Өсек тумалардан басталад…

Алдыңғы жазбадағы айлық сұрау жайлы жазып отырып, төмендегі оқиға есіме түсіп кетті. Өсекшілік өзіміздің туған туысқан, тумалардан басталады.

Қайбір жылдары асығым алшысынан түсіп, әжептәуір айлық сыйақым қомақты шығып қарқ боп жүрдім. Бірақ ешкімге тіс жармадым, әке-шешемнен басқа. Сөйтсем, өзімнің әке-шешем бір туысқа айтқан, ол жүрген жерде бәріне мақтаныпты, біздің бала осындай деп.

Бір күні базарда бір ұсақ түйек іздеп жүріп саудаласып жатсам, бір таныс қатын «Е-е-е, сен пәленшенің баласы екі жүз мың айлық аласың ғой, неге саудаласып тұрсың?» – дейді. Қазақ қосып айтады, қосып айтпаса несін айтады дегендей, жыным келсе де, үлкен болған соң, ізеттік білдіріп, «жә-ә айта салған ғой біреу» – деп өте бердім. Арасына он минут түспей, соталы телефон алмақшы боп бір дүкенге келсем, бір қыз : «Ағай, вахтаға қашан?» -дейд. Әй, сен менің атымды қайдан білесің? Жұмысымды ше?- десем. «Ой, Ағай мен сіз туралы бәрін білем дейд» – ішімнен өһ шешессс, ауылда звезда боп кетіппін ғо деп қуана беріп едім, «Бірақ үш шүз мың табатын адамға тым қарапайым киінеді екенсіз» -дейд әлгі ұрғашы мал атаңана.
Ипааать, нақ деп басымды бір қасыдым. Одан құрысын, базары құрысын деп таксиге отырып таяйын деп жатсам, таксист кері бұрылып,»Айына төрт жүз мың табасың, бір айлығыңа мәшине ала салмайсың ба?» -дегенде ық-ық деп күлкіге тұншықтым да қалдым. Әжеңң, шопыр бала, көп бұтақты жеме, мә 200 теңге өз нәпақаңды сана да алға бас…

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

10 thoughts on “Өсек тумалардан басталад…

  1. Действительно звезда болыпсын. Төрт жүз мың жалақың болмаса да крутой екенсін. Келе жатып, дүкенге кіріп кетіп, ұялы телефон, ұсақ-түйек алып ауылда таксиге мініп, алға баса беретін. Ол қай ауыл? Мен де барып, жұмысқа кірейін.

    Ұнады

Leave a reply to Гульнур Жауап беруден бас тарту