“АВАТАР” фильмін талдау немесе Пандора – сұм сұлулық мекені!

“Д*хейлунг!” (с) “Аватар” (2009)


Рецензия жазайын дегем, бірақ бұл фильмге рецензия жазуды субьективті түрде күпірлік деп түйдім. Оның үстіне мәртебелі маэстро Камерон ауызбен айтып, қаламмен жазып жеткізер фильмдерді түсірмейтініне тағы да көзім жетті. Десем де, бір-екі ауыз айтып өтейін. beauty

Кейбіреулер 2012 фильмімен салыстырып жатыр бұл фильмді, бірақ екі түрлі жанрдағы шедеврларды салыстыруды далбаса тірлік деп таптым.

Фильмде биылғы “Суррогаттар” бөлек дененің санасына ену тұсы, мен Мэл Гибсонның Апокалипсисімен (табиғилық, атмосфераға бойлау тұсы) үндестік бар сияқты. Эстетикалық әсемдігі жағынан фильмді тағы да Питер Джексонның Кингонгімен және мұзбалақ режиссер Спилбергтің “Юра Дәурінің Саябағы” атты туындыларымен салыстыруға болады. Басты идеясы “СОЛО” (ереулшілерді басуға жіберілген әмбебап солдат сол ереулшілерге қолбасшы болған фильм ) киносындағыдай. Құтқарушы солдат рөлінде Том Круз жарқылдаған “Соңғы Самурай” фильмінде де сол идея.
Ол да жапондық сұмырайларға шапқын жасап кеткен ді, ақыры сол жерде қалып, мәдениетімен танысып, рухын бойына сіңіріп, өзінің әскери тактикалық, стратегиялық білімін өз әскеріне қарсы жұмсап, бағы аышлмаған алқаш сорлыдан қаһарманға айналып, жаны жай табады. Мұнда да басты кейіпкер Джейк мүгедек болып Пандораға келеді де, қолбасшы Олгрен (Соңғы сұмырай) идеясын жалғастырады. Бірақ бұл жай бейненің өзіне тән бірегейлігін және одан алған эстетикалық рахатыңызға еш кері әсерін тигізбейді.
Сосын біздің қазекемдердің мал сойғанда “сенің жазығың жоқ, менің азығым жоқ” деп айтатыны есіме түсті. Неге екенін өздерің көргенде байқарсыздар. Дегенмен, үндестік, жүндестік деген ойлар кино көріп отырғанда сізді мазаламауы керек.
Ия, өз көздеріңмен көріңдер, мүмкіндігінше кинотеатрда, немесе кең дисплеймен. Себебі кішкентай дисплеймен орташа сапада көргеннің өзінде Пандораның сұм сұлулығына таңқалмасқа шарам қалмады. Пандораның әлеміне бойлап қайтыңдар, еш артық ой, артық күдік сақтамай мега-аттракционның тұңғиығына барынша бойлап беймарал рахатқа бөленіңіз.
Өз басым кино біткесін жұмақтан қуылған Адам Ата сияқты сүмірейдім де қалдым. Пандорадан қайтқым келмейді! Сол үшін барымды салып 3D форматында қайта көруге тырысамын.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

One Response to “АВАТАР” фильмін талдау немесе Пандора – сұм сұлулық мекені!

  1. Symbat says:

    Мен бұл филмге туралы екенінен хабарсыз, бүгін спонтан бардым.
    Фильмнен АҚШтың тарихымен параллельдер тапқандай болдым. Әлгі көк адамдар кәдімгі индеец “бауырлар”, көбісі орманды мекендегендіктен ирокездер тайпасынан ба деп топшыладым.🙂 Фильм көңілден шықты!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: