Қазақтар балаларын қалай еркелетеді?

Өрімталдың өткен тақырыптың мына жерде жазған пікірінен кейін еркелету тек ер мен әйелдің арасында ғана емес, ата-ана мен баланың, жалпы үлкен -кіші арасында болатынын да ескеріп өткім келді. Сонымен, қазақтар балаларын қалай еркелетеді?
Барс баласы
Қазақтар сый-құрметті үлкендерге алғашқы буынға -еке, -аға, -ке, -а, сияқты жалғаулар қосу арқылы: Мәке, Сәке, Тәке, Бәке, Нұраға, Мұқа, Бауке – деп білдіретінін белгілі. Бірақ, кішілерге сүйіспеншілікті, жылылық пен мейірімді қалай жеткізген?

Осыған жауапты, аталарымыздың малшылық пен аңшылық кәсібінен іздеп, қазағымның қазіргі еркелету сөздеріне қатты әсер екетенін байқауға болады.
Ботам, ботақаным, қошақаным, құлыншағым, шөжем, тайлағым, көжегім, бөлтірігім және тағы басқа фауна өкілдері.

Сүйіктіңнің атына сонымен қатар: – жан, -тай, деген жалғауларды немесе -ым, -ім деген меншіктік жалғауларды қосу баяғыдан еркелету әсерін тудырады.

Мысалы:

-Майра -Майражан
– Зережан
-Сымбатжан
Егер онсызда жанға бітетін болса
– Гүлжан – Гүлжантай
-Айжан – Айжантай

Бірақ кейде бұлар есімдердің альтернативті нұсқалары ретінде пайдаланылады.
Бұл орайда, «- ш» деген де жалғау да бұрындары еркелету жалғауы болғанын айта кеткен әділ болар еді. Қазір өкінішке орай жиі қолданылмайды.

Мысалы: – Айна – Айнаш,

– Әсия – Әсияш
Әлия – Әлияш
Мәрия – Мәрияш
Гүлбахрам – Гүлбақыраш:))))
Қатира -Қатираш
Мағрипа -Мағрипаш

Қазір бұл есімдердің кәдімгі нұсқасына айналған.

Ал оған қоса меншіктік жалғаулар болса, енді бәріне жарасады:
– Зухра – Зухраш -Зухрашым
– Фарида -Фаридаш -фаридашым
– Зәбира – Зәбираш – Зәбирашым
-Айгүл – Айгүлжан – Айгүлім
-Несібелі – Несібелім
т.с.с

Тағы бір бонус : Ол «-Ақ» – деген префикс. Яғни есімнің алдына қойылатын жалғау.
Мысалдар:
– Асқар- Ақасқар (оқылуы: Ағасқар)
– Алтын – Ақ алтын (оқылуы: Ағалтын
-Марал – Ақ Марал (оқылуы: Ақмарал)
т.с.с. Бұл да еркелетумен қатар өзінің алдындағы жалғаулар сияқты жаңа есімдер (Ақсәуле, Ақтолқын, Ақтоты) тудыратын морфологиялық мәнге де ие.

Енді тағы бір моментке жарық түсіргім келеді. Қазіргі қазақ халқында «Сико», «Пако, Жако, Ләкөн, Әзикөн, «Мико», «Тико», «Хатико» – деген сияқты ерекелету есімдері де бар.

Бұлар – Ико – Ако – және – әкөн – икөн- жалғауларымен аяқталатын еркелету есімдерінің түпнұсқалығы әртүрлі болуы мүмкін, шарты тек алғашқы әріптерінің бірдейлігі.

Мәселен, Сико – Серік, Пако – Парасат, Жако -Жалғас, Ләкөн – Ләззат, Әзикөн – Әзімхан, Мико- Мейірбек, Тико- Тілеубек, Хатико – Хатимолда болуы әбден мүмкін:))

Бұлардың да жоғарғы жалғаулармен бірлесе қолдаған комбинациялары кездеседі.

Сикош, Паконтай, Жаконтай, Ақ -Ләкөш, Әзикөш, Микожан, т.с.

Көп. Бәрін тізу бір күндік жұмыс емес. Дегенмен білмеген адамға, бұл қосымша кеңдеу мағлұмат береді деп ойлаймын.

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

24 thoughts on “Қазақтар балаларын қалай еркелетеді?

  1. Кішкентай балдарды еркелеткенді өте қатты жақсы көрем. Еркелету лебі былай кетеді: мамасының әні, папасының жаны, әжесінің сәні, атасының мәні, тәтесінің дәні, көкесінің наны
    Кішкентайынан бала санасына туғандарына олардан асқан жан жоқ екенін білдіру мақсатында осылай еркелетем.
    Сосын көбіне қос сөз кетеді екен, мысалы Антошка-Картошка, Әселек-Кошелок, Ержан-Бағжан……

    Ұнады

  2. 🙂 Диссертациялық тезиске көз алартқаннан саумысың? Қаза түссең, тереңдеу сүңгір талабыңды шырамыттым. Келіншегіңнің оң әсері шығар да, кім білсін… Оны сен және сенің келіншегің білетін шығар, Ағасқаржантай :)))

    Ұнады

    1. 😀
      Ия, шизофрения мен әр нәрседен заңдылық іздеу ауруына шалдыққан Форбс НЭш сияқты мүмкін қартайғанда нобель сыйлығына да көз алартармыз, кім біліпті:)))
      Әзірге әріптестің қолдауына да қанағат:)

      Ұнады

  3. өк жалғауын да қосып қой. Әбөк, Әшөктер ренжіп қалар.

    қазақтан басқа баласын малға теңейтін халық бар ма екен? менің мысалы үйде ақ қошақан боқ қошақаным бар. кейде аппақ лақ, құлыншақ, ботақан да болып кейіптен кейіпке ене беретін құбыжығым бар, шын аты Әмин. Әминөк, Әми дейтін кездеріміз де болады.

    Ұнады

  4. Үйге түскен келіндер жаңа елі мен айналасындағылардың кей сыйлы, құрметтісін азан шақырып қойылған ныспымен атамай, арнаулы тағайындалған есіммен атайтынын да бәріміз білеміз. «Мырзаға» (мырза аға), «ақын бала», «бикеш», «золотой» 🙂 (ауылдағы бір жеңгем мектепті алтынға, университетін қызылға бітірген Алтынай әпкемді осылай атайтын), «ерке қыз», «ерке бала», т.с.с.

    Сосын, Айнұрларды «Айкөнтай», «Маржандарды» Маржана, Анарларды «Анара» деп атау үрдісі қалыптасып келеді, Асқара 🙂

    Ұнады

    1. «-a» – жұрнағын қосу үрдісі ережеден көрі, ережеден ауытқушылық деп айтар едім.
      Қанша бұл үрдіс қалыптасқанымен, қазақ морфологиясына емес, орыстың женский род -қа ( гендер категориясы қазақ тіліне тән емес) икемдеуге құштарлықтың нәтижесі. Яғни қазақша есімдердің русификациясы:)

      Ұнады

  5. Яғни, Анарычка, Маржанка, Аидка, Нұржамалычка дегеннің бәрі шегіркөзділердікіне еліктеушіліктен туындаған тренд дейсің ғой. Русификацияландырғандарына болайын…

    Ұнады

  6. «-ик» дегені бар ғой тағы, Нурик, Алик, Даник.

    Қазақ еркектер әйелдеріне айтпайтын еркелету сөздерді балаларынан аямайды десем, қателесем бе екен, ә? 🙂

    Ұнады

    1. Мен інімді солай еркелетем: балапаным, торапайым, жапалағым, алтыным деп. Қазір кәдімгідей ұялып қояды.. 😳
      Аң атымен немістер балаларын да, жұбайларын да атайды: mausi- тышқаным, hasi – қояным.. Сұрақ осыдан туған еді. Мен бір әріптеске, қазақтар іні-ағаларды, жалпы кейде бір-бірін «Бауырым» деп атайды десем, ужысс, жаман естіледі екен деп қояды. Мен айтам: тышқан, қоян дегеннен әлдеқайда жақсы деп 🙂

      Ұнады

    2. Қателеспейсің Амару Тупак бауырым.

      сосын қазақ балаларына өтірік ат, сөзбен де еркелете береді. мысалы менің баламның қосымша аттары:

      Қочалақ (басында жаман балам, кір-кір қожалақ балам дейтінмін, содан кейін араға Ч әрпі кіріп Қочалақ болып кетті)
      Апалақ, Сапалақ – жоғарыдағыға ұйқас ретінде кетті

      сосын Почалақ деген шықты, оны жұрт Почи, Почипон деп те өзгертіп алды

      аты Әмин бірақ та.

      Бір жиенімнің аты Арыстанбек, бірақ шешесі Шоқан деп еркелетеді. Яғни кличкасы шын атындағы әріптермен сәйкес келуі маңызды емес. Қазақ қалай атағысы атай береді.

      Ұнады

      1. Ондай да бар, иә. Ауылдағы бір старшактың шын аты Нұрболат екенін білгеніме көп болған жоқ. Бала кезімізден Өкіреш деп білетін едік.

        Інісін де Ако деуші еді бәрі. Шын аты – Ерболат. Арасынан ұқсастық тауып көр, ал 🙂

        Ұнады

  7. Жігіттерде де -а жұрнағымен аяқталатын аттар бар ғой айтпақшы. Қыздардың аттарынан айырмашылығы –соңғы әрпі айтылмайды. Аза, Мара, Ерла, Була дегендер 🙂 Бұны еркелетуге жатқызуға бола ма?

    Ұнады

  8. -қо, -чо (-шо) жұрнағымен аяқталатындар бар. Қанат аттыларды Қаңқо, Санат аттыларды Санчо, Амангелділерді Аманшо (Аманшок), Ерқанатты Ерғанчо деп атаушы едік.

    Ұнады

    1. Әй, тұқымың жайылғырлар ай.
      Олай, болса, менің Сатыбалдыны «Сотвальдо» деп атауым да еркелету шығар :)))Қой құрысын, есімдегі метаморфоздың барлығы еркелету емес…
      Еркелету – болған соң, аздап кішірейтіп, аялап айтылған есім болуы керек қой. Ал Мара, Була, Габа -дегендерде ешқандай аялауды сезіп тұрғам жоқ.
      Лақап аттар мен «погоняло по щегляни»-нің барлығын еркелету категориясына тыға берсек, ол не болды сонда?

      Ұнады

  9. -ай, әй дегендер де бар: Нүкәлай, Әкөнәй, Жәкөнай.. Ауылда бір баланың аты Болат, еркелетіп Әкүш дейді :)) -ке деген де бар: Жәнке, Әнке, Бөшке, -кен: Баукен, Тәкен т.б.

    Ұнады

Пікір қалдыру