Кірпіштер 1.3 – Осыдан сені мұжық қылмасам!

Жалғасы. Басы мұнда.

достар

Жаңбыр тапсырмасын орындап болып ақыры тоқтап, бұлт арасынан бір минутқа жылт етіп күн сәулесі көрінді. Саябақта жан жоқ..
Лёха жаңбырдан ылғал тартқан жайдақ орындықтардың біріне отырды, өзінің түріне қарасаң, ондай ұсақ түйекке пысқырмайтын да секілді. Мен де именшектеп қасына жайғастым. Сыраны аштық, алайда оңбай қалғыр мына ауа-райының кесірінен сыра ішіп рахат таппадым…
– Ия, сыра қалай екен? – деді Лёха.
– Кәдімгі сыра, – дедім иығымды көтеріп, – салқындау екен.
– Түсінікті. Ал, айта бер! – деді біраз кідірістен соң Лёха.
– Не жайында?
– Қалай не жайында? Не кәсіп, не тіршілік қылып жатырсың? Жалпы не қылған адамсың өзі?
Бір жағынан ішімдегіні айтып салғым келді, бір жағынан аш қарынға ішілген сыра да қызыл тілдің жүгенін босатып жіберді ме, әйтеуір жиырма минуттан соң Леха мен туралы бәрін біліп алды. Қазбалап сұрай бермегенімен, ара-тұра сауал қойып, тереңойлы одағайларымен әңгімемді бағыттап отырды да, аяғына дейін тыңдап болып, қорытындысын жасады:
– Сонымен, Сергей Резвей, 27 жастасың, әйелің жоқ, әке-шешең алыста, қалыңдығың – ол да жоқ, жарнамашы болып жұмыс істейсің. Кәсібіңе ризасың, бірақ ұжымда беделің жоқ. Не үшін өмір сүріп жүрсің, сонда Сереке? Мақсат не?
– Мақсат? Өмір сүру.
– Өмір сүру үшін өмір сүру ме? Қатырмаш басты! Әлдебір армандарың, жоспарларың, мұратың бар шығар енді… Сенің мәселең мынада: сен жиі өзіңе зияны болса да бәріне жағуға тырысасың. Саған бақытты болу үшін бар болғаны бір нәрсе керек. Сенің барлық армандарыңның орындалуы әбден мүмкін, бәрі тек өзіңе тәуелді. Сөздің жақсы мағынасында өзімшіл бол. Бойыңда аздап әпербақандықтың да болғаны дұрыс. Тік бақай бол, ұр да жық болып көрінуге қорықпа, қазір тәрбиелі адам болу сән емес, – екі сөзіңнің бірінде, «рұқсат болса», «кешіріңіз» дегеніңді қой. Сөйлегенде қысқа да нұсқа, сұраушыда еш күмән қалмайтындай жауап беруге тырыс – егер «жоқ» дегің келсе, «Жоқ.Бітті.» деп кесіп айт. Тәрбиені ұмыт, бұл өмірде тәрбиелі адам тозады, өжет адам озады. Дөрекі бол, дөрекілік түсініспеншілікті қарапайым етеді. Ал енді есіңе сақта, – жоғарыда айтқанымның барлығын тек сені пайдаланып қалғысы келетіндерге пайдалан. Ол сенің әпкең бе, бастығың ба, әріптесің бе, көшедегі біреу ме бәрібір. Қарапайым ғана мысал: сен жұмысқа асығып бара жатырсың, сені көшеде біреу тоқтатып, темекі ме, оттық па бірдеңе сұрайды әйтеуір. Не істейсің?
– Әрине темекі берем, – дедім мен ойланбастан.
– Жұмыстан кешігіп қалсаң да ма?
– Жоға, оған бір минутым та кетпейді ғой.
– Ал басқа жаққа сілтеп жіберу немесе «жоқ» деу үшін бір секундың да шығын болмайды! Қайдан білесің, жұмысқа жеткенше дәл солай он адам сенен темекі сындырмақ болса, бәріне тоқтаймын деп жұмыстан қаласың ғой, бастығың да оныңды құптай қоймас. Бұл түріңмен кешіге-кешіге ертелі-кеш жұмысыңнан ия сыйақыңнан айрыласың ғой.
– Онсызда сыйақымды кесіп тастады…
– Әнеки, көрдің бе!? Ана ұзын сирақ Лида сайқал боқ бітірмей тайраңдап жүр, ал ақыры не болды? Менің тамырым Серега сыйақысыз қалды, салдақы Лидаш болса, тапқырлығын мақтан тұтып, оған көтін ашып күліп жүр…
– Ол сайқал емес, ол жақсы, – дедім міңгірлей.
– Өйдөйт деген ә, сол тәлпішке ойым кетіп жүр де! – Лёха таңқалғанын жасырмады. – Қызықсың, сен оны желкеңе мінгізіп қойсаң бітті, саған талтайып жата қалады деп ойлайсың ба?
– Енді, жатсын жатпасын, бірақ…
– Бері тыңда, Резвей, есі дұрыс ұрғашы өзіне сенімсіз сүмелекпен жатпақ түгіл ешқашан кездеспейді де. Оның үстіне, ол бетпақ тәлпішке сенімен кездесіп керегі не, онсызда Қожанасырдың көк есегіндей мініп жүр ғой сені?? – Лёха бір сәт ойланды да даустап жіберіп – Ей, мынауың нағыз шикі ет қой! Сен өзі артымнан неге ердің? Жұмысыңа қайтуға асығыс едің ғой?
– Қап, әттең…
– Былай ғой қысқасы! Сенен тәуір еркек шығармасам, атым өшсін! Мә, мынау менің ұялымның нөмірі – деді Лёха, визиткасын ұсынып. – Жұмысың біткен соң хабарлас –біраз сыра ішіп, әңгімемізді жалғастырайық. Ал қазір кеңсеңе бар да, тым болмаса қалған уақытты еркекше өткізуге тырыс!
Осындай сөздерімен Леха магазинге беттеді. Визиткасын олай да былай қарап көрдім – қою жасыл түсті қымбат қағаз үстіне ақ қаріппен «Леха» деп жазылған екен.

(жалғасы  бар)

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

4 Responses to Кірпіштер 1.3 – Осыдан сені мұжық қылмасам!

  1. Pingback: Лёхамен танысу. (Кірпіштер 1.2) « Көзімнің қарасы:)

  2. Аршат says:

    ең болмаса күніне бір рет жазшы. онсыз да аз аздан жазып жатырсың, оқып жатқандар бар шығар енді күнде жазып тұр.

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      тырысайын жиірек жазуға

      Ұнады

  3. Тупак Амару says:

    Гаста, “Кірпіштерді” бір жерге жинап қойсаң? Барлық бөлімдерін бір жерден тауып алып оқи беретін🙂

    Аудармаға әңгіме жоқ.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: