Мұхаммед Алидің өмір заңы

13-630x315

Алла адамның арқасына көтере алмайтын ауыр жүк артпайды.

Менің ең қиын жекпе-жегім — Паркинсон аурумен болды. Жоқ, ол денеңе батып ауыртпайды. Оны тілмен жеткізу қиын.  Мені сынап жатқандай: намазын тияды ма екен? Дінін сақтай ала ма екен? -дегендей. Құдай ұлы адамдардың барлығын қиын сынаққа бұйырады.

Әйтеуір бір жерде күн шуағы түсіп тұрады ғой.

Олимпиада ойындарынан соң мен жылтыраған алтын медалімдіқанжығама байлап Луисвиллге қайта оралдым. «Тек ақтарға» арналған дәмханаға кірдім. Қырсықтым. Орындарына қояйын дедім.  Үстел басына отырып, бірдеңеге тапсырыс бермек болдым.  Олимпиада чемпионымын! Ойлап көрші – алтын медаль иесімін! Ал олар болса маған: «Негірлерге қызмет көрсетпейміз» дейд.  «Қам жемеңіз, мен қайыршы емеспін» дедім. Бірақ, бәрібір қуып шықты. Сол кезде мен  Огайо өзенінің жағасына бардым да алтын медалімді алып суға лақтырып жібердім…

Сенікі дұрыс болса, оны ешкім есіне сақтамайды. Ал қателессең , оны ешкім ұмытпайды.

Айтарға жақсы жауабың болмаса — үндемеген дұрыс.

Бес күндік дүние өтеді де шығады, дегенмен Құдайға арнап бір нәрсе істесеңіз, ол дүние ешқашан бітпейді.

Мейірімділік дейсіз бе? Ол менің анам.

Анаң дүниеден озғанда, ол шынымен де жаныңа батады. Бірақ адам үш күнде тозаққа да үйренеді екен. Бұл өмірдің заңы

Зұлымдықтың анықтамасы дейсіз бе? Өшпенділік деп ойлаймын.

Түсіңдегіні өңіңе айналдырудың ең мықты жолы — ояну.

Комедия — күлкілі көріне отырып, өзің іштей салмақты болып қалу… Әзіл —  менің шындық айту тәсілім. Әлемде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.

Әлемнің ауыр салмақтағы чемпионы да бір әйелді місе тұта алады.

Ескі дүниені қоқысқа тастаймын — аямаймын…

Басқаларға көмектескен сайын, біз өзімізге көмектесеміз.

Джордж (Форман. — Esquire) өз атағын қайтарып алғанда, бұл менің қытығыма қатты тиді. Мен де қайтып оралғым кеп кетті.  Бірақ таң атып, жүгіретін уақыт келгенде,  төсекке қайта жаттым да: «Бола берсін, бәрібір ең ұлысы менмін» дедім.

Кіммен кездескім келеді дейсіз бе? Мұхаммед (С.А.С) Пайғамбармен.

Біреудей болуды армандасаң, сондай боласың.

Баларыңа шүкіршілік ет, тіпті олардың қылықтары көңіліңнен шықпаса да.

Атлантада алауды жағатын кезде толқыдым.  Үкіметтің алдында сөз сөйлегенімде де толқыдым.

Данышпандық дегеніміз – данышпан болуға болмайтын кезіңді білу.

Бір түсінбейтінім – соғыс.

Үнемі өткен қателіктеріңе өкіне беру — ең үлкен қателік.

Жүз жасағым келеді.

Тілегім, барлық адамзат бірін бірі тап мені жақсы көргендей жақсы көрсе әлем ізгірек болар еді.

(c) ~ Esquire

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

One Response to Мұхаммед Алидің өмір заңы

  1. Anonymous says:

    Тамаша

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: