімгі адам ретінде кез келген назар нышанына шынайы қуанады, кино көруге немесе Мадагаскарға тегін барып қайтуға шақырса риза болады.  Бірақ дәстүрлі БАҚ-тардың жарнамалық саясатымен салыстырғанда блогердің бұнысынан оқырманға   қандай зиян?~ Valroz

Мінекей осындай пікірлер бар. Дұрысы мен бұрысын өзіңіз шамалаңыз.Таңда!

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

4 Responses to Блоггер VS Журналист

  1. Қызық екен, менің енеме де ұнады.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Точно6 спаммерге ұқсайсың. Бетбелгіге қосып қойдым дещищ))))))))))))))))

      Ұнады

  2. Akzere says:

    Гаста, не болды журналистерге өршігіп жүрсің? Біреу бірдеме деп қойды ма? ))

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Ақзере саған не болды, жазбаны оқымай пікір білдіретін боп кетіпсің…Біреу бірдеме деді ме?:))))

      Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: